Педагогика мен білім философиясының философиялық проблемалары — Философия — Қазақша рефераттар — Қазақша тесттер мен шпорлар

0

Педагогика мен білім философиясының философиялық проблемалары.

  1. Білім философиясының ұғымы мен орны. Білім онтологиясы. Білімның негізгі идеялары. Білім оксологиясы. Білім логикасы. Білім методологиясы. Білім этикасы.
  2. Білім жүйе, процесс, нәтиже, құндылық ретінде.
  3. Қоғамдық сананы, философиялық педогогикалық білімнің трансформациясы. Ұлттық білім: ұғым және проблемалары.
  4. Қазақстандағы білімнің ұлттық моделінің қалыптасуы.

Рациональдықтың классикалық түсінігі тарихта адам тұңғыш рет өзінің ойлау қабілетін түсіне бастаған кезде қалыптаса бастайды деп есептелінеді. Ақыл-ой қызметін (қүдіретін) түсіне бастау кезеңі тарихтағы алғашқы цивилизациялардың рухани өміріндегі түбірлі өзгерістер кезеңі. Бұл өзгерістер ең алдымен алғашқы Шығыс цивилизацияларында орын алғанмен, рациональдықтың ең алғашқы тарихи формасы ретінде Ертедегі грек мөдениетіңде қалыптасқан (яғни антиктік) рациональдық қарастырылады.

Антик философиясының негізгі арқа сүйейтін ойы — дүниенің тұтастығы. Дүние әртүрлі құбылыстардың кездейсоқ қосындысы емес, олардың бір-бірімен заңды түрде үйлесуі. Құбылыстар арасындағы байланыста белгілі бір тәртіптілік, реттілік бар, сондықтан да ертедегі гректер адамды қоршаған бүкіл дүниені космос (тәртіптелген, реттелген дүние, тұтастық) деп атаған. Космос-әсем дүние, бұл әсемділікті дүниенің бір негізден, бір бастамадан шыққандығын мойындау арқылы ғана түсіндіруге болады. Адам сезім мүшелері арқылы дүниенің сыртқы көрінісін ғана қабылдайды: бұл — түрлі-түрлі құбылыстардан құралған, бір түрден басқа түрге үнемі ауысып отыратын өзгермелі, тұрақсыз дүние, бұл дүние туралы тиянақты ештеңе айту мүмкін емес. Дүниенің шын мәнінде қаңдай екенін түсіну үшін адам дүниені тұтас (бүтін) организм ретінде қарастырып, сол тұтастықты қамтамасыз ететін бір негізді тауып, сол арқылы дүниенің көптүрлілігінің қалай пайда болатынын анықтауға үмтылуы қажет. Адамның бұл жолдағы бірден-бір құралы оның ойлау қабілеті, ақыл-ойы болып табылады. Ойлау қалай болса солай емес, белгілі-бір ізбен, реттілік жолмен жүзеге асуға тиіс, ал ой реттілігі сайып келгенде дүниенің (болмыстың) өзіндегі реттілікке сәйкес болуы керек. Осыған байланысты ертедегі грек рациональдығы ең алдымен ойлау мен болмыстың тепе-теңдігі принципіне арқа сүйеді. Бұл принцип ертедегі грек философиясына көмескілеу түрде басынан бастап-ақ тән болғанмен, айқын түрде б.э.д. VI—V ғасырларда қалыптасқан Элея философиясында басшылыққа алынды. «Болмыс» деген ұғымның өзін философияға тұңғыш рет Элея философиясының негізін салушылардың бірі-Парменид енгізген. Парменид үнемі өзгеріске ұшырап отыратын, аумалы-текпелі құбылыстар дүниесін шын мәніндегі бар дүние деп айтуға болмайды деп есептеді, өйткені адам ойы мұндай құбылмалы дүниеге талдау жасай алмайды. Ой үшін бар деп айтуға тұратын бірден-бір дүние — болмыс. Болмыс дегеніміз, Парменидтің пікірінше, әруақытта езіне өзі тең бірлік, тұтастық, толықтылық, кемелділік, соның арқасында болмыстың мәнін танып-білу адамды ақиқатқа, жақсылыққа, ізгілікке жетектейтін жол болып шығады.

Болмыс — сезімнен тыс реальдылық, оған ой ғана жеткізеді, ой ғана сезімдік дүниенің ар жағындағы идеалды нәрсемен жұмыс істей алады. Демек, антик философиясы үшін ой мүмкіндіктеріне арқа сүйеу, яғни рациональдық дүниенің сыртқы көріністеріне алданып қалмай, шын мәніндегі табиғатын танып-білудің нақтылы жолы болып табылады. Сезімнен тыс реальдылықты танып-білу үшін оның идеалды жоспарымен жұмыс істей білу қабілетін қалыптастыру керек, мұндай қабілет бірте-бірте реальдылыққа жалпы рациональды қатынастың, әсіресе ғылыми рациональдықтың ең басты қасиеттерінің біріне айналады. Идеалды объектілермен жұмыс істей білу ойлаудың теориялық формасының қалыптасып, жетілу мүмкіндігін туғызады. Теория адамға әдеттегі күнделікті тіршілікке байланысты ойлау шеңберінен асып, әлемдік, мәңгілік сипаты бар ойлауға жол ашады. Ойлаудың теориялық әдісінің мүмкіндіктерінде ешқандай шек болмайды, соның арқасында антиктік рациональды ойлау әдісі жалпы европалық мөдениеттің, жалпы Европа ғылымының болашақ даму жолдарын белгілеп берді.

Ертедегі грек рациональдығының өзінен кейінгі замандарға қалдырып кеткен мұраларының бірі-сөзге ерекше көңіл бөлу. Сезім дүниесінен тысқары, оның аржағындағы идеалды объектілерді танып-біліп, суреттеп беруге күнделікті тұрмыста қолданылатын сөздер жарамайды, ол үшін жалпылық сипаты бар сөздер керек. Ой мазмұнының болмыс мазмұнына сәйкестігін көрсетіп беру үшін әрбір сөздің өзіне ғана тән барынша дәл, нақтылы мағынасы болу керек. Рациональды таным тек дәл мағыналы сөздерді тудырып, қолдана білудің арқасында ғана мүмкін болады. Сөзге, сөзді қолдануға қойылатын мұндай қатаң талап бүкіл Европа мәдениетінің осы күнге дейін сақталып қалған негізгі талаптарының бірі болып табылады.

Ертедегі грек рациональдығы тек ғылым шеңберімен шектелмеген. Антик философиясында ақыл дегеніміз жеке адамның ғана ақылы емес, жалпы тұтастықтың ақылы, космостық ақыл, бәрін реттеп, жолға салатын ақыл. Ойлау дегеніміз тек логика емес, ойлау-жалпы космостық ақиқат, жақсылық, ізгілік. Ақиқатты адам тудырмайды, космостық ақиқат адам ақылы арқылы өзін-өзі көрсетеді. Адам ақылы космостық ақылдың көрінісі болғандықтан, білім әруақытта жақсылық пен ізгіліктің көзі болып шығады. Білімді адам жамандықтан, зұлымдықтан аулақ болады. Сондықтан антик заман рациональдығы тек логикалық құбылыс емес, оның мазмұны адамдар арасындағы ізгіліктілік қатынастарды да қамтиды. Рациональдық тек дұрыс ойлаудың ғана сипаттамасы емес, дүниеге одан да гөрі жалпы дұрыс көзқарасқа ие болып, соның арқасында дұрыс іс әрекет жасаудың, адамдар арасында дұрыс қатынастар қалыптастырудың ережесі болып шығады.

Антик рациональдығында дүниенің тұтастығын, дүние құрылымының әсемдігін мойындау дүниені мақсатқа сәйкестілік тұрғысынан түсіндіру талабымен ұштасады. Дүние құрамындағы құбылыстардың бәрі бір-біріне қажет, бір-біріне қызмет етеді. Демек, дүниедегі нәрселердің бәрінің жаратылуында, өмір сүруінде белгілі бір мақсатқа ұмтылу бар. Егер ондай түпкі бір мақсат болмаса, дүниеде де, адам іс-әрекетінде де толық түрде жүзеге асқан, тиянақты, баянды ештеңе болмас еді. Түпкі мақсат табиғат үйлесімділігінің, әсемдігінің себебі ретінде қарастырылады. Сондықтан да ертедегі гректер табиғатты материалдық пайданың көзі деп есептемеген, табиғатты өндеп, өзгерту адамға лайық емес, адам, керісінше, табиғатты құрметтеп, табиғаттағыдай үйлесімділікке, әсемдікке ұмтылуы керек деп есептеген.

Сонымен, рациональдықтың антик дәуіріндегі типі өзінің мазмұны жағынан рациональдықтың өзінен кейінгі тарихи типтерінің берінің даму мүмкіндіктерін белгілеп берді деп айтуға болады. Антик философиясы рациональдықты логикамен ғана шектемей, адам мүддесін, қоғам мүддесін ізгілік талаптары тұрғысынан ескеретін кең көлемді рациональдық түрінде қалыптастырған.

Танымның жаңа фактілері мен нәтижелерін ескі теориялар мен әдіс-тәсілдердің көмегімен түсіндіру мүмкіндігінің жоқ екенін көрсеткен проблемалық ахуалды талдағаннан кейін проблеманы дәл тұжырымдау және қою қажеттігі туады. Бұл үшін, біріншіден, проблеманың мақсатын дөл анықтау, екіншіден, оны шешу мүмкіндіктерінің жағдайларын қарастыру және, үшіншіден, проблеманы шешу мүмкіндіктеріне шек қоятын жағдайларды талдау қажет.

Проблеманың мақсаты әрбір жағдайда нақты айқындалады, бірақ барлық жағдайларға ортақ міндет: эмпириялық ғылымдарда жаңа фактілер мен оларды түсіндірудің ескі әдіс-тәсілдері арасындағы үйлесімсіздікті және абстрактылық, теориялық ғылымдарда бастапқы принциптер мен негізгі ұғымдардың жеткілікті негізсіздігін жою.

Проблеманың жағдайлары оны шешу үшін қажетті және жеткілікті алғышарттар болып табылады. Шешу мүмкіндіктеріне шек қоюшы жағдайларға проблеманы шешуге қойылатын талаптар жатады.

Проблеманың мақсаты проблемалық ахуалды талдаған кезде тұжырымдалады, ал жағдайлары мен шешілуіне қойылатын шектеулер проблеманы зерттеу кезінде анықталады.

Проблемамен алдын ала жалпылама танысу проблеманы қоюдан басталады. Бұл мәселені қарастырғанда, бұл істе көп нәрсе сол ғылымның теориялық жағынан қаншалықты дамып жетілгендік деңгейіне, зерттеу жұмысының бүған дейін қаншалықты жүргізілгендігіне, эмпириялық және эксперименттік базасының хал-жағдайына және сонымен бірге тиісті ғылым саласының одан әрі даму болашағына байланысты екенін ескеру қажет. Бұл жағдайлардың бәрінің интерсубъекттік (зерттеушілер арасында қарым-қатынастық) сипаты бар, сондықтан ғылымның белгілі бір саласындағы проблемаларды шешуге кіріскен кез келген зерттеуші бұл жағдайлармен санасуы тиіс.

Алайда проблеманы ұсынғаңда және әсіресе оны шешкенде ғылыми зерттеумен айналысушы адамның ғалымдык, сапалары мен ерекшеліктерінің атқарар рөлі де аз емес екендігін ескерген жөн. Зерттеушінің мұндай ерекшеліктеріне жататындар: мамандығы, жеке басынның тәжірибесі, дарындылығы, т.б. сапалары ғана емес, сондай-ақ ғылымның даму бағытын, ғылыми ізденістің ең тиімді бағыттарын көре білуі де, ғылыми идеялар ұсынудағы батылдығы және сонымен бірге жиналған нәтижелерді мұқият талдап, сын көзбен баға бере білуі. Мұндай психологиялық сапалар творчестволық қиялы жоғары деңгейде дамыған, өзінің де, басқалардың да қол жеткен нәтижелерін сын көзбен дұрыс бағалай білетін дарынды зерттеушілерде ғана болады. Сондықтан да ғылымның аса маңызды іргелі проблемаларын әдетте өз ғылым саласында көп уақыт бойы жемісті еңбек еткен, оның қиындықтарын жақсы түсініп, болашақ даму жолын дұрыс белгілей білетін көрнекті ғалымдар ғана ұсына алады.

Көрнекті ғалымдар өз ғылымының негізгі даму бағытын ондаған жылдар бұрын алдын ала анықтап, оның іргелі проблемаларын ұсынған мысалы ғылым тарихында аз емес. Классикалық механика мен гравитациялық теорияның негізін салып берген ұлы ғалым Исаак Ньютон сонымен бірге басқа ғалымдар зерттеп, шешуге тиісті бір қатар жаңа проблемаларды ұсынды. Гравитацияның немесе денелердің тартылуының табиғатын ашу проблемасын ол ең іргелі деп санады.

Жалпы салыстырмалылық теориясын жасаған А.Эйнштейн тартылыстың механизмін ғылымға өзі енгізген гравитациялық өріс ұғымы мен тартылушы және инертті массалардың тепе-теңдігінің көмегімен түсіндірді. Осының арқасында гравитациялық күштердің аса тез алысқа әсер ететіні туралы түсінік теріске шығарылды, бірақ тартылыстың табиғаты бүгінге дейін әлі толық ашылған жоқ, тартылу өрісінің ерекше бөлшегі ретінде гравитондардың бар-жоғы әліге дейін талас мәселе болып келеді.

Болашақта зерттеу проблемаларының програмасын ұсынудың мақсаты — ғылымның ең маңызды салаларында ғылыми ізденістерге қолдау көрсетіп, оларда ғылыми білімді өсірудің түйінді мәселелерін анықтауға көмектесу. Ғылыми білімнің мұндай түйінді жерлерін анықтау басқа ғылымдардан гөрі математикада және математикалық жаратылыстануда оңайлау, ал эксперименттік және тәжірибелік ғылымдарда оларды анықтау қиындау, өйткені бұларда танымның дамуы көбінше эмпириялық бақылаулар мен эксперименттердің нәтижелерімен анықталады, ал бұл соңғылар зерттеудің алдағы барысын айтарлықтай өзгертіп жіберуі мүмкін. Мысалы, табиғи радиоактивтік құбылысының ашылуы заттардың құрылысы саласындағы зерттеулердің болашақ жолын түбірінен өзгертті. Солай бола тұрса да, ғылыми білімнің өсуінің түйінді жерін анықтау үшін, әсіресе проблемаларды тұжырымдау үшін зерттеуді жүргізудің белгілі бір реті мен әдіс-әрекеттерін сақтау қажет.

Математика мен математикалық логика сияқты абстракциялық ғылымдарда ғылыми проблемаларды тұжырымдау проблемаларды шешудің принциптік мүмкіндіктерін анықтаудан басталуы тиіс. Ал эмпириялық және тәжірибелік ғылымдарда проблемаларды тұжырымдау бүтіндей оларды шешудің альтернативтік мүмкіндіктеріне (бір-біріне қарама-қайшы мүмкіндіктерге) талдау жасаудан басталады. Зерттеудің осы кезеңінде проблеманы шешудің нақты жағдайлары тұжырымдалуы тиіс және сондай-ақ оны шешуге кедергі болуы мүмкін шектеулер де анықталады.

Бұдан кейін жаңа идеяларды, жорамалдар мен жұмыс гипотезаларын жасау кезеңі басталады-бұлар проблемаларды талдап, нақтылаудың нәтижесінде пайда болады. Жаңа идеяларды жасау дәл логикалық талдауға көнбегенімен, бірақ сонымен бірге оның нәтижелерін рационалдық әдістердің көмегімен зерттеуге болады. Проблеманы шешіп көру үшін түрліше эвристикалық тәсілдерді (ойша экспериментті, математикалық модельдерді және талдаудың компьютерлік әдістерін), аналогия, индукция сияқты ықтимал қорытынды беретін пайымдауларды т.б. пайдалануға болады.

Проблемаларды шешіп көрудің тәсілдерін тандағанда ақиқатқа ұқсас гипотезалар жиі қолданылады. Іс жүзінде проблемаларды шешуге көмектесетін мұңдай гипотезалардың ішінен талдау және зерттеу үшін әдетте ақиқатқа мүмкіндігінше жақыңдау гипотезалар таңдап алынады. Бірақ ақтық эмпириялық тексеру кезіңде олар міндетгі түрде ақиқат болуы керек деген қорытынды шықпайды. Ақиқатқа ұқсас деген «ақиқат» деген ұғыммен тепе-тең емес, өйткені ақиқат дегеніміз білімнің шындыққа, ал пікірлер мен теориялардың фактірлерге сәйкес келуі ғой. Ал ақиқатқа ұқсас деген ұғым білімнің ақиқаттығының ықтималдығын ғана білдіреді. Сондықтан ақиқатқа ұқсастықты немесе логикалық ықтимаддықты статистикалық ықтимаддықтан айыра білген жөн.

Логикада ақиқатқа ұқсастықты әдетте бір пікірді, атап айтқанда гипотезаны, басқа пікірлермен (бақылау нәтижелерімен, экспериментпен немесе басқа факгілермен) растау деп түсінеді. Мүвдай растаулар, мысалы, эмпириялық фактілер гипотезалардың немесе теориялардың ақиқатгығын ешқашан толық анықтап бере алмайтындықтан, оларды растаудың қосымша жаңа критерийін табу қиындығы туады. Бұл жағдайда проблеманы жай мәселеге айналдырып жіберу жиі кездеседі. Ал жай мәселе мен проблеманың бір-бірінен айырмашылығы сол, көп реттерде жай мәселені шешудің жалпы ережелері мен әдіс-тәсілдерін қолданады. Мысалы, математикада арифметикалық, алгебралық, геометриялық т.б. мәселелерді (есептерді) шешу үшін жалпы ережелер немесе алгоритмдер пайдаланылады. Техникалық мәселелерді шсшкенде де стандарттық әдістер қолданылады. Шын моніндегі ғылыми проблемалардың жай мәселеден айырмашылығы сол, оларды шешудің ешқандай алгоритмі болмайды, сондықтан оларды шешу үшін жасампаздық қиялға, интуицияға және зерттеудің кейбір эвристикалық одіс-тәсіддеріне сүйенетін ғылыми ізденістер пайдаланьшады.

Ғылыми проблемалар мен жай мәселенің арасыңда оларды іпешудің альтернативтік мүмкіндіктерін (бірін-бірі тысқарылаушы мүмкіндіктерш — Ә.Т.) таңдауга байланысты проблемалары сияқты аралық түрі болады. Жалпы алғанда, мұндай альтернативтік (өзара тысқарылаушы) мүмкіндіктің бірін дұрыс таңдаудың көптеген мәселелерді шепгу үшін, атап айтқанда, ғалымның жеке басының мүддесінен бастап, қоғам үшін тиімді экономикалық, саяси-әлеуметтік, экологиялық, энергетикалық т.б. шаралардың тактикасы мен стратегиясын анықтау үшін маңызды рөл атқарады.

Проблеманы зерттеудің логикалық-математикалық деңгейінде, біріншіден, проблеманың тұжырымдамасының дұрыстығы, оны шешудің ұсынылып отырған әдіс-тәсілінде логикалық қайшылықтың, тавтологияның және тиісті факті мәліметтерінің бар-жоқтығы тексеріледі. Логиканың заңы бойынша, жеке пікірлерде де, жалпы пайымдау барысында да бір-біріне қайшы келетін пікірлерді қолдануға тиым салынады, өйткені мұндай қайшылықты пікірлер ойлаудың дәйексіздігін, жүйесіздігін тудырады. Пайымдаудағы тавтология шындық жайлы нақты мазмұнды білім бермейді, ал тиісті факті материалдары жоқ білім жаңа білімге жол ашпайды.

Проблеманың қабыл алынған шешімінің дұрыстығын тексеру үшін, екіншіден, ол шешімнен логикалық қорытынды, әсіресе тәжірибе жүзінде тексеруге болатын қорытынды шығару қажет, ал бұл оны бақылаулар мен эксперименттің нәтижелерімен салыстырып көру үшін қажет. Жоғарыда атап көрсеткендей, ғылыми зерттеудің дәл осы жағына логакалық позитивизмнің жақтаушылары да баса назар аударады. Сондықтан да К.Поппер ғылыми зерттеу логикасының міндеті ғылыми гипотезалар мен теорияларды тексеру үшін логиканың әдіс-тәсілдерін пайдалану деп есептейді. Бұл істе логика маңызды рөл атқаратыны даусыз, өйткені ол проблеманың шешімін тексеріп көрудің жалпы механизмінің құрамдас бөлігі болып табылады. Бірақ ол сонымен бірге проблеманы ұсыну мен шешудің бүкіл барысында, оның бастапқы тұжырымдамасын логикалық жағынан талдаудан және оны шешіп көруден бастап, тәжірибе жүзінде ақтық тексеруге дейінгі барлық процестеріңде, пайдаланылады.

Ғылыми проблемаларды шешудің жалпы барысын қарастырғанда проблеманы қою және зерттеу процестерінде теориялық білім мен эмпириялық білімнің ара қатынасы қандай болуы керектігі мәселесін ерекше бөліп көрсеткен жөн. Бұл процесте рационалдық-теориялық білім жетекші рөл атқарады дедік жоғарыда. Шынында да бір мақсатқа бағытталған белгілі бір идеяны немесе жорамалды жүйелі зерттеуге қажетті фактілерді іздеу үшін ең болмағанда қарапайым интуициялық болжам болуы тиіс. Басқаша айтқанда, әйтеуір бір жаңалық ашу үшін оны растайтын, белгілі бір дәрежеде оны дәлелдейтін фактілерді қайдан іздеу керектігін білу қажет. Сол фактілерді жинау, жүйелеу және теориялық тұрғыдан талдау барысында жай болжамнан әлдеқайда негізделген жорамалға және жұмыс гипотезасына көшуге, ал бұл соңғылардан құбылысты тікелей түсіндіруші гипотезаларға көшуге мүмкіндік туады.

Дәстүрлі формальды логиканың1 өкілдері гипотеза және заң деп эмпириялық фактілердің индукциялық қорытындысын түсінеді. Ал ғылыми танымның гипотезалық-дедукциялық модельінің жақтаушылары гипотезаны алдын ала берілген ойдың формасы деп санап, ғылым методологиясының міндеті осы гипотезалардан қорытыңдылар шығарып, бұл қорытындыларды бақылаулардың және эксперименттердің мәліметтерімен салыстыру деп санайды. Атақты американдық логик Ч.С.Пирс түсіндіруші гипотезаларды іздеп табу үшін тұңғыш рет пайымдаудың индукциялық және дедукциялық формаларынан өзгеше абдукциялық деп аталатын әдісін пайдаланады. Ол эмпириялық фактілер гипотезаларды дәлелдеуге ғана қызмет етпейді, түсіндіруші гипотезаларды іздеу үшін де қызмет ететінін ашып керсетті. Фактілерді теориялық тұрғыдан мұхият талдау олардың арасындағы белгілі бір байланысты ашуға мүмкіндік береді, ал ол байланысты белгілі бір заңдылық түрінде жұмыс гипотезасы формасында тұжырымдауға болады. Ол гипотезада туатын қорытындылар гипотезаны бұрыннан белгілі фактілер мен ғана емес, соңдай-ақ жаңа фактілермен де тексеруге мүмкіндік береді, сөйтіп фактілердің ең дұрыс түсіндірмесіне қол жеткенше оған түзетулер енгізе беруге болады. Сөйтіп мұнда теориялық талдау мен эмпириялық дәлелдеу, сондай-ақ индукция мен дедукция да өзара байланысты және бірлікте қолданылады.

Проблеманы қоюда теорияның маңызы мен рөлі бірінші орынға қойылатынына қарап, ғылыми зерттеудің әрбір нақты процесі әрдайым проблемадан жене оны шешудің теориялық жорамалы мен гипотезасынан басталады екен деген тұжырым жасауға болмайды. Кейде проблеманы тұжырымдау және оны шешіп көру үшін жаңа бақылаулар мен қосымша фактілер іздеу қажет болады.

Эмпиризмді жақтаушылар әдетте танымның эмпириялық деңгейінің рөлін, бақылаудың және тәжірибенің маңызын асыра бағалайды. Сондықтан олар эмпириялық мәліметтер жинауға, оларды жүйеге келтіріп жалпылауға баса назар аударады. Фактілерді жүйеге келтіру ғылыми танымда, әсіресе ғылымның алғаш қалыптаса бастаған кезінде маңызды рол атқарғанымен, бірақ жинақталған мәліметтер теориялық тұрғыдан түсіндіруді қажет етеді. Эмпириялық ғылымдар алғаш қалыптаса бастағанда, дәл осы кезде фактілер теориялық түсіндірмені керек етіп, тиісті проблемаларды ұсынады. Ғылымның қалыптасуының осы кезеңінде эмпириялық жалпылаулар мен зандар, оның ішінде Бэкон — Милльдің тұжырымдаған қарапайым индукциялық әдістері мен ережелері де проблемалардың шешімі түрінде көрініс табады. Ал ғылым теориялық жағынан айтарлықтай өсіп жетілгенде проблемалық ахуалдар мен нақты проблемалардың тууының маңызды қайнар көзі жаңа эмпириялық мәліметгер мен оларды түсіндірудің ескі теориялық әдістері арасында туған сәйкессіздік немесе қайшылық болады. Бұл қайшылықтың ұдайы шешіліп және қайта туып отыруы барған сайын жаңа проблемаларды тудырады, ал бұлардың үздіксіз шешілуі ғылыми прогрестің негізі болып табылады.