Осы заманғы монетаризм – Ақша, кредит және банктер – Рефераты на казахском языке – Библиотека

0
113

XX ғасырдың ортасындағы экономика қаржы саласы мен ақша шаруашылығы мекемелеріне ерекше назар аударылуын талап етті. Осы кезеңде Чикаго экономикалық ғылым орталығы пайда болды, оның өкілдері Чикаго университетінің профессорлары Ф. Найт, Дж. Стиглер, Дж. Вайнер, Г. Саймоне және М. Фридмен болды.

Бұл жерде біз Нобель сыйлығының лауреаты М. Фридменнің монетаристік теорияға арналған шығармаларына тоқталамыз. М. Фридмен монетаристік теория негізіне ақшаның сандық теориясының әдістемелік негізі ретінде Кембридж мектебінің ғалымдары А. Маршалл, А. Пигу, И. Фишердің ілімдері жатқызылады.

Оның еңбектерінде ақша шаруашылығының анализі мен қазіргі ақша теориясы маңызды орын алады. Ғалымның пайымдауынша, жоғарыда аталған жағдайлар сауатты монетарлық саясатта экономиканың тұрақтылығына даңғыл жол ашады.

М. Фридмен зерттеулерінің нәтижесі және жалпы қазіргі монетаристік теорияның негізгі мазмұндары төмендегідей түрде қорытындыланады:

– еркін, шексіз бәсекелестігі бар, өзіндік жолмен, өзіндік реттелу негізінде, тұрақтылыққа әкелетін нарықтық жүйелі экономика тиімді болып табылады.

– ауыртпалықтар мен кризистер экономикаға сырттан келеді, экзоген сипаты болады, бұл факторлардың себепкері — өзін-өзі реттейтін күштер әрекетін жоятын мемлекеттік кірісуі болып табылады.

– мемлекеттік реттеу шеңберін тарылту қажет, өйткені «бірде бір өкімет нарықтан асып, ақылды бола алмайды», ал «мемлекеттің шарасыз түрде туындайтын қателерінің құрбандығына біздің ақшамыз шалынады».

– экономика саласындағы зерттеулер мен тәжірибелік жұмыстардың салмақ орталығына ақша-кредит қатынастарын салу керек;

            – қолданбалы психология жетістіктерін пайдаланып, шаруашылық субъектілердің қызмет себептерін белсендіру шараларын күшейту керек (М. Фридмен, өкімет әрекеттерін алдын ала көру мүмкіншілігі бар инвесторлар мен тұтынушылар тәжірибелігіне, іскерлік сауаттылығы мен ақпараттандырылған дәрежесімен, шарттанатын «рационалды күту» түсінігін енгізді);

М. Фридмен ілімінің негізіне мыналар енген:

– айналымдағы ақша саны мен тауар құны деңгейінің арасындағы себепкер байланысты түсіндіретін ақшаның сандық теориясын;

– ақша массасының өзгерісі арқылы шаруашылық конъюнктураның ауытқулары алдын ала анықталатын монетарлық өндіріс циклдарының теориясын;

– кейнсиандықтар пайымдаған пайыз формасы арқылы емес, тауар құнының деңгейі арқылы өндіріс факторларына ақшаның тигізер әсерінің ерекше тапсыру механизмі;

– ақша көрсеткіштері мен өндірістің нақты факторлары арасындағы өзгерістерінен туындайтын шығындарға (лагтар) байланысты экономиканы реттеудің мемлекеттік шараларының болымсыздығы туралы ереже;

– цикл фазасына, шаруашылық күйінен тәуелсіз түрде айналымдағы ақша салмағының жылына бірнеше пайызға өзінен-өзі арту ісіне байланысты «монетарлық ереже»;

– сыртқы экономикалық тұрақтылықтың «өзін-өзі реттеуіне» арналған «еркін жүзген» валюта курстарының жүйесі.

М. Фридменнің, «Ақшаның сандық теориясы бойынша зерттеулер» кітабында (Чикаго, 1956 ж.) көрініс тапқан жоғарыдағы ережелердің барлығы дамыған елдерде, алдымен АҚШ-та, Англияда, сондай-ақ социалистік елдер болып табылған — Венгрияда, Польшада, Чехияда т.б. экономиканы көркейту мақсатында жасалған экономикалық ақша-кредит саясаттарында пайдаланылған.

90-шы жылдарда жүргізілген экономикалық саясат, инфляциямен күрес, социалистік құрылым салдарын жеңіп шығу барысында Қазақстан монетаристік саясатты ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып, қолданды. Осы елдердің тәжірибесі монетаристік теорияның ғылыми негізі дұрыс болғанын, қазіргі экономиканың даму талаптарына толық сәйкестігін дәлелдеді.

М. Фридмен сандық теорияның ақша сұранысы теориясы екендігіне басты назар аударады, ал соңғысы – капитал теориясы тарауларының бірі. Ақша массасының нақты көлемі сатып алынатындай болып танылатын тауарлар мен қызметтердің көлемінен білінеді, яғни бұл жағдай ақша сұранысына байланысты. Бұл жерде ақшаның номиналды санының азаюы қоғам байлығының артуына себепкер болады ма? – деген сұрақ туады. Алғашқы нәтижелер қатарына бағаның бірқалыпты төмендеуі, табыстың арту көрінісі болуы мүмкін. Алайда, ақша массасының азаюы белгілі бір шекке жетіп, ақша тапшылығы мен өндіріс ресурстарының азаюына әкеліп соқтырады. Фридмен ақша салмағы мен бағалардың тиімді арақатынасы болу үшін кредит мен пайыз ақыны қосып көрсетеді. Сонымен, ол төмендегідей қорытынды жасайды: ақшаның тиімді саны, баға дефляциясының екпіні номиналды пайыз ақыны нөлге келтіргенде жетіледі. Ақша айналымының теңдігі қалпына келеді.

Монетаризм, ақша сұранысы қызметін экономиканы сараптау барысында ақша табысы мен баға деңгейі сияқты шамаларды анықтау үшін маңызды рөл атқаратын құрал ретінде қарастырады. Аталған жағдай тауарлар мен қызметтердің сұранысына емес, ақша сұранысына назар аударуға мәжбүр етеді.

М. Фридмен тиімді ақша мөлшерін бірқалыпта ұстау үшін банктің міндетті қорларын қолдануды ұсынады, бұл банктердің арасындағы бәсекеге жеткізеді. Бәсекелестік негізінде депозиттік және кредиттік пайыздар деңгейі белгіленеді. Экономикалық өсу жағдайында міндетті қорлану нормаларының азаюы, қосымша қаржылар ақша қорларын кредиттеу үшін қосылуы мүмкін. Банктердің қорларды азайтуға табиғи ұмтылысы қоғамға депозиттер арқылы ескен пайыздарды қайтару негізінде пайда әкеледі.

Монетаристердің пікірінше, өсімін бақылауда ұстауды қажет ететін ақшаның массасына банктен тыс ақша, мерзімді және талап етілмелі депозиттер кіреді.

Экономикалық өсу жағдайында міндетті резервілеу нормаларының төмендеуі, қағаз ақша қорын кредиттеу үшін қосымша ресурстар құйылу мүмкіндігі туындайды. Банктердің инфляцияны жасанды түрде басуға ұмтылысы өсім пайызы бар депозиттер бойынша кредит беру түріндегі қоғамға тигізер пайдасы бар.

Монетаристердің пікірінше, өсімді бақылауда ұстаудың қажеттілігі бар ақша массасының құрамына банктен тыс қағаз ақша мен депозиттер кіреді.

Ақша массасы өсімінің тұрақтылығы ақырында баға өсімінің тұрақтауына әкеледі. Жасанды түрде тоқтатылған инфляция өте қауіпті. Бұл жағдай нарық жүйесінің қызметіне кедергі жасап, еркін кәсіпкерлік жүйесін қиратады.

М. Фридмен экономикалық саясатта екі тараптың — фискальды және ақшалы – қарама-қайшы бірлігін қарастырады, ол пайызды мөлшерлемені, валюта курсын және т.б. мемлекет бекітуінің уақытша тиімділігін баса көрсетеді.

Монетарлық саясатты ұстанған кезде – М. Фридменше – қаржы органдары бақылау мүмкіншілігі бар параметрлерді қарау қажет. Бақылау мүмкіншілігі бар әр түрлі параметрлер ішінде ақша ауыстыру курсы, әр түрлі көрсеткіштермен тапсырылатын баға деңгейі және айналымдағы жалпы ақша көлемі ең тартымды болып табылады.

ҚР Ұлттық банктің 1994—1995 жж. жүргізген экономикалық саясатында гиперинфляциямен күресу және макроэкономиканы тұрақтандыру үшін монетарлық теорияның негізгі қағидаларын, оның ішінде ақшалы және тауарлы массаларды және МV = РQ формуласын тең ұстанды.

Басқаша айтқанда, ол айналымдағы ақша массасын барынша көп қысу жолымен, тауарлар мен қызметтер массаларына сәйкестендірді. Ақша массасын қысу айналымдағы жоғары кредиттік мөлшерлемені, банктің міндетті қорларын және т.б. қолдану арқылы ақша эмиссиясын қатаң бақылауға алу әдісімен жүзеге асырылады.