Өзін- өзін тану пәнінің сабақ жоспары
Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
Өзін- өзін тану пәнінің сабақ жоспары
Автор: Кулданова Жубай Алпамысовна
Бағыты: Барлық пәндер Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: 3 сынып
Жарияланған уақыты: 2019-01-19
Материал туралы қысқаша түсінік
устаздарға
Мақсаты: Оқушыларға бәрі де сүйіспеншіліктен басталатынын түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.Міндеттері: 1. Білімділік: Оқушыларға айналадағы бәрін жақсы көру керектігін ұғындыру.2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы достық қасиеттерін дамыту.3. Тәрбиелік: Оқушыларды татулыққа тәрбиелеу. | Ресурстар:(материалдар, дереккөздер)1.bilim-all.kz2.https://infourok.ru |
Сабақтың барысы:
1. №15 – сабақ. Отбасы, достық туралы мақал – мәтелдер жазып келу.2. Келесі сабақ. №16, «Достар» мәтінін оқып келу.Сұрақтар:1. Зейін неліктен құстарды ұстап алмақшы болды?2. Әкесі оған қандай ақыл айтты?3. Құстар адамға қалайша дос бола алады?4. Өзің құстарға қандай жақсылық жасар едің? |
|
Татулық — достық кепілі. Халық мақалы. Сұрақтар: 1. Достықты, татулықты қалай түсінесіңдер?2. Достарыңды ренжітіп алсаңдар, қалай татуласар едіңдер?3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз? |
|
Адал достықЕржасын мен Темірлан тату, дос. Екеуі бірге ойнайды, мектеп асханасына бірге барады, кітапханадан бірге барып кітап алады. Қашан көрсең де егіз қозыдай бірге жүргені. Сейсенбі күні математикадан бақылау жұмысы болды. Неге екені белгісіз, сол бақылау жұмысынан кейін екі достың арасынан бір сызаттың түскенін, мұғалімі де оқушылар да тез байқады.Екеуі бір-біріне жоламайды. Ержасын өз бетінше сабаққа дайындалып отырады, ал Темірлан қоңырауда өзге сыныптағы балалармен ойнайтын болды.Сабақтан кейін мұғалім екі досты шақырып алып, ұзақ сөйлесті. Темірлан: – Бақылау жұмысы кезінде Ержасын дайын есептерді көшіріп алуға дәптерін бермеді және өзің шығар деп қарамай қойды, мен енді онымен дос болғым келмейді, – деді.Мұғалім шынайы дос туралы әңгімелесіп, түсіндірді.Келесі күні оқушылар өз көздеріне өздері сенбеді. Ержасын мен Темірлан сабаққа бірге келді, сабақ соңына дейін жұптары жазылмады, олар адал достықтың мәнін түсіндірген ұстаздарына дән риза.Сұрақтар:1. Шынайы дос қандай қасиеттерімен айқындалады?2. Өмірден алынған адал достық туралы мысалдарды білесіңдер ме?Айтып беріңдер.3. Өздеріңнің адал достарың туралы айтып берсеңдер |
|
Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.Оқушылар үш топқа бөлінеді.Тапсырма: Жағдаяттар шешу1- топСырым мен Дина дос болатын. Бірде Сырымның лақтырған добы Динаның басына барып тиді. Сырым добын домалатып теуіп ала жөнелді.Жанар мен Сырымның шын достар деп айтуға бола ма?Неліктен?Олардың достықтары қалай жалғасады деп ойлайсыңдар?2-топСанжар,Қайнар,Айдос үшеуі орманнан серуендеп келе жатты. Бір кезде өзенге жетті. Өзендегі көпір тар екен. Үшеуі қатар өте алмайтын болды.Бір-біріден өтпек болды.-Сен бірінші өт-деді СанжарҚайнарға.-Сен үлкенсің,сені сыйлаймыз.-Дұрыс,Қайнар бірінші өтуі керек,-деді айдос.Қайнар көпірмен өтіп брады.Бір кезде оның аяғы тайып, байқамай суға түсіп кетті.-Ойбай,құтқарыңдар! -деп айқайлады Қайнар— Санжар,сен секір! Қайнарды құтқар! Тез-тез-Өзің секір»-деді Санжар-Мен секірер едім, суық судан қорқамын.Суық тиіп қалады,-деді Айдос-Санжар мен Айдостың орнында болсаңдар не істер едіңдер?3 – топ:Құрбылары ЖанарғаБалмұздақ бергенді.Жанар кетті алға тез,Алды- артына қарамай,«Рақмет» деп, жалғыз сөзАйтуға да жарамай.— Сендер қалай ойлайсыңдар, осыдан кейін балалар Жанармен дос бола ма? |
|
Бала тілегіСөзін жазған :С.МолдасанұлыӘнін жазған:Ф.ЖолдасоваБал-балалық ,балдырған шақ сан арман,Барлық бала армандауға жаралған .Кел достарым, әндетіңдер, билеңдер,Гүлденсін деп атамекен-қара орман.Болашақтың иесіміз бәріміз,Туған жердің түрлендірер нәріміз.Алтын-бесік-ұлан байтақ елімде,Жарқын болсын шырқап айтар әніміз.Қалықтасын көгершіні көгінде,Мұңаймасын ешбір бала елімде.Ата берген батаменен көгерсін, |
|
7. Үйге тапсырма1. №16 – сабақ. 1 – тапсырманы орындау.2. Келесі сабақ. №17, «Жарты құрт» мәтінін оқып келу. | |
8. Сабақтың қорытынды сәті.Тыныс алуға зейін қою. Баяу музыка қойылады.Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз…, арқамызды тіктейміз…, қолдарыңды тізеге қоюға болады…Д е м а л….. ш ы ғ а р… (жаймен 9-10 рет) немесе 1………………2 [3]. Рахмет!Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. |
Материалды сайттан тегін жүктеу
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.