Паскаль заңы

0

Осы сабақта Паскаль заңы қарастырылады.


Алматы қаласында ұлы Абайға, хакім Абайға, дана Абайға мынандай сәнді ескерткіш бар:


Абай ескерткіші


Ескерткіш қоладан құйылған, іргетасы бетон мен алып тастармен бекітілген. Салмағы мындаған килограмм болатын бұл ескерткіш жерге зор күшпен, қысыммен басады. Бұл күш жоғарыдан төмен бағытталған. Ескерткішті қолымен ұстасаныз бұл қысымды сезе аласыз ба? Қолынызға зор күш әсер ете ме?


Жоқ әсер етпейді! Себебі қысым тек төмен ғана бағытталған.


Ал тіке аққан құбыр жарылса су жан-жаққа шашылып ағады:


Паскаль заңы


Суретте су құбырдың бағыты қызыл түспен боялған, ал су құбыры жарлығаннан кейін су жан-жаққа аға бастады, бұл жасыл түспен көрсетілген.


Сұйықтар мен газдардағы қысым қатты денелерден өзгеше таралады. Газдар мен сұйықтарда қысым жан-жаққа бірдей бағытталған. Бұл тұжырым Паскаль заңы деп аталады.


Паскаль заңының тұжырымдамасы


Газдар мен сұйықтарда қысым жан-жаққа бірдей мөлшерде тарайды.


Бұл заңды оң жетінші ғасырда көрнекті француз ғалымы Блез Паскаль ашты.


Паскаль шары


Блез Паскаль мынандай құрылғыны құрастырды:


Паскаль шары


Осы құрылғығы арқылы сұйық барлық бағыттарда бірдей тарайды. Осы құрылғы Паскаль Шары деп аталады.

Пән: Физика