Педагогикалық зерттеулердің міндеті – деректер мен құбылыстарды түсіндіру жəне оларды алдын ала болжастыру

0
110

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым мистрлігі
Батыс Қазақстан инженерлік – гуманитарлық университеті
Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы

ӨЗІНДІК ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Педагогикалық зерттеулердегі ғылым мен практиканың өзара байланысы

Орындаған:
Тексерген:

Орал, 2014ж

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім
1.Педагогикалық зерттеулерді ұйымдастыру
2. Педагогикалық зерттеу əдістемесі мен əдістер жүйесі
3. Педагогикалық зерттеулердегі ғылым мен практиканың өзара байланысы

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ұсынған Қазақстан-2030 стратегиясында
негізгі бағыттардың бірі ретінде халықтың ұлттық моделі мен салт-
дәстүрлерін есепке ала отырып, білімі мен білігі жағынан өркениетті
елдердегі замандастарымен қатар тұра алатын, бойында ұлттық, отаншылдық
рухы мықты қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу қажеттігі баса
айтылған [1].
Мектеп жасына дейінгі балалардың мемлекеттік міндетті білім беру
стандартының жобасында: Мектепке дейінгі білім беру – Қазақстан
Республикасының жалпы білім беру жүйесінің құрылымдық бөлімі ретінде
маңызды роль атқарады, себебі оның шегінде баланың табиғилық сапалары мен
ерекшеліктері анықталып, олардың даму жағдайлары қамтамасыз етіледі… деп
көрсетілген
Әрбір ғылым өзінің дербес әдіснамасын, зерттеу әдістерін жасайды.
Педагогиканың да өзіне тән ғылыми – зерттеу әдістері бар. Бұл әдістерді
зерттеуші әрбір педагогикалық құбылыстың ерекшеліктеріне сәйкес
қолданылады.
Тәрбие мен оқытудың нәтижесі тек қана мұғалімнің тиімді әдістері
қолдана білуі мен педагогикалық шеберлігіне байланысты емес, ол оқушылардың
қабілеттілігіне, жан – жақты да мұны және осы сияқты толып жатқан
факторларға байланысты. Басқа дәл ғылымдарға (физика, математика, химия)
қарағанда педагогикалық құбылыстарды зерттеудің өзіндік ерекшеліктері бар.
Мысалы, дәл ғылымдар бойынша экспериментті қайталап жүргізуге болады. Егер
бұрынғы жағдай ескеріліп, сол кезеңдегі материалдар пайдаланылса,
эксперименттің нәтижесі өзгермейді. Ал педагогика ғылымы бойынша
экспериментті қайталап жургізу тиімді нәтиже бермейді. Себебі,
педагогикалық зерттеудің объектісі — баланы тарбиелеу. Сондықтан
педагогикалық процесте және кейбір сыртқы факторлар (даму барысында
оқушыларда пайда болатын өзгерістер, әлеуметтік және микроортада кездесетін
түрлі жағдайлар және т. б.) әсер етеді.
Негізгі бөлім
1.Педагогикалық зерттеулерді ұйымдастыру
Педагогика саласындағы зерттеулер – бұл білім заңдылықтары, оның
құрылымы мен механизмдері, мазмұны, принциптері мен технологиясы жөніндегі
жаңа мəліметтерді алуға бағытталған ғылыми ізденіс процесі жəне оның
нəтижесі. Педагогикалық зерттеулердің міндеті- деректер мен құбылыстарды
түсіндіру жəне оларды алдын ала болжастыру.
Бағытталу тұрғысынан педагогикалық зерттеулер іргелі (фундаменталды),
қолданбалы жəне болжам-жобалау (разработки) деңгейіндегі болып үш топқа
бөлінеді. Іргелі зерттеулер нəтижесінде педагогиканың теориялық жəне
практикалық жетістіктерін қорытушы жалпы тұжырымдамалар алынады немесе
болжам жобалаумен педагогикалық жүйелерді дамытудың моделдері ұсынылады.
Қолданбалы зерттеулер – бұл педагогикалық процестің кейбір тараптарын
тереңдей тануға, алуан қырлы педагогикалық қызметтің заңдылықтарын ашуға
бағдарланған істер. Болжам жоба – бұрыннан белгілі теориялық көзқарастарға
негізделген нақты ғылыми-практикалық ұсыныстар дұрыстығын дəлелдеп, оларды
практикалық айналымға қосу бағытында істелетін жұмыс.
Қалаған педагогикалық зерттеу көпшілік қабылдаған əдіснамалық
тиектерге орай жүргізіледі. Педагогикада олардың қатарына – зерттелуге тиіс
проблема, тақырып, нысан жəне оның дені (предмет), мақсат, міндеттер мен
болжамдар, қорғалуы тиіс идеялар – кіреді. Педагогикалық зерттеулер сапасын
танытушы негізгі көрсеткіштер: зерттеу көкейкестілігі, жаңалығы, теориялық
жəне практикалық маңыздылығы.
Егер əлеуметтік тапсырыс педагогикалық практиканы талдаудың
нəтижесінде ұсынылатын болса, ғылыми проблеманың өз негізі басқаша. Оның
міндеті ғылым құрал-жабдықтарын пайдалана отырып, негізгі қарама-
қарсылықтарды баяндап беру. Əдетте, проблема шешімі зерттеу мақсатын
құрайды. Мақсат – қайта түзіліп, өрнектелетін проблема.
Проблема нақтыланып, өрнектелгеннен соң, зерттеу нысанын таңдау кезегі
келеді. Нысанға педагогикалық процесс, педагогикалық болмыстың бір саласы
немесе қайшылықтарымен жүз берген қандай да педагогикалық қатынас алынуы
мүмкін. Басқаша айтсақ, өз ішінде нақты не əлі де күмəнді қайшылықтарды
қамтып, проблемдік ситуацияларды туындатқан жағдайлардың баршасы нысан
есептелінеді. Танымдық процесс бағытталғанның бірі- нысан. Зерттеу дені
(предмет) – нысан бөлшегі, бір тарапты, яғни бұл түбегейлі зерттеуді қажет
еткен нысанның теориялық не практикалық тұрғыдан өте маңызды сапа-
қасиеттері, қырлары мен сырлары.

2. Педагогикалық зерттеу əдістемесі мен əдістер жүйесі

Зерттеу əдістемесінің (методика) дайындығы ғылыми ізденіс логикасына
орай жүргізіледі. Бұл əдістеме өте күрделі де сан қилы қызметтермен
байланысты нысан болған білімдену процесін аса жоғары шынайылылықпен
зерттеуге мүмкіндік беретін теориялық жəне эмпирикалық əдістер (метод)
тобынан құралады. Əдістердің тұтастай бір бөлігін қолданудан назарға
алынған проблема жан-жақты айқындалады, оның барша қырлары мен шектері
түгелдей зерттеуден өтеді. Педагогикалық зерттеу əдістерінің əдіснамадан
өзгешелігі – бұл педагогикалық құбылыстарды зерттеу, олар жөніндегі ғылыми
ақпараттарды жинақтап, заңдылықты байланыстар, қатынастарды анықтау, оның
нəтижесінде ғылыми теория қалыптастыру мақсатымен жүргізілетін іс-əрекет
жолдары мен тəсілдерінің өзі. Əдістер көп түрлі де сан қилы, бірақ
жүйелестіре келгенде, бұлардың бəрі үш топқа ажыралады:
1) педагогикалық тəжірибені зерттеу əдістері;
2) теориялық зерттеу əдістері,
3) математикалық əдістер.
Педагогикалық тəжірибені зерттеу əдістері – білім беру процесін
ұйымдастырудың көз алдымызда қалыптасқан тəжірибесін зерт-теудің жолдары.
Зерттеуге озат тəжірибе, яғни танымал мұғалімдер мен қатардағы тəлімгерлер
қызметтері бірдей алынады. Олардың жұмыстарында кезігетін қиындықтар
педагогикалық процесс қайшылықтарымен, пайда болған не енді туындауы мүмкін
проблемалармен байланысты келеді. Педагогикалық тəжірибені зерттеу
барысында келесідей əдістер қолданылады: бақылау, əңгімелесу, интервью,
анкеттеу, оқушылардың жазба, графикалық жəне шығарма жұмыстарын көзден
өткеру, педагогикалық құжаттармен танысу.
Бақылау – зерттеу барысында нақты дерек материал жинақтау мақсатымен
қандай да педагогикалық құбылыстың назарға алынуы. Бақыланған құбылыстар
міндетті түрде хатталады. Бақылау нақты нысанмен жете танысуға орай алдын
ала белгіленген жоспар бойынша жүргізіледі. Бақылау жұмысы келесі
кезеңдерге бөлінеді:
1) міндеттері мен мақсаттарын айқындау;
2) бақыланатын объект, оның элементтерін жəне ситуацияларын
таңдастыру;
3) бақылау жəне оның барысында ақпарат топтастыруға оңтайлы əрі тиімді
тəсілдерді іріктеу;
4) байқалғандарды хатқа түсіру формасын ойластыру;
5) жинақталған ақпараттарды өңдеу жəне дəйектеу.
Бақылау түрлері: араласа бақылау – ізденуші зерттеу жүргізіп жатқан
топтың мүшесі ретінде қатысады; сырттай бақылау- зерттеуші ізденіс
жұмыстарына тікелей араласпайды; ашық жəне жасырын бақылау; тұтастай жəне
таңдамалы бақылау.
Бақылау – орындалуы тұрғысынан ең оңай əдіс, бірақ өзіндік кемшілігі
де жоқ емес: көп жағдайларда бақылау барысындағы не соңғы нəтижеге
зерттеушінің тұлғалық-əлеуметтік жеке –дара бітістері (көзқарасы, мүддесі,
жан толғанысы) ықпал жасап, оның қандай да шынайылылықтан ауытқуына себепші
болуы мүмкін.
Сұхбат əдісі – қажетті ақпаратты алу немесе бақылау барысында
түсініксіздеу болған құбылыстың мəнін аша түсу мақсатымен дербес не қосымша
қолданылатын зерттеу тəсілі. Сұхбат айқындалуы тиіс нақты сұрақтар бойынша
күні ілгері түзілген жоспармен орындалады. Əңгімелесу еркін жүргізіліп,
сұхбаттас кісінің жауаптары хатталмайды. Сұхбаттасудың екінші бір түрі
педагогикаға əлеуметтану саласынан енген – интервью алу. Бұл əдісте
сұрақтар алдын ала түзіліп, бірізділікпен қойылып барады. Интервью
жауаптары анық жазылып, хатталады.
Анкеттеу – ауқымды материал жинақтау үшін қолданылады. Сұрақ жауаптары
жазба күйінде қабылданады. Сұхбаттасу мен интервью алу бетпе-бет
əңгімелесумен жүргізіледі, ал анкеттеу – сырттай орындалады. Аталған
əдістердің нəтижелі болуы қойылатын сұрақтардың мазмұны мен құрылымына
тəуелді. Сауалнама түзуде ескерілетін жəйттер:
1) алынатын ақпараттың сипатын анықтап алған жөн;
2) қойылатын сұрақтың бірнеше баламалы өрнегі болғаны қажет;
3) сауалнаманың бірнеше жоспары түзіліп, ол алғашқы тексеруден
өткізілуі тиіс;
4) сауалнама кемшіліктері түзетіліп, пайдалануға ақырға редакциясының
ұсынылуы дұрыс.
Педагогикалық зерттеудің қандайда бір əдіс не тəсілінің педагогикалық
тиімділігін анықтау үшін арнайы ұйымдастырылған тексеру түрі- эксперимент
ерекше маңызды. Педагогикалық эксперимент міндеттері:
1) жобаланған педагогикалық құбылыс жəне оның іске асуында көрініс
беретін себеп-салдарлы байланыстар мəнін зерттеу;
2) педагогикалық құбылысқа зерттеушінің белсенді … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz