Өзен деген не? Қазақстандағы өзендер

0
330

Өзен дегеніміз табиғи арнасы арқылы ағып жатқан су ағыны. Мысалы Есіл өзені Нияз тауларының бөктерінен басталып, төмен қарай ағып, Ертіс өзеніне құяды:


Есіл өзені


Өзен бастау мен атырауы


Өзен бастауы және атырауы бар болады. Біріншісі өзеннің басы ал екіншісі өзеннің соңы болады. Өзен бастауы тау мұздықтарынан, көлден, жер асты бұлағынан немесе өзге өзендердің бірігуінен пайда болады.


Ал өзеннің атырауы осы өзеннің өзге өзенмен қосылуында, өзеннің көлге, теңізге немесе мұхитқа құйылған жерінде пайда болады.


Мысалы Есіл өзені Ертіс өзеніне құяды. Есіл өзенінің атырауы екі өзеннің қосылған жерінде болады. Ал Жайық өзенінің атырауы Каспий теңізіне құйылған жерінде болады.


Қазақстандағы өзендер


Қазақстан жерінде талай өзен бар. Осы өзендердің ең ірілері – Ертіс, Сырдария, Жайық, Есіл, Іле, Тобыл және Шу өзендері.










АтыҰзындығы, км
Ертіс4 248
Есіл2 450
Жайық2 428
Сырдария2 219
Тобыл1 591
Іле1 439
Шу1 186

Бұл өзендердің барлығының суы мол. Қазақстандағы өзендер осы өзендермен ғана шектелмейді. Бұл ірілері, ұсақтары да баршылық. Мысалы Жетісуда жеті өзен бар. Бұлар Балқаш көліне құяды:


Балқаш көлі

Пән: География