Патриоттық оқу-тәрбие үдерісіндегі балалар белсенділіктерін қалыптастыру балабақшадағы ертеңгіліктер

0

Патриоттық оқу-тәрбие үдерісіндегі балалар белсенділіктерін қалыптастыру

 

“Патриоттық оқу-тәрбие үдерісіндегі балалар белсенділіктерін  қалыптастыру”
Тәуелсіз мемлекеттіміздің ертеңі ұрпақтық рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне байланысты. Осы орайда егенменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік  деңгейге жету үшін жасалынып жатқан талпыныстар оқытудың, патриоттық тәрбиелеудің әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді шығармашыл бағыт ұстанатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән беруде.
   Алаш ардагері А.Байтұрсынұлы “Бала тәрбиесін, оқытуын жақсы білейін деген адам әуелі балаларға үйрететін нәрселерді өзі жақсы білуі керек, баланың ісіне, түсіне қарап, ішкі халінен хабар аларалық ьолу керек” дейді. А.Байтұрсынұлының бұл пікірі дәл бүгінгі, ертеңгі күннің талап-мақсатымен  үндесе, өмір бойы өшпейтін, ескермейтін өсиет. Бұлай дейтініміз-болашақ ұрпақты жан-жақты патриот етіп, тәрбиелеу ісіндегі басты тұлға-тәрбиеші педагогтар мен ата-аналар.
  Қазіргі заман олардан баланың жеке басын қалыптастыру, оның көкірек көзін оятып,  ата-бабадан қалған және осы кезеңдег халқымыздың асыл мұрасын баланың сәби кезінен ойына ұялатып, бойына сіңіру, адамгершілік сезім қалыптастыру.
  Егемен ел болып тілімізді, дінімізді, ділімізді иелендік. Тәуелсіздік  тәрбие еркіндігін берді.“Қазақтың өздік ұлттық қасиеттерінің қайта қалыптасуына қамқорлық жасау менің перзенттік те, президенттікте парызым” деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ұлттық, патироттық тәрбиеге ерекше мән берді. Біз тәрбиешілер сол  ұлы мақсатты, бала бойына сіңіруге тиіспіз.
   Сол бағытта бала-бақша тәрбиешілері “Тіл апталығын өткіздік. Тіл маманы-Б.Жолдасбекованың ұйымдастыруымен тәрбие сағаттарымен, пікір-таластарға өз үлесімді қостым. Ғасырлар бойы халықтың өзімен біге жасалып, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып, салт-дәстүрлер негізінде бала-бақшада” Шебер қолдар” үйірмесін жүргіземін. Үйірмеде, ұлттық салт-дәстүрлерге, бұйымдарға көп мән беремін. Өткен  оқу жылында аудандық семинар өткіздім және “жақсы” деген баға иелендім. Қазіргі  кезеңде патриоттық тәрбиемен қатар экологиялық тәрбие де, өзекті мәселердің бірі. Осы мақсатта туған елге, табиғатына қамқорлық жасауды балалар жүрегіне ұялатамын.
   Тағы бір айта кететін жайт: санаториялық бала-бақша болғасын бос уақытты тиімді пайдаланады. Балалармен ұлттық киімдер мен бұйымдарды  жасаймын. Мақсатым –баланың сана-сезімін, ой-өрісін кеңейте отырып, әсемдік пен сұлулыққа баулу.
 Балалар тәрбиешінің көмегімен, орындайды, ал үлгермеушілерге, белсенді балалар бір-біріне көмек көрсетеді. Сонымен бірге, бүлдіршіндер арасында қоғамдық пайдалы еңбекке қатысу, өзіне-өзі қызмет көрсету, қоғамдық меншікті қорғау дұрыс жолға қойылған.
 Балалар денсаулықтарының мықты болып, патриоттық тәрбие үдерісінде алғы орындардан көріне беруі үшін әлі көп жұмыстар істейміз, бұл біздерге жүктелген міндет деп ұғамын.
“Қыран түлегіне қайрылмас қанат сыйлайды,
Ұстаз түлегіне алға бастырар талап сыйлайды”.  Қәдірлі әріптестер. Шәкірттеріңіздің сағы сынбай, бала-бақшамыздың өркендей, өрлей беруіне тілектеспін.

Тақырыбы:“Патриоттық оқу-тәрбие үдерісіндегі балалар белсенділіктерін қалыптастыру”

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!