Оспанов, сүт қалай ұйықтады

0
314
Әдебиеттік оқу 2 сынып
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы:
Дені саудың – жаны сау
№52. Көп ұйықтаған зиян – ау.
Ә. Оспанов. Сүт қалай ұйықтады?
Сабақтың оқыту мақсаттары:
2. 1. 4. 1 – сөйлеу барысында мақал – мәтелдерді қолдану
2. 2. 3. 1 – мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау
2. 3. 1. 1 – мұғалім көмегімен оқылған шығарманы бөліктерге бөліп, жоспар құру
Күтілетін нәтиже: Оқушылардың бәрі мәтінді оқиды, түсінеді, бағалауға қатысады.
Оқушылардың көпшілігі тақырыпты болжайды, нақыл сөзді табады, сүттің іс – әрекетін әңгімелейді, қорытынды ойды түсінеді.
Кейбір оқушылар ұйқының пайдалы, зиян жақтарын тізбектеп айтып береді.
Бағалау критерийлері: Мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтайды. мұғалім көмегімен оқылған шығарманы бөліктерге бөліп, жоспар құру
Құндылықтарға баулу өзара сыйластық, салт – дәстүрді құрметтеу құндылықтарды тәрбиелеу.
Ойлау дағдылары: білу, түсіну, қолдану, жинақтау
Ресурстар: Оқулық, суреттер, слайд, топтық тапсырмалар, кері байланыс, бағалау парақшалары
Әдіс – тәсілдер: Сұрақ – жауап, әңгімелеу, түсіндіру.

Сабақтың басы
Мағынаны ажырату
Ой қозғау:
Білу.
1. Жаңылтпашты жаңылмай айтуға дағдылан.
• Ұйқышыл кісіні ұйқы қысты,
Ұйқышыл кісінің ұйқысы күшті.
Жаңылтпаш арқылы тақырыпқа болжам жасату

Жаңа сабақ.
2 – баспалдақ
«Тұлғаны таны» әдісі
Дескриптор
Білім алушы
− Кейіпкерге қатысты өз пікірін білдіреді;
– Автордың шығармаларын айтады.
«Сүт қалай ұйықтады?» Оспанхан Әубәкіров.
– Балалар бүгін ертегінің авторы Оспанхан Әубәкіров – сықақшы, оның шығармаларында қоғамға жат қылықтар өткір тілмен сыналады.
– Бүгін біз Оспанхан атаның «Сүт қалай ұйықтады?» мысал ертегісімен танысамыз.
Сабақтың мақсатын жариялау
Бүгінгі сабақтың жетістік критерийін құру
Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтайды.
Ертегідегі нақыл сөз табады.
Ертегіні өз сөзімен айта алады.
Ертегідегі қорытынды ойды тауып, дәлел келтіре алады.
Бастауыш сынып мұғалімі Базарбаева Нұрсұлу Қаржанбайқызы
Ә. Оспанов. Сүт қалай ұйықтады? жүктеу

Дереккөз: http://bilimdiler.kz/