Пифагор теоремасы

0
255

Тікбұрышты үшбұрыш дегеніміз бір бұрышы тік, яки 900 градусқа тең бұрышы бар үшбұрыш. Осындай үшбұрыштарға Пифагор теоремасы орынды.


Пифагор теоремасы


Схемада көрсетілген үшбұрыштың c қабырғасы, яки оның ең үлкен қабырғасы үшбұрыштың гипотенузасы деп аталады, ал қалған екі қабырғалары катеттер деп аталады. Гипотенуза тік бұрышқа қарама-қарсы орналасқан.


Пифагор теоремасының формуласы


Гипатенузаның квадраты катеттердің квадраттарының қосындысына тең:


c2 = a2 + b2


Мысалы, тікбұрышты үшбұрыштың бір катеті 3 метрге ал екінші катеті 4 метрге тең болса, гипатенузасы неге тең?


Пифагор теоремасы бойынша, c гипатенузаның квадраты:


c2 = 32 + 42


c2 = 9 + 16


c2 = 25


c = 5


Жауабы: гипатенузаның ұзындығы 5 метр.


Тікбұрышты үшбұрыштың гипатенузасы 13, ал бір катеті 5 тең болса, екінші катеттің ұзындығы неге тең?

Пән: Геометрия