Педагогика ғылымының қалыптасуы | туралы қазақша
Педагогика өркениетті қоғамның даму тарихынан, жас ұрпақ тәрбиелеу тәжірибесінен бастау алады. Педагогика ұғымы екі мағына береді. Біріншіден — білімнің ғылыми аумағы, ғылым; екіншіден — өнер, қолөнер, педагогикалық іс-әрекет аумағы. Педагогика атауының түп-төркіні гректің «пайдос» — бала және «аго» — жетектеу деген сөздерден алынған. «Пайдагогос» сөзін тура мағынасында аударса, «бала жетектеуші» деген ұғымды білдіреді. Яғни баланы өмірге жетектеу, оқыту, оны тәрбиелеу, жан мен тәннің дамуына бағыттау. Ежелгі Грекияда қожайынның баласын мектепке жетектеп апарып, алып қайтатын құлды педагог деп атаған. Барлық кезде педагогтар адамдарға олардың өздеріне табиғат берген мүмкіндіктерді пайдалануына көмектесудің, олардың бойында жаңа адами сапаларды қалыптастырудың дұрыс та, таңдаулы жолдарын іздеді.
Жазу пайда болғаннан бастап, педагогикалық пайымдаулар ауызша тұрмыстық және біздің заманымызға дейін мақалдар, мәтелдер, афоризмдер, қанатты сөздер түрінде жеткен. Халықтық педагогиканың қайнар көздері, педагогиканың бірінші даму кезеңдерін біз ертегілерден, әндерден, мысалдардан және т.б. табамыз. Содан соң жазу пайда болғаннан кейін олар құрғақ жаттау, басқаша формаға еніп, жазудың ережелері мен емлелеріне айналып, жазбаша сипат алды.
Мыңдаған жылдар бойына қажетті білім негіздері жиналып қордаланды, ең өміршеңі, ең пайдалысы қалып, берік орныққанша талай педагогикалық жүйелер кезектесе өмірге келіп, уақыт сынынан өтті, жарамсыздары тарих сахнасынан кетті.
Педагогика — қоғам мен табиғаттың теңдесуін, өмірге қанағаттандыруда толық белсенді шығармашылық, рухани байлығына көмек беру, адамды тәрбиелеуді зерттейтін ғылым. Педагогикалық білім адамды жан-жақты дамытудың тәсілдері мен жолдарын әмбебап оқытуды тұтасымен зерттейді.
Педагогика басқа ғылымдар сияқты дамушы ғылым, оның негізгі категорияларының ойлау аспектілері үнемі кеңейтіліп қарастырылып отырылады. Ал педагогикалық шығармашылық тәрбие мен оқу күшінің шектеусіз көпқырлы тәжірибесінде дамиды.
Ғылыми педагогика XVII ғасырдың екінші жартысында пайда болды, яғни бірінші ғылыми-педагогикалық жұмыстар мен жаппай мектептер пайда болған кез. Бұл жаңалықтар чех педагогі Я.А. Коменский атымен байланысты. Ол бірінші рет оқушылардың жүріс-тұрыс ережелерін, сонан соң өзінің ең ірі «Ұлы дидактика» атты еңбегін жазды. Оның барлық еңбектері біздерге ешқандай мағынасын жоғалтпай жеткен. Эксперименталды педагогика ХІХ-ХХ ғасырлардың тоғысында пайда бола бастады.
Педагогика тәрбиелеудің қатынастары туралы тәрбиелеудің өзара байланысының процесінде пайда болған, білім беру және оқыту өзін-өзі тәрбиелеу, өз-өзіне білім беру және өзін-өзі оқытумен бірге жеке адамның дамуына бағытталған.
Педагогика ғылым ретінде төмендегі барлық белгілерді қамтиды. Ол өзінің басқа ғылымдардан айрықшалайтын түсінікті аппаратымен де ерекшеленеді.
Сонымен, «педагогика» терминінің мағынасына не кіреді?
Біріншіден, педагогиканың «тұрмыстық» мағынасы айқындалады. Әрбір адам өзінің балаларын, отбасы мүшелерін, ұжым мүшелерін тәрбиелеуде және оқытуда өмір ағымында «педагог» рөлінде ойнайды.
Екіншіден, педагогиканың практикалық мағынасын анықтайды. Педагогика адамзат әрекеттерінің аймағы, үлкен ұрпақтың кішіге берілген өмірлік тәжірибесімен байланысты. Бұл жерде халықтық (житейлік) педагогиканың педагогикалық шеберлігімен және тәрбилеу өнерімен өзара байланысы туралы айту жарасымды. Жоғары педагогикалық іс-әрекеттердің пайда болуын өнер деп атау кездейсоқ емес. Педагогиканың басқа кез келген ғылымдардан басты айырмашылығы осыда. Оқытушы тек қана білімді алып жүруші, тек қана студенттер үшін ақпараттардың көзі болу қажет емес, ол әртүрлі рөлдерді ойнаушы — актер, мұғалім, тәрбиелеуші, педагогикалық процестің қатысушысы, жолдас, дос. Педагогикалық процесс оқытушы тарапынан қателікті жібермейтін әрекет немесе оқытушы қатесі өте қымбатқа түседі. Педагогиканың өнерге қатыстылығын күнделікті өмірден көріп жүрміз, сондықтан оқытушы студентке тек өзінің кәсіби күші арқылы ғана емес, сонымен қатар өз тұлғасының ерекшеліктері де әсер етеді (мінездік қасиеті, іске, адамдарға, қоғамға және т.б. қатынасы).
Пайдаланылған әдебиеттер: Педагогика, әлеуметтік педагогика, өзін-өзі тану тарихы: оқу құралы. Ж.Р. Баширова, Р.К. Бекмағамбетова, Н.С. Әлқожаева, Н.С. Жұбаназарова, Ұ.Б. Төлешова. – Алматы: Қазақ университеті, 2012. – 248 б.
#Педагогика #ғылымының #қалыптасуы
Рақмет ретінде жарнаманы баса кетіңіз