Пиала балабақшадағы ашық сабақтар
Күні:
Пәні:Мүсіндеу
Тақырыбы:Пиала
Мақсаты: 1. Ермексазды пайдаланудың әдіс-тәсілдерін жетілдіру,кесені мүсіндеудің техникасымен таныстыру,Құс қанаты өрнегімен таныстыру.
2.Ой-өрісін,ойлау қабілетін,қол икемдерін дамыту.
3.Балаларды шығармашылыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Кесенің суреті.
Керекті құрал: ермексаз,таяқшалар,тақтайшалар
Әдіс-тәсілі:Түсіндіру,практикалық
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
Сабақ барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі
Балалармен түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып, назарын сабаққа аудару.
IV Мақсат қою
-Балалар шәйді қандай ыдысқа құйып ішеміз?
-Ендеше сол кесені мүсіндеуді үйренеміз үйренеміз.
V Жаңа сабақ
Ұлттық ою-өрнек элементтерінің суреттерін көрсетіп,олардың аттарын атауды ұсынады.(Тұмарша,төртқұлақ,қайнар,сынық мүйіз,қошқар мүйіз).
Кесені мүсіндеудің жолдары түсіндіріледі:кесекті дөңгелектеу,қалың диск сияқтыжапыру,бүгу және шеттерін созу.Содан кейін кесенің шетін әшекейлейтін әшекейге назар аудару керек.
Сергіту сәті: Қуыр-қуыр қуырмаш
Балапанға бидай шаш
Әй-әй балақай
Жамандықтан қаш
VI Пысықтау
Шығармашылық жұмыс: Балалар көрсетілген үлгімен кесені мүсіндейді.
Еңбек,еңбек
Еңбек бәрінде жеңбек
VII Бекіту
-Қандай оюмен таныстық?
-Кесе не үшін керек?
-Ыдыс жуып аналарыңа көмектесесіңдер ме?
-Әңгімелеп бер.
VIII Бағалау Сабаққа жақсы қатысқан баланы мадақтау
Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!