Остеопатия туралы мәлімет | туралы қазақша

0

Остеопатия — бұл медицинаның дамушы бағыты, диагностикалық және емдеудің дәрігер қолымен іске асуы. Неге бас ауырады, арқа қақсайды, қабырға аралығы ауырады? Мүның себебін анықтау үшін аз уақыт кетеді. Дәрігерлердің кабинеттеріне сарылғанша, бір ғана дәрігер-остеопатқа барған дұрыс, ол тек қолмен ғана диагноз қойып, емдейді. Анатомияның және физиологияның терең білімі остеопатиялық аурулардың себебін түсінуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар оның қолы медициналық құралдың таба алмағанын табуға бейім. Ішкі бүлшық ет күшін және байламдарын, жеке органдардың ритмикалық жұмысының бұзылуларын дәрігер саусағы борін іздейді. Дені сау адамдардың ағзалары, тіндері анық, қалыпты температурада және тығыздықта болады. Олар патологиялық бұзылулар болғанда бұл сипаттамалар өзгереді: ағзалар қосылуы, үлкеюі, одан да тығыздала түсуі мүмкін. Остеопаттың қолы тек өзгерістердің бастамасын аппараттың көмегімен анықтамаған және аурулардың әлі қаупі жоқ кезеңін табуға бейімделген. Стоматологқа профилактикалық қаралуға барған сияқты, остеопатқа да үнемі барған дүрыс.

Остеопаттардың ережесі — тек қана жақсы дамыған ағза дұрыс және ұзақ қызмет етеді. Остеопатиялық емдеу — өте жұмсақ емдеу, бұл емдеуді жаңа туған балаларға қолдануға болады. Барлық мануалды емдеу әдістерінің арасында — бұл ең минималды асқыну қаупінің әдісі.

Қысқаша тарихи очерк

Остеопатия АҚШ-та 100 жыл бұрын пайда болған. Остеопатияның негізін қалаушы доктор А.Т.Стилл, 1874 ж. остеопатияның концепциясын жасады, мысырлықтардың және гректердің медициналық дәуірін қайта жаңғыртты. Оның пастулаты: «құрылым функцияны басқарады, ал функция құрылымды анықтайды». 1882 ж. доктор Стиллмен Кирксвилде АҚШ-та және әлемде остеопатиялық медицинаның мектебі қүрылды. 1918 ж. Стиллдің оқушысы Англияда бірінші европалық остеопатиялық мектебін құрды. 60-жылдары Францияда бірінші остеопатиялық мектеп ашылды. Қазіргі кезде остеопатиялық медицинаның мектептері АҚШ-та, Англияда, Францияда, Германияда, Италияда, Испанияда, Бельгияда, Ресейде, Латвияда, Израильде, Канадада, Австралияда, Жаңа Зеландияда, Аргентинада бар. Ресейде остеопатияның дамуы 90-шы жылдардан басталған.

1994 ж. белсенді халықаралық остеопатиялық орталықтардың бірігуінің нәтижесінде Санкт-Петербургте бірінші остеопатиялық медицинаның жоғарғы мектебі қүрылды. Остеопатия емдеу әдісінің сынықшылармен, хиропрактикамен және мануалды терапиямен бір қатарда түрады. Бұл әдістердің әрқайсысы арқаның ауруларын жеңілдетуге және буындардың бір немесе 7-15 сеансын қажет етуіне әкеледі. Сынықшы -омыртқаны және буындарды емдеудің ең көне әдісі. Сынықшылар египеттік фараондарда қызмет еткен және римдік қолбасшыларды емдеген.

Хиропрактика Клондайкада пайда болған. Барлық алтын іздеушілерді арқадағы ауру сезімі қинады, ал жеткілікті дорігерде дорілік заттар болмады, тек қана жүдырық болды. Тұрған орындарда науқастардың омыртқаларын уқалау арқылы емдеді. Хиропрактика тек қана омыртқалардың өзіне ғана емес, осьтік өсінділерге қысқа рычаг ретінде әсер етті.

Мануалды терапия — тірек-қимыл аппараттарын емдеудегі жаңа әдіс. Бұл техника остеохондрозды, радикулитті, сколиозды, артрозды емдеуге көмектеседі. Негізгі емдеу нәтижесі кәсіби дәрігерлерге байланысты. Остеопатия — кейбір массаждық техниканы кіргізетін мануалды терапияның бетін аударуы. Бұл ағзаға аса жұмсақ, әсіресе омыртқаға әсер көрсететін әдіс.

Ол үш бағытқа бөлінеді:

  1. Құрылымдық тірек-қимыл аппараттарының мәселесін шешеді.
  2. Висцералды ішкі мүшелердің жүмысын реттейді.
  3. Краниалды бас сүйегінің құрылысының ара-қатынасын басқарады.

Остеопатия концепциясы

Остеопатиялық медицина адамды концепциялық тақырыпта үштік бірлікте: бұлшық еттік-қаңқалық, нервтік және психикалық жүйе ретінде қарастырады. Сыртқы ортаның әсеріне байланысты өзгерісте болып түрады. Адам денесіндегі кез келген осы үш жүйенің біреуі бұзылса, басқа да жүйелердің өзгерісіне, сонымен қатар остеопатиялық зақымдануга алып келеді.

Остеопатиялық зақымдану — ол аурулардың әр түрлі дисфункциясын білдіретін термин: қаңқалық-бұлшық еттік, нейровегетативтік, ағзалық, қантамырлық және психикалық. Остеопатияда ауру тек қана бір ағзаның немесе жүйелердің зақымдануы ғана емес, бүкіл ағзалардың зақымдануы ретінде қарастырылады. Ауру симптомы — қандай да бір құрылыстардың микроқозғалыстарының айқын жоғалуы.

Остеопатияның негізгі үш принципі

  • Дененің анатомиялық, физиологиялық, механикалық бірлігі.
  • Құрылысы қызметін басқарады, ал қызметі құрылысын басқарады.
  • Өмір — бұл қозғалыс. Адам денесіндегі негізгі қалыпты қызметі жасуша, тін, ағза және барлық организмдегі қанның, лимфаның, цереброспиналды және тінаралық сұйықтықтардың еркін қозғалуы болып табылады. Бұл принциптердің негізгі ақиқаты ағзалардың өзіндік емделуін қамтамасыз етеді.

Диагностикасы және емі

Бірінші келгенде дәрігер сізді қарайды, остеопаттық диагностика жүргізеді, бүлшық еттік тіннің және сүйекті байланыстырушы жүйелердің функционалдық бұзылысын анықтайды. Остеопатияда дәстүрлі және спецификалық остеопатиялық әдіс пальпаторлы диагностика жүргізіледі. Кейбір мәселелер зерттеу нәтижелерге жүргізіледі: бұлшық еттің күші босаңсиды, қан айналымы жақсарады, ал ағзалар қоректік заттар алады. Сондықтан ауру әлсізденеді. Дәрігерлердің сезімтал қолы тек қана ағзалардың қателігін түземейді, тыныштық және ішкі тепе-теңдікті береді. Дәрігер аурудың сезімсіз буындарындағы және омыртқадағы мәселесін өзгертеді. Дәрігер қабылдануына бірінші келгенде өзіңмен бірге, егерде болса, зерттеу нәтижесін (рентгендік немесе ЯМР) апару керек, ол диагноздардың дұрыс қойылуына көмектеседі. Егер сіздің жағдайыңыз толық анықталмаса, дәрігер қосымша зерттеулер жүргізуді тағайындайды.

Организмде барлығы бір-бірімен байланысты: буындардың және омыртқалардың ауруларымен, әрқашан жүрек, қан тамыр және бронхты өкпелік жүйелердің ауруларымен, асқазан-ішек жолдарының және т.б. ауруларымен байланысты болады. Жоғарғы жетістіктерге жету үшін жоғарғы кәсіби дәрігер-остеопаттар кешенді емдеуге негізделеді. «Қолмен жұмыс істеу» науқастарға кейде басқа емдік әдістерді қолдануға тағайындайды, индивидуалды спорттық-сауықтыру бағдарламасын жүргізеді.

Жаттығу нәтижесінде зат алмасу процестері қалпына келеді, иммунды биологиялық құрылымды белсендендіреді, олар өз кезегінде қарсы тұруын қамтамасыз етеді. Психо-эмоционалды жүйе қалыптасады, көңіл күй жақсарады. Бұлшық ет байланысын көрсетеді жоне жүрек, қантамыр жүйесі нығаяды. Қозғалу белсенділігі және физикалық жұмысқа қабілеттілігі жоғарылайды.

Емдеу остеопатиялық техника көмегімен іске асады. Остеопатиялық осерлердің мақсаты — организмге стрестік реакцияларды окелетін факторлардың әсерлерін азайту. Бұл организмнің қалыпты процестерінің алмасуының және ішкі мобилизациясының өзіндік емделуіне мүмкіндік береді.

Емдік сеанс 40 минуттан 2,5 сағатқа дейін созылады, науқас өзін жеңіл сезінеді және организмнің релаксациясында және ерекше гармонияда болады. Остеопатиялық медицина кез келген жаста эффективті жоне кез келген өмірдің кезеңдерінде адамның дүниеге келуінен қартаюға дейін эффективті болады.

#Остеопатия #туралы #мәлімет

Рақмет ретінде жарнаманы баса кетіңіз