Отбасы мәселесінің психологиялық негіздері | Скачать Материал
Отбасы тәрбиесін жетілдіруде оның мектеппен ынтымақтастығын жетілдіру
жолдарын көрсетіңіз
Жоспар
Кіріспе
1. Отбасы мәселесінің психологиялық негіздері
2. Отбасыдағы тұлғааралық қарым-қатынастың қалыптасу ерекшеліктері
3. Отбасы қарым-қатынасындағы негізгі бағыттары
4. Отбасы мен мектептің ынтымақтастығының түрлері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Отбасы баланың ең жақын әлеуметтендіру ортасы. Осы ортада баланың
өмірдің мақсаты, оның құндылықтары, не біліп, өзін қалай ұстау керектігі
туралы алғашқы мағлұматтар меңгеріледі және онда басқалармен қарым-қатынас
орнатуға дағдыланады. Сөйтіп, өзінің кім және қандай екенін,
басқалардың кім және қандай екенін тәжірбиеде сынап байқап көреді.
Балар отбасында әртүрлі жағдаяттар мен төтенше ахуалдарда өзін ұстаудың
нормаларын, мінез-құлқын реттеудің өлшемдерін меңгереді. Отбасы
психологиясын зерттеушілер А.Г.Харчев, А.Н.Антонов, З.И.Файнбург,
Д.Горборинко оның функцияларын ата-ананың үгіт-насихаты, түсіндіруі,
олардың үлгі-өнегесі, үйдегі ахуал, отбасының психологиялық тынысы арқылы
балалардың әдеті, мінез-құлқы, жақсы-жаманды бағалау уәзіндері (критерий)
қалыптасуымен бірге қандай қылықтары үшін сөгіс алып, не үшін
жазаланатынын, әділдік пен адалдық үғымдарын меңгереді деген тұжырымдар
жасады.
Қазақстан Республикасының Конститутциясында балаларына қамқорлық
жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы деп,
отбасының міндеті нақты көрсетілген.
Қазақстан-2030 бағдарламасында балаларымызды алыс болашақта қандай
сапада көруіміз керектігі айтылған. Сонымен бірге, отбасы туралы заң жоғары
және орта білім тұжырымдамасында әрбір отбасына өзінің ұрпағын тәрбиелеп,
қатарға қосу міндеті жүктелген.
Қазіргі заманда отбасының құрылымы өзгеріп, оның мүшелер саны азайып,
бала саны да кеми түсті. Қоғамдағы әлеуметтік, мәдени экономикалық
жаңғырулар, әр түрлі сипаттағы әлемдік деңгейдегі ақпарат алмасу, отбасы
мүшелерінің арасындағы қарым-қатынас сипатына да өз әсерін тигізіп отыр.
Қазіргі аналардың көпшілігі жұмыс жасайтын болғандықтан бала уақытының
көбін пассивті тәрбиешілермен өткізеді. Бала тәрбиесі қалалық отбасына тән
болып отырған келесі ерекшеліктерімен шартталған: балалардың көбісі күннен
күнге ұлғайып отырған айырылысулардың нәтижесінде әкесіз немесе анасыз
өседі; теледидар, жеке бөлме т.с.с. өркениеттің жетістіктері балалар мен
олардың ата-аналарының арасындағы қарым-қатынас процесін қиындатады.
Кімнің болса да жүрек түкпірінде туған жерге, Отанға, отбасына да деген
қимастық сезімі болады. Осылардың ең биігі елжандылық, отансүйгіштік
қасиет. Бұл қастерлі ұғым арқылы қоғамның негізі қаланады. Отан отбасынан
басталады, демек өзіңнің ата-анаңды қалай қастерлесең, Отаныңды да сондай
қасиеттей біл. Ер жігіт елі үшін туады деген ғой. Отан қорғау саласында
еңбек етуімнің өзі елжанды болуымнан деп ойлаймын.
1. Отбасы мәселесінің психологиялық негіздері
Жанұя — адамның эмоциясы, уайымы, көзқарасы мен қатынасынымен байланысты
емес, ол — ерекше феномен. Жанұя феноменінің бір жолы оның құрылымын,
тарихи уақыт талабына сай өзгеруін және бір отбасының өмірлік циклын
логикалық түсіндірілуі. С.И.Голод (1998) пікірінше отбасы феноменінде
құрылымдық өріс ерлі-зайыптылар және ата – ана мен бала қатынасы деп
қарастырады. Жанұя –неке негізінде немесе қан жағынан туыстас шағын топ,
олар өзара көмек көрсету, жауапкершілік алу және тұрмыстық жалпылылықта
байланысады (Эйдемиллер, Э.Г.Юстицкий В.В., 1990). Жанұя балаға ықпал
етеді, оны қоғамдық өмірге жетелейді. Отбасының тәрбие институтты ретінде
маңызы онда бала өз өмірінің маңызды бөліктерін өткізеді және де тұлға
ретінде қалыптасуына ықпал ету ұзақтығы жағынан басқа тәрбие институттарына
бой бермейді деп көрсетті Шужебева А.И өз зерттеу жұмысында [2,21].
Терең тұлға аралық қатынастарды реттеу механизмдеріне арналған
жұмыстарды талдауда шетелдік ғалым Э.Фромм және ресейлік ғалым М.И Лисина
ол өзіміздің қазақстандық ірі ғалымдардың бірі С.М.Жақыповтардың қойылған
мәселені толығымен шешуге мүмкіндік берді. Біріншіден, отбасы жағдайында
бірлескен іс-әрекетті орындау барысында жеткіншектердің құндылықты-
мағынылық құрылымдардың қалыптасу жағдайларын нақтылауға мүмкіндік берілді.
Екіншіден, жеткіншектердің тұлғалық дамуында ауытқулардың пайда болуының
отбасы ішіндегі алғышарттарын анықтауға мүмкіндік береді. Зерттеудің
методологиялық бағытына қарай жеткіншектерге отбасы ішілік құндылықтарды
беру процесі, отбасы мүшелнрі арасындағы бірлескен әрекет пен эмоцияның
өзара байланыстардың үйлесімділік механизмдерін қолдануға негізделеді
[4,10].
А.Б.Харчев берген отбасы ұғымына түсініктеме неғұрлым жалпылама болып
табылады: Отбасы денелік өмір мен әлеуметтік ағза өмірінің арасында
байланыстырушы звено болып табылады.
Қазіргі таңда отбасы қызметінің ортақ топтамасы немесе жіктемесі жетік
түрде толық жасалмаған. Мысалға, Г.М.Свердлов және В.Л.Ресенцев (1958)
отбасының маңызды қызметтеріне ұрпақ жалғастыру, тәрбиелеу, шаруашылық және
өзара көмек көрсету қызметтерін айтады.
Э.К.Васильева (1981) өз зерттеулерінде отбасы қызметінің үш тобын
қарастырады:шаруашылық-экономикалық , генеративті тәрбиелік, мәдени,
репродукциялық. С.Д.Лаптеноктың пікірінше, (1967) отбасының маңызды
қызметтеріне шаруашылық –тұрмыстық, халықтың көбеюі, өз мүшелерінің
демалысын ұйымдастыру, тәрбиелік жатады.
70-шы жылдары басты назар отбасындағы қарым-қатынас пен оның тұлға
қалыптасу процесінде алатын орны туралы Б.П.Парыгин, А.Г.Харчев. Ол әйел
адамның кәсіби іс-әрекетімен отбасы жағдайындағы міндеттерін үйлестіре білу
сипаты және де отбасы өміріне қалай ықпал етеді деген тақырыптарда
С.Голод, З.Янкова т.б. зерттеді.
З.И.Файнбург отбасындағы эмоциялық жағдайлар, олардың отбасы ішілік
қатынастың тұрақтылығына ықпалы,отбасының тұрақтылық жағдайы туралы
Ю.Г.Юркеевич отбасы мүшелері арасында қысымның бөлу себептерін және
А.М.Уматинов және т.б. зерттеді.
70-шы жылдардың аяғына қарай отбасы мен неке психологиясында неке
жұптарындағы әлеуметтік-перцептивті үрдістерді зерттеп, анықтаған
Ю.Е.Алешина, қалалық отбасыларда некелік рольдерді бөліп беруді,
З.И.Янкова және т.б. қарастырды. Жанұя ішіндегі қарым-қатынастың даму
заңдылықтарын саналы түрде түсіну талпыныстары жасалды,зерттегендер мысалға
А.А.Бодалев, Н.Н.Обозов және т.б.
Соның қарым-қатынасындағы маңызды обьект бала. Бала қай жас ерекшелік
кезеңінде болмасын, ол әрдайым отбасының яғни ата-ананың қамқорлығын қажет
етеді.Сол кезеңнің бірі яғни бала өміріндегі толқымалы кезең жеткіншектік
кезең.Жеткіншектік кезеңді қазіргі зерттеулер оның әртүрлі аспектілерін
қамтиды: тұлға дамуының негізгі көздері мен механизмдері туралы зерттеген
ғалымдар Фельдштейн Д.Л,Кондратьев және т.б. тұлғалық жаңа құрылымдардың
ерекшеліктері туралы шетелдік ғалымдардан Кон И.С. Дубровина зерттеді,ол
жас ерекшелік дағдарысының құрылымын зерттегендер Гаврилова Г.П., Драгунова
Т.В. және т.б, ал танымдық эмоциялық –еріктік және мінез-құлықтың
ерекшеліктерін Кучинский,жеткіншектегі өзіндік сананың құрылымы мен қызметі
туралы Баруалкина В.В.тұлғаның анамальды даму механизмдері туралы Дозорцева
Е.Г сияқты ғалымдар зерттеді. [7,5]
Жеткіншектерді зерттеуге психология ғылымындағы базалық теориялар мен
концепциялар негізге алынады. Психиканың онтогенезде дамуы мен тұлғаның
қалыптасуы жайлы Л.С Выготский мен А.Н. Леонтьевтің ғылыми мектебінде
қалыптасқан психикалық даму теориялары жеткіншек жасының ерекшеліктерін
зерттеген негізгі жұмыстар және жеткіншектердегі тұлғаның дамудағы өзіндік
сана сезімдерді зерттеген концепциялары Э.Берннің транактілік талдауы, С.М.
Жақыповтың бірлескен диалогты танымдық іс-әрекет концепциясы зерттеудің
методологиялық-теориялық негізін құрады.
Жеткіншектердің агрессиялық мінез-құлқын зерттеген жұмыстар зерттеудің
теориялық мәнділігін негіздеді. Оларға Н.Д.Левитов, Л.И.Божович және т.б.
Жеткіншектердің психикалық даму мәселелеріне қатысты Қазақстандық
жұмыстар зерттеудің теориялық негізі мен мәнділігін құрады. Жеткіншектер
жайлы қазақстандық мына ғалымдар зерттеді:С.М.Жақыпов, Қ.Б.Жарықбаев т.б.
[8,5]
Ал басқа да қазақстандық ғалымдардың зерттеулеріне үңілсек, Елубаева
С.Б. қазіргі қазақ жеткіншектердің өзіндік бағалаулары мен этностық
сәйкестік пен өзіндік бағалауларының психологиялық ерекшеліктері
зерттелінген. Бұл зерттеу нәтижесінде қазіргі замандағы жеткіншектердің
өзіндік бағалау құрылымын ересек алдыңғы толқын жеткіншектердің өзіндік
бағалауымен салыстырғанда этностық сәйкестіктің компоненттері мәнді түрде
азаяатыны анықталды,өзіндік бағалаудың жалпы құрылымында түсінуі өзін
білу және ұйымдасқандық сияқты сапалар бірінші орынға шықты.
Күнсләмова Т.К. өз зерттеу жұмысында жеткіншектердегі агрессиялық мінез-
құлықты өзіндік сана сезімдерді құрайтын негізгі компоненттері өзіндік
бағалау және өзіндік реттелу мен өзара байланыста қарастырған.
Педагогикалық-психологиялық көп қолданылатын психокорекциялық жұмыстарға
негізделген топтық оқыту әдісі,яғни психологиялық-педагогикалық тренингтер
арқылы жеткіншектердегі агрессиялық мінез-құлықты азайту мен оның өзіндік
бағалау мен өзара байланыс ерекшеліктері жан-жақты зерттелген. Зерттеу
жұмысында белгілі ғалым Э.Берннің трасактілік талдау концепциясы арқылы
жеткіншектердегі эго күйлердің белсендірудің негізінде олардағы агрессиялық
мінез-құлықты өзгертудің психологиялық ерекшеліктері қарастырылады.Жұмыста
экспериментік топтың сыналушылары полигон балалары деп аталатын
әлеуметтік статусы бар жеткіншектер болды,яғни радиациялық былғанған
аймақтардағы балалардың агрессиялық мінез-құлық ерекшеліктері теориялық-
эксперименттік зерттеу барысында зерттеледі. Зерттеуде жеткіншектердің
өзіндік бағалау, өзіндік реттелу эго күйдің белсендендірілуі мен
агрессиялықтың өзара байланысын психологиялық-педагогикалық тренинг арқылы
зерттеу және агрессиялықты азайту үшін психокорекциялық жұмыстардың мүмкін
жолдарын көрсетті [10,3].
Айдарбеков Қ.А. (Развитие диалогической структуры самосознания у
подростков во внутрисемейных взаймодествиях) зерттеу жұмысында жеткіншек
жастағы тұлғалық жекелік-вариациялық даму механизмдерін анықтауға
бағытталған. Осы мақсатта жеткіншектің өмірлік әрекетін неғұрлым
байланыстырып отыратын жаңа тұлғалық құрылымдардың кезекті психологиялық
талдауы жүргізілген. Осы байланыстағы негізгі мәнділік жеткіншек жастағы
тұлғалық жаңа құрылымдардың психологиялық мазмұнының іздестіру мен үлгісін
жасау болып табылады,ал жеткіншектерді жаңа әлеуметтік қатынастарының жаңа
деңгейге өтуін қамтамасыз етеді.
2. Отбасыдағы тұлғааралық қарым-қатынастың қалыптасу ерекшеліктері
Жанұя әлеуметтенудің алғашқы сатысы, мұнда пікірлер, көзқарастар,
құндылықтар мен мінез-құлықарды меңгере бастайды. Дәстүрлі отбасылар сияқты
кеңейтілген отбасылар да әлеуметтік жүйе болып табылады, онда әрбір отбасы
мүшесі басқа мүшелеріне тікелкй және жанама түрде ықпал ете алады. Отбасы
жағымды ата-аналар бірлестігін, бір-бірін қолдаушы ата-аналар күшін құрай
алатын болса, балалар неғүрлым жақсы тұрады.
Жанұя сонымен қатар дамушы әлеуметтік жүйе болып табылады. Қоғамдық және
мәдени ортаға енетіндіктен, барлық болып жатқан жағдайлар отбасының қызмет
атқаруына ықпал етіп отырады. Отбасына әсер ететін әлеуметтік өзгерістерге,
жалғызбасты ересектердің көпшілігі, неғұрлым кеш некеге тұру; туылудың
азаюы; әйел адамдардың жұмысқа араласуы; толымсыз отбасылар және аралас
отбасылар және де кедейлік жағдайда өмір сүріп жатқан отбасылар баршылық.
[23,17]
Жанұя -нақты өмірлік құндылықтарды, түсініктерді, қоғаммен өзара
қатынаста бағыттар бірлігін білдіретін адамдар бірлестігі, мәдени
бірлестік. Дәл осы қызметтердің сипаты бірлестігі,мәдени бірлестік. Дәл осы
қызметтердің сипаты некенің мазмұны, формалары және тұрақтылық
критерийлерін болжайды. Отбасы психологиялық ерекшеліктерден тұратын шағын
топ ретінде әлеуметік психологияның зерттеу нысаны болып табылады.
Жанұя әлеуметтенудің алғашқы сатысы, мұнда пікірлер, көзқарастар,
құндылықтар мен мінез-құлықарды меңгере бастайды. Дәстүрлі отбасылар сияқты
кеңейтілген отбасылар да әлеуметтік жүйе болып табылады, онда әрбір отбасы
мүшесі басқа мүшелеріне тікелкй және жанама түрде ықпал ете алады. Отбасы
жағымды ата-аналар бірлестігін, бір-бірін қолдаушы ата-аналар күшін құрай
алатын болса, балалар неғүрлым жақсы тұрады.
Жанұя сонымен қатар дамушы әлеуметтік жүйе болып табылады. Қоғамдық және
мәдени ортаға енетіндіктен, барлық болып жатқан жағдайлар отбасының қызмет
атқаруына ықпал етіп отырады. Отбасына әсер ететін әлеуметтік өзгерістерге,
жалғызбасты ересектердің көпшілігі, неғұрлым кеш некеге тұру; туылудың
азаюы; әйел адамдардың жұмысқа араласуы; толымсыз отбасылар және аралас
отбасылар және де кедейлік жағдайда өмір сүріп жатқан отбасылар баршылық.
[23,17]
Жанұя -нақты өмірлік құндылықтарды, түсініктерді, қоғаммен өзара
қатынаста бағыттар бірлігін білдіретін адамдар бірлестігі, мәдени
бірлестік. Дәл осы қызметтердің сипаты бірлестігі,мәдени бірлестік. Дәл осы
қызметтердің сипаты некенің мазмұны, формалары және тұрақтылық
критерийлерін болжайды. Отбасы психологиялық ерекшеліктерден тұратын шағын
топ ретінде әлеуметік психологияның зерттеу нысаны болып табылады.
Шындықтың бейнелннуінің әлеуметтік психологиялық заңдылықтары адам мінез-
құлқына ғылыми негізделген түрде етудің жаңа мүмкіндіктеріне қоғам алдында
аша алады. Отбасын әлеуметтік-психологиялық зерттеу тұлғаның әлеуметтену
процесінің негізінде жатқан дәне де отбасылық бірлестіктің мүшелеріне күшті
әсер ететін заңдылықтарды білуге мүмкіндік береді.
3. Отбасы қарым-қатынасындағы негізгі бағыттары
ХХІ ғасырдың соңғы тоқсанында түрлі психикалық бұзылыстардың “отбасылық
диагностикасы” мен “отбасылық емдеу” туралы оқу пайда болды. Ресейдегі
әлемде алғаш отбасы терапиясын нағыз негізін салушы И.В.Маляревский болып
есептеледі, ол 1882 жылы Санкт-Петербургте психикалық ауру балалар мен
жасөспірімдер үшін дәрігерлік –тәрбиелік мекеменің қалаған, оның
қызметкерлері психикалық аурулардың отбасындағы өзара қатынасты анықтау мен
есі ауысқандардың сол немесе басқа көріністердің қалыптасуында
дисгормониялық тәрбмелеудің роліне көп көңіл бөлген. Ауру балалардың
туысқандары мен қазіргі отбасы терапиясының бейнесі болып таблатын
“отбасылық тәрбиелеу” өткізіледі.
2-ші әлемдік соғыс аяқталғаннан кейін 20 ғасырдың 40 жылдарынан бастап,
отбасылық терапияға деген қажеттілік өсті. Қазіргі уақытта отбасы терапияда
бірнеше бағыттарды бөледі: психодинамикалық, жүйелік және бағдарламалық,
сонымен қатарэклетикалық. “Кішкентай Ганс” оқиғасынан Фрейд талдауынан
туындаған психодинамикалық бағыт тарихи бірінші болды. Сол кезде
психодинамикалық ыңғайдың негізгі белгілерін әсіресе отбасы мүшелерінің
тарихи өткенін олардың ұғынбаған (жете түсінбеген) тілектерін,
психологиялық мәселелері мен өзара проекцияларын талдап қисынға келді.
Психотерапияның тапсырмалары (міндеттері) – инсайтқа жету, яғни өткен
өмірдегі шешілмеген мәселелердің қазіргі уақытта отбасындағы өзара
қатынасқа қалай әсер ететіндігін, мұндай бұзылған қарым-қатынастың
контекстен невротикалық белгілер мен оның кейбір мүшелерінің өмірге
бейімделуінің конструктивті емес тәсілдері қалай пайда болғандығын саналы
меңгеру. Қазіргі уақытта психотерапевтің жағынан да, отбасы мүшелері
жағынан да, көптеген күш салуды талап ететін мұндай ыңғай жоғары тиімді
болғанымен экономика аз мақсатқа бағытталған болып есептеледі.
Қазіргі уақытта отбасылық психотерапевтің жартысынан көбі жүйелік
отбасылық теропия ағымында жұмыс жұмыс істейді, төрттен бірі
психодинамикалық бағытты ұсынады. Эклетикалық бағыттың өкілдері
психотерапевтік жұмыста емдік механизмдер бойынша түрлі әдістерді: гипноз,
аутогенді жаттықтыру, медитация, қылықты модификациялау бойынша үй
тапсырмасы, өзара қатынастың талдауы мен қорытылуы, топтық дискуссия және
т.б. біріктіреді.
Шетелдік отбасы терапиясының мектептері мен бағыттары жайында.
Пало Аято мектебінің өкілі Джей Хейли “мәселені шешуші терапия” әдісінің
авторы … жалғасы
Дереккөз: https://stud.kz