Өзін-өзі тану пәнінің сабақ жоспары

0







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




Өзін-өзі тану пәнінің сабақ жоспары

Автор: Кулданова Жубай Алпамысқызы

Бағыты: Өзін-өзі тану Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: 2 сынып

Жарияланған уақыты: 2019-01-16


Материал туралы қысқаша түсінік

Ұстаздарға




АБАЙ ЖӘНЕ РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ОқушыЖетекшісі

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күйлері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні» сияқты «ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс», деп айқын көрсетілген болатын.Қазіргі кездегі елімізді толғандыратын мәселелердің бірі – жастарды адамгершілікке, әдептілікке, адалдыққа, имандылыққа баулу. Бұл мәселелердің шешуін Абай жырларынан тануға болады. Сондықтан мен осы тақырыпты таңдауға шешім қабылдадым.Зерттеудің өзектілігі. Ел-жұрттың болашағын ойлап, халықты ауыр тұрмыстан, азаптан құтылудың жолын меңзеп, оқу-білімге шақырған, ол – Абай еді. Адам баласының өз заманындағы жаман қасиеттірінің бәрін санап, атап көрсетіп, содан арылуға, жақсылықты өн бойына жинауға, яғни тәрбиеге көп көңіл бөлген. Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашу сияқты, рулық тартыс, бітпейтін дау-жанжал елдің сиқын бұзатынын, еш мақсатсыз бос жүрген халықты көріп, қатты қынжылған. Ел ішіне іріткі салатын, өтірікпен мал жиып, байыған би-болыстарды өлеңмен шенеген.Қазіргі Елбасы жолдаған рухани жаңғыруды бетке алған тұста негізгі бағыт аларымыз Абай болмақ.Қанша ғасыр өтсе де, өзінің құнды ойларымен, асыл сөздерімен қалың жұртының жүрегінде жатталған Ұлы Абай есімін бүгінгі жас ұрпақ та зердесіне тоқып, оның ғибратқа толы шығармаларынан тәлім-тәрбие мен рухани нәр алып өсіп келе жатыр. Ұлы Абай – қазақ халқының руханияты мен мәдениетінің символы. Оның ілімі халықтың рухани жаңғыруымен тығыз байланысты, ал даналығы қазіргі заманмен үндес. Абай өлеңдерімен танысу сана көзіңді ашып, терең ойға баулиды, жақсы көңіл күй мен сезімге бөлейді, асыл армандарға жетелейді, өзіңді түсініп, жаман ойдан тазаруға итермелейді.Рухани жаңғырудың негізі Абайдан бастау алады. Рухани жаңғыру деген — тіл, рухани жаңғыру деген – Абай, рухани жаңғыру деген – Алаш. Ойшыл Абай халқының мүшкіл халін ойлап, өткір сөзімен сол қауіптен құтылар сара жолды көрсетті. Яғни, Абай рухани білімді әлем заңдылықтарының негізгі қайнар көзі ретінде ұсынды. Ендеше, кемеңгерді кеңірек тану, оның жүрегіне терең бойлау – қазақ баласы үшін рухани тәрбиемен сусындаудың негізгі жолы. Абай шығармаларын қайта оқып, оны түсінуге талпыну – рухани жаңғыруға апарар анық жол болмақ.«Отыз сегізінші сөзінде», Абай: «Хакім, ғалым асылда бір сөз, бірақ дүние тануда басқаланады», дейді. Яғни, ол басқалану Абайдың түсінігінде бұрыннан айтылып келе жатқан қағидалы өсиет (нақыл) сөзге жүйріктер ғана ғалым аталады. Абай: «Дүние де өзі, мал да өзі, ғылымға көңіл бөлсеңіз…Ақыл сенбей сенбеңіз, бір іске кез келсеңіз…Надандарға бой бермей, шын сөзбенен өлсеңіз», дейді. Абайдың ең басты жұмбағының шешуі ізденушілік, зертеушілік, ол хакімдік, данышпандық-философиялық жол. Ол даму жолы, ол ғылым жолы… . Абайдың өзімен сөзі бір жерден шығады. Абайдың даналығы осында.Халықтың қамын ойлаған Абай алдымен бірлікке, достыққа шақырады:                 «Біріңді қазақ бірің дос,Көрмесең істің бәрі бос».Осы ұстаздық жолынан Абай жалықпай өтті.Абай — қазақ халқының ұлы ұстазы. Ол халқымыздың қамын ойлаған қамқоршысы. Барлық адамзат баласына әділетті жол көрсеткен, өмірден шындық іздеген дана. Халқымыздың басынан кешкен жақсы-жаман тағдыры Абай жырынан орын алған. Халқымыздың  тілі де, өнері де, тарихы да, діні де, ғылымы да тіршілік-қарекеті де, ойы да, бойы да Абай жырынан көз алдымызға келеді, елестейді.Абай – біздің ортақ игілігіміз, – деп нық айтқан еді Түркияның белгілі мемлекет қайраткері Намык Кемал Зейбек. – Абай адамзатқа қажет! Біз Қожа Ахмет Ясауиді, Абайды, өткен ғасырлардың басқа дана адамдарын өз әкелеріміздей біліп құрметтеуіміз керек».Абай шығармашылығы Еуропа мен АҚШ-қа да белгілі. Қазақ ақын-жазушыларының үлкен досы Леонард Кошут қаламынан Абайдың 20 өлеңі алғаш рет неміс тіліне аударылып шыққан еді. Осы аудармашы Берлиннен «өзіндік, қайталанбас, терең мағына мен маңызға толы Абай сөздерінің інжілдік-шығармашылық қуаты» өзін таңғалдырғаны туралы жазады. «Оның поэтикасы сіресіп қалған дәстүрлерді өлең құрылысына, бейнелілігіне, дауыс ырғағына дейін бұзады, аудармашы ақын алдына күрделі мәселелер қояды…» деп таңданады ол. Абай өлеңдері авторды түрлі көңіл күйде – батыл, мазасыз, ойлы, қайғылы, жалғыз етіп көрсетеді. Мұның бәрі бізге, ХХІ ғасыр оқырмандарына арналған.Абай, ең бірінші, – қазақ халқының жаны, ал оның «қара сөздері» әлем мен адамдар мағынасын ұғынудың құнды кітабына айналды. Абай үні ғасырлар өтсе де өзінің қуатты күшін жоғалтқан емес. «Рас, бұрынғы біздің ата-бабаларымыздың бұл замандағылардан білімі, күтімі, сыпайылығы, тазалығы төмен болған, бірақ бұл замандағылардан артық екі мінезі бар екен… Ат аталып, аруақ шақырылған жерде ағайынға өкпе, араздыққа қарамайды екен, жанын салысады екен… Бұлар да арлылық, намыстылық, табандылықтан келеді», деген Абай үні (Отыз тоғызыншы сөз) ғасырдан артық уақыт өтсе де өзінің қуатты күшін жоғалтпай, тереңдігімен таңғалдырады.Абайдың 150 жылдық мерейтойы 1995 жылы ЮНЕСКО деңгейінде бүкіл әлемде кеңінен атап өтілді. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев кезінде ұлы Абайдың мерейтойын ЮНЕСКО-ның Естелік күнтізбесіне енгізу туралы ЮНЕСКО-ға хат жазған болатын. Елбасының осы ерлікке пара-пар әрекетінің арқасында Абай мерейтойының биік деңгейде атап өтілуі үлкен әлемдік құбылысқа айналып, шетелдік оқырмандардың ұлы ақын, ойшыл мұрасына қызығушылығын арттырғаны белгілі.Жақсылықты, адалдықты ту еткен данышпанның қоғамдағы орнын айқындап, ақынға «рухани сардар» деген атақ беріп, оны оқудың шексіз мәнін ашты. Қазақ қоғамының рухани сардарлардың іліміне әрдайым мұқтаж екендігін ойшылдың өзінің: «адаспай тура жол іздеген хакімдер болмаса, дүние ойран болар еді» — деген мәнді сөздерінен де аңғаруға болады.Қазіргі уақытта адам жаны табиғаттың экологиялық ахуалы сияқты күй кешуде. Осы жағдайдыжақсарту үшін адамзат рухани жаңғыруы тиіс, жаңғырудың негізгі кілті Абай ілімінде жатыр. Абай ілімінің негізгі өзегі – адам санасының ізгілікке өзгеруі. Ақын қоғам тәрбиесі жеке тұлға тәрбиесінен бастау алатынын көрсетті. Адал жолмен жүрмей адам түзелмейді, адам түзелмей қоғам түзелмейді, қоғам түзелуі үшін әркім жеке-жеке өзін-өзі түзетіп, адалдықтың ақ жолын аңғарып алғаны абзал. Абайды оқушы ойлы көзбен қараса, онда ол өзін-өзі тазалайды. Жаны таза адам жамандыққа бармайды. Жүрекке тұнған Абай ілімі жамандыққа жібермейтіні сөзсіз. Абай Ислам дінінің негізіне сәйкес адамдар тобын үш сатыға бөледі.Төменгі саты – күйбең тірліктің күнін күйттеп жүргендер. Білімге құмарлығы жоқ, артық білуге талпынбайтын адамдар тобы. Бұл туралы Абай отыз сегізінші қара сөзінде толықтай сөз етеді де, бұл топтағы адамдарды «жарым адам» деп атады. Ал, білімге деген қызығушылық адамдық жолын анық көрсететінін: «Қашан бір бала ғылым, білімді махаббатпенен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады» -деп айтты.Орта саты – өзін-өзі, өзіндік болмысын толық танып, адамдықтың шыңына жету сатысы. Бұл сатыға әділеттілік, адалдық, мейірбандылық, қамқорлық, достық сияқты барлық гуманизм шарттары енеді. «Бес нәрседен қашық бол, бес нәрсеге асық бол, адам болам десеңіз» — деп таратып, оң мен солымызды айғақтап береді.Жетілудің жоғарғы сатысы – рухани жетілу. Рухани жетілген адам – тән емес, жан азығын қамдаған адам. Бұл туралы ақын он жетінші қара сөзінде ақыл, қайрат, жүрек өнерлерін таластырып келгенде ғылым: «Осы үшеуің бір кісіде менің айтқанымдай табылсаңдар, табанының топырағы көзге сүртерлік қасиетті адам – сол. Үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтадым» — деген. Қазақ қанша жыл қайратты пір тұтып зорлық-зомбылықтың құрбаны да болды, ал қарыштап дамыған заманда ғылым-білімге ден қойып, түрлі заттар ойлап тапқанымен, оның зардабын да тартып жатқандығы жатыр. Бұл екеуін жүрекке бағындыруының себебі де осы. Жүректе Абайдың «үш сүю» негізі жатыр:«Махаббат пен жаратқан адамзатты,Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті.Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,Және сүй Хақ жолы деп әділетті»Абай түсінігіндегі «толық адам» — нұрлы ақыл, ыстық қайрат, жылы жүректі бірдей ұстай білген адам. Бұл үш сатыны толық бағындырған адам – Абайдың ойын жетік меңгерген адам. Белгілі абайтанушы Мекемтас Мырзахметұлы: «Абайдың «толық адам» ілімін бүкіл қазақ пен түркі халқының санасына сіңдіре алсақ, рухани жағынан мүлде жаңа жолға түсеміз. Тазарамыз. Пайданың емес, ардың жолына түсеміз», — деген болатын.Дана Абай отыз сегізінші қара сөзінде: «Адам баласы үш нәрседен: надандықтан, еріншектіктен, залымдықтан қор болады, нағыз кісі болудан қалады», — деп нағыз адам болу жолын көрсетті. Рухани жүдеулікке ұшыраған адам баласы «өзіңе сен, өзіңді алып шығар, еңбегің мен ақылың екі жақтап» деген ұранды жадында жаттап алғаны дұрыс. Ұлттық сананы өзгерту үшін ең әуелі жеке адам санасы оянуы керек.Қорыта келе, Абайды тану арқылы біз өз болмысымызды танып, болашағымызды бағдарлаймыз. Бүгінде Абай есімі жеткілікті деңгейде ұлықталып жатыр. Бірақ оның шығармаларымен жаңғыру деңгейіне әлі жете қоймадық. ХХІ ғасырда кез келген қоғамның парқын, түптеп келгенде, адам сапасымен өлшеу үрдісі бірінші орынға шығып отыр. Бұл ретте Абай армандаған «бүтін адам», Абай көксеген «толық адам» тұжырымдамасы ең озық идея ретінде бүгінгі зерделі оқырманды да бей-жай қалдырмайды. Данагөй ақынның терең ойлары мен асыл сөздері, өлеңдері мен қара сөзері қай заманда болмасын жақұттай жарқырап, көкіректерге нұр болып құйыла берері хақ. Оның мұрасы жаңа ұрпақпен бірге жасай береді.Абай – адамзаттың ақыны. Оның шығармалары – бүкіл адамзат игілігі. Оның поэзиясы – мәңгілік поэзиясы, даналықтың, махаббат пен адалдықтың поэзиясы. Соңғы жылдардағы зерттеулерде Абайдың рухани ізденістері терең ашылып, оның ұлттық рухани қалыптасуындағы рөлі айқындалды. Бүкіләлемдік қауымдастық Абайдың туған күнін 1845 жылдың 10 тамызы деп есептейді. Алайда соңғы кезде кейбір отандық ғалымдар ескі жыл санауға сүйеніп, оның туған күнін 23 тамыз деп ұсынуда. Әлемдік қауымдастық, Еуропа, Азия мемлекеттері мен АҚШ-тағы ірі әдебиеттану орталықтары, сыншылар мен баспагерлер, Абай шығармаларын аударушылар оның туған күнін жыл сайын 10 тамызда атап өтеді. Қазақстан халқы Абайдың туған күнін 10 тамызда тойлайды, бұл дата мектеп және ЖОО оқулықтарында, ел таныған абайтанушылардың ғылыми еңбектерінде нақты көрсетілген. ХХІ ғасырда мәңгі жас классиканы жаңаша оқу үрдісі өтуде. Ғұлама ақын, ойшыл Абайдың мұрасын жаңаша ұғыну жалғаса береді, оның жалынды өлеңдері ешқашан да өзінің күшін жоғалтпайды. Өйткені Абай халықпен мәңгі бірге.Абайдың поэзиялық мұрасына қоса қара сөздері беретін бір заманда бағасы жойылмайтын бір үлкен қымбат қазына – деп ойлаймын.Адамгершілік қасиеттер отбасында, қоршаған ортада, балалар бақшасында, мектепте, адамдардың іс — әрекетінің барысында бір-бірімен араласуы нәтижесінде, қоғамдық тәжірибе алуын өмірмен байланыстыру арқылы қалыптасады. Халықта: «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген мақал бар. Сондықтан адамгершіліктің іргетасы отбасында басталады.Тәлім-тәрбие болмаған жерде адамгершілік мәдениеті мен қасиеті де қалыптаспайды дегеніне көзім толық жетті. «Адамға ең бірінші керегі білім емес, тәрбие. Тәрбиесіз білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне апат әкеледі», деген Әбу Насыр Әл-Фарабидің сөзін әрдайым жадымызда сақтауымыз керек деп ойлаймын.Барша қазақ баласы Абайды тануға, білуге, Абаймен мақтануға тиіс. Ендеше, біз бастауыш сынып ұландары Абай шығармаларынан үлгі ала отырып, адамгершілігі мол, саналы тәрбие мен сапалы біліммен қаруланған тұлға болып қалыптасып, Отанымыздың гүлденуіне өз үлесімізді қоса білейік. Абай жыры — халық дастаны.Абай жыры — адамның ар-ұятын оятатын нұр сәулесінің шапағаты. Қазақ  «Талапты ерге нұр жауар» десе, сол жауатын нұрдың көзін Абай даналығынан  табамыз. Абайдың: «Ұятың, арың оянсын, Бұл сөзімді ойлансын…» дегені сол ғой, адамдық арды ойлаған жандар Абай сөзіне тебіренбей қоймайды.Қорыта келе Ұлы бабамыз Абайдың ұлылығын еске алу, Абайды толғау, Абайдан үйрену, оның рухани байлығын меңгеру – жан дүниемізді жаңарту.Қолданылған әдебиеттер:1. Абай педагогикасы «Келешек — 2030» Көкшетау, 20032. Абай қара сөздері «Көшпенділер» баспасы Алматы, 20071. Б.Ыбырайым. Ақындар аманаты: Хрестоматия-компендиум.-Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ: «Ұлағат» баспасы, 2012.-360 б.2. Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы. – Алматы, «Әдебиет әлемі», 2013.-500б.3. Абай – мәңгілік поэзия. Егемен Қазақстан. №152 (29133) 10 тамыз 7-б.4. Абай. Қара сөздері. – Алматы: Өнер, 2006. – 124 б.5. Абай. Қалың елім, қазағым…Өлеңдер . -Алматы: Атамұра, 2002. -224 б.







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.