Өз балаңа үлгі бол!ашық тәрбие сабағы

0





Өз балаңа үлгі бол!ашық тәрбие сабағы

Автор: Әбіл Гүлзира

Бағыты: Сынып жетекші Бөлімі: Тәрбие сағаты Сыныбы: 9 сынып

Жарияланған уақыты: 2019-02-03


Материал туралы қысқаша түсінік

Сынып жетекшілерге көмек ретінде ұсынамын бұл ашық тәрбие сағатты ата-анамен оқушылармен бірігіп өткізілген үлкен тәрбие сағатты




С.Бердіқұлов атындағы орта мектеп КММ

Өз балаңа үлгі бол!!!Ашық тәрбие сағатты(9а-сынып)

Сынып жетекшісі: Әбіл Г.

2018-2019 оқу жылыҚұрметті ата-аналар, қонақтар 21 ғасыр ата-аналарының «Өз балаңа үлгі бол» тақырыбындағы ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! мемлекетіміз балалардың денсаулығын сақтауға, білім алуы мен тәрбесіне көптеген күш пен қаржы жұмсау арқылы біздің отбасымыздың түрлі мәселелеріне қатты көңіл аударып отырғанын көрсетеді. Өскелең ұрпақтың еңбек және зияткерлік әлеуетін отанның мүддесін дамыту міндеті еліміздің мемлекеттік саясатының ең маңызды басты міндеті болып табылады. Бала мүддесіне немқұрайлылықпен қарау орын алған, ата-аналары баланың тәрбиесіне жауапты әрі белсенді араласудан қашатын отбасында балалар білім алуда, мұғалімдермен және құрдастарымен қарым-қатынаста қиындықтарға тап болады. Ата-ананың немқұрайлығы мен зорлық-зомбылығының қысымындағы бала – екіжүзді, және оның қарсылығы мейрімсідіктен кек пен ызаға айналады. Осымен бір мезетте оның өзіндік адамгершіл қасиеті де жоғала бастайды. Мұндай жағдайда жеткіншек жасындағы балалардың темекі шегу, көргенсіздік, өзінің міндеттерін елемеу, көбінесе ішімдік ішу және есірткі қолдану немесе кейбіреуі шынайы өмірден компьютерлік ойындармен виртуалды әлемге, әлеуметтік желілердегі виртуалды қарым-қатынастарға еніп кететін түрлі әумесерлік қылықтарға бой алдырады. Отбасының қолдауы мен түсіністігін сезінбеген жеткіншек қазіргі замандағы теле және интернетке тәуелділік, есірткі, ойын әуестігі, дүниеқоңыздық сияқты көптеген теріс азғыруларға оңай бой алдырып эмоционалды салқынқанды бола бастайды. Әлемде ұятсыз, қатыгез баладан қасіретті не бар?Ал егер отбасы махаббат пен сүйіспеншілікте, кішіпейілділік пен мейірімділікте өмір сүрсе баланың өзіне деген сенімділігі, өзін-өзі бағалауы жоғарылап білім алуға деген талпынысы күшейеді; ол сыныптастарымен дос болғысы келеді; ұстаздарына сыйластықпен қарайды. Ол ержеткенде өзінің алдына биік мақсаттар қояды және дегеніне жетуге барлық күш жігерін жұмсайды. Қазіргі замандағы қиын жағдайда отбасына мектеп тарапына жүйелі және білікті көме керек. Ата-ананың педагогикалық біліксіздігі өте қауіпті. Себебі ата-аналық қателіктерді түзете отырып баланы қайта тәрбиелеу баланы басынан бастап бұрыс сөздер айтпай, теріс әрекеттер жасамай тәрбиелегеннен әлдеқайда қиынырақ. Сондықтан да ата-ананың пелагогикалық мәдениетін көтеру кез-келген жеке отбасы мен түгел қоғамның міндеті. «Балаларға көмектің ең дұрыс тәсілі бұл – олардың ата-аналарына көмек көрсету» — деп американдық жазушы Томас Харрис дәл айтқандай. Отбасылық Тәрбиелеу Институты конференция бағдарламасын жасап оны тек қана пайдалы ақпараттармен ғана емес Бүгінгі күнге сіздері осы ашық сабаққа шақыра отырып бүгінгі күн тәртібіне:

  • 1.2-Тоқсан қорытындысы
  • 2.Ұлттық тәрбие (Рәміздер,Елтаңба,Ту)
  • 3.Ата ананың баламен қарым –қатынасы
  • 4. Әр түрлі сұрақтар
  • 5.Психологтармен жүргізілген жұмыс

Өздерініз көріп отырғандай бұл жерде бір топ мектеп оқушылардың мәңгілік алаудың үстін басып турған көруге боладыЕнді осы жерде сұрақ туындайды сіз балаңызға мемлекет раміздері Мәңгілік алау туралы балаңызға қаншалықты түсіндіресіз?қоғамдық орында балаңыз өзін калай алып жүруі керек?осындай көп сұрақтарға жауап бере аласызба балаңызға және қандай түсіндіру жұмысын жүргізесіз?Иә,ойланған шығарсыз енді мен түсіндіріп өтейін егер қандайда бала немесе түлға мемлекеттік раміздермен ескерткіштерді бүлдірсе немесе таптап құртса өмірлік учетқа алынады және көп мөлшерде айып пұл төленеді сол үшін балаларыңыздың қоғамдық ортада өзін дұрыс ұстап рәміздерді құрметтеуге үйретуіміз керек!

Ендігі сөз кезегін мектебіміздің психологі Хобыланды Гүлзада апайға беріледі.

Ата -аналар балаларымен ойын ойнады.сауалнама алды. >







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.