Пифагор теоремасы
Тікбұрышты үшбұрыш дегеніміз бір бұрышы тік, яки 900 градусқа тең бұрышы бар үшбұрыш. Осындай үшбұрыштарға Пифагор теоремасы орынды.
Схемада көрсетілген үшбұрыштың c қабырғасы, яки оның ең үлкен қабырғасы үшбұрыштың гипотенузасы деп аталады, ал қалған екі қабырғалары катеттер деп аталады. Гипотенуза тік бұрышқа қарама-қарсы орналасқан.
Пифагор теоремасының формуласы
Гипатенузаның квадраты катеттердің квадраттарының қосындысына тең:
c2 = a2 + b2
Мысалы, тікбұрышты үшбұрыштың бір катеті 3 метрге ал екінші катеті 4 метрге тең болса, гипатенузасы неге тең?
Пифагор теоремасы бойынша, c гипатенузаның квадраты:
c2 = 32 + 42
c2 = 9 + 16
c2 = 25
c = 5
Жауабы: гипатенузаның ұзындығы 5 метр.
Тікбұрышты үшбұрыштың гипатенузасы 13, ал бір катеті 5 тең болса, екінші катеттің ұзындығы неге тең?
Пән: Геометрия