Өткізгіштерді тізбектеп және параллель жалғау

0



Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады

Өткізгіштерді тізбектеп және параллель жалғау

Бағыты: Физика Бөлімі: Презентация Сыныбы: 8 сынып

Өткізгіштерді тізбектеп және параллель жалғауды үйрену

Сабақ мақсаты:Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғауды түсіндіру.Ойлау қабілетін, танымын, өткізгіштердің тізбектей және параллель жалғауын күнделікті өмірмен байланыстыра отырып оқушыларға жеткізу.Оқушының ғылымға деген қызығушылығын арттыру; еңбекке, ұжымшылдыққа, халық дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу. Сұрақ-жауап.Ток күші деп нені айтады? Оның өлшем бірлігі.Өткізгіштегі ток күшін қандай құралмен өлшейді? Ол тізбекке қалай қосылады?Электр кернеу деп нені айтады? Ол қандай бірлікпен беріледі?Тізбектің бөлігі үшін Ом заңын тұжырымда.Өткізгіштің кедергісі неге және қалай тәуелді?Ток көзіне нелер жатады?Токтың әсерлері қандай? Техника және тұрмыста әр түрлі тұтынушылар: қыздыру шамдары, үтіктер, электр пештері, электрқозғалтқыштары және т. б. қолданылады.Өткізгіштерді жалғаудың тәсілдерін қарастырайық. 1- жағдай. Егер бірінші өткізгіштің соңы екінші өткізгіштің басымен, екіншінің соңы үшіншінің басымен жалғанса, онда мұндай қосуды тізбектей жалғау деп атайды. Бір секундта өткізгіштің көлденең қимасы арқылы бірдей мөлшердегі еркін заряд тасушылар өтсе, өткізгіштерді тізбектей жалғағанда, өткізгіштердегі ток күшінің шамасы бірдей болады. Алайда өткізгіштің ұштарындағы және кернеулері әр түрлі. Тізбектің әрбір бөлігіне Ом заңын қолданамыз. Демек, . ; ; екенін ескере отырып: аламыз. Егер арқылы өткізгіштердің жалпы кедергісін белгілесек, онда .Тізбектей жалғанған бірнеше өткізгіштен тұратын тізбектің кедергісі жеке өткізгіштер кедергілерінің қосындысына тең.Өткізгіштерді тізбектей жалғағанда ток күштері тең, ал тізбектегі жалпы кернеу оның бөліктеріндегі кернеулердің қосындысына тең болады, ал жалпы кедергі әрбір өткізгіштің кедергілерінің қосындысынан тұрады: ; ; . 2-жағдай. Егер өткізгіштердің басын бір ғана А нүктесінде, ал ұштарын екінші бір В нүктесінде жалғасақ, онда мұндай жалғауды өткізгіштердің параллель жалғау деп атайды. Электр тізбегінің екі өткізгіштен артық өткізгіштер түйісетін нүктесін түйін (суретте А және В нүктелері) деп атайды. Тізбекті параллель жалғағанда, екі параллель арнаға тармақталған су ағыны тәрізді, ток өткізгіштер бойымен тармақталады. және тармақталған ток күштерінің қосындысы тармақталмаған бөлігіндегі токтың шамасына тең, яғни .Ом заңының негізінде бірінші өткізгіштің ұшындағы кернеу: , ал екінші өткізгіштің ұшындағы кернеу: болады. және бір-біріне тең, себебі, олар А және В бір ғана нүктелердің (түйіндердің) арасындағы кернеу болып табылады, осыдан екендігі шығады.Жоғарыдағыны ескеріп және жалпы кедергіні арқылы белгілей отырып, , формулаларын аламыз. Бұл формулалардың оң және сол жақ бөліктерін қосамыз, сонда немесе . Демек, немесе .Өткізгіштерді параллель жалғағанда, тізбектің барлық бөліктерінде кернеу бірдей, ал жалпы ток күші әрбір өткізгіштегі ток күштерінің қосындысына тең, жалпы кедергі әрбір өткізгіштің кедергісінен кем болады. ; ; . 20-жаттығу1. Суретте тізбектей жалғанған үш өткізгіштің сұлбасы берілген. Кедергісі өткізгіштегі кернеудің төмендеуі . Кедергісі болатын өткізгіштің кернеуін және олардың ұштарындағы кернеу 120 В болғандағы өткізгіштің кедергісін анықтаңдар. Берілгені: Табу керек -? Жауабы: 16 В, 480 Ом 2. Суретте параллель жалғанған екі өткізгіштің сұлбасы берілген. Кедергісі өткізгіш арқылы ток өтеді. ток өткендегі өткізгіштің кедергісін анықтаңдар. Берілгені: Табу керек — ? Жауабы: 275 Ом 3. Кедергілері 20 Ом және 30 Ом болатын екі резистор кернеуі 24 В электр тізбегіне жалғанған. Тізбекке екі резисторды тізбектей және параллель жалғағандағы ток күші қандай?Берілгені: Табу керек — ? — ? Жауабы: 0,48 А; 2 А.
Физикалық шамалар Белгіленуі Өлшем бірлігі Ток күші Кернеу Кедергі Меншікті кедергі Үй тапсырмасы: §25. 5,3 жаттығу. №4-5 есептер.


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.