Өсімдіктердегі бөліп шығару өнімдері: тыныс алу мен фотосинтездің бастапқы және соңғы өнімдері

0
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Бөліп шығару
Сабақтың тақырыбы 7. 1. 5. 2. Өсімдіктердегі бөліп шығару өнімдері: тыныс алу мен фотосинтездің бастапқы және соңғы өнімдері.
Зертханалық жұмыс: Өсімдіктердің тыныс алу ерекшеліктерін өскіндер мысалында зерттеу.

Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар білу керек:
• Өсімдіктердегі зат алмасудың соңғы өнімдері туралы ұғымы қалыптасады.
Көптеген оқушылар білу керек:
• Тыныс алу мен фотосинтезді салыстыра отырып, бастапқы және соңғы өнімдерді толық меңгеріп өсімдіктердің бөліп шығару ұлпалары жайлы ойларын еркін жеткізе алады.
Кейбір оқушылар білу керек:
• Өсімдік бөлінділерінің ерекшеліктерін сипаттайды. Тыныс алу мен фотосинтез арасындағы ерекшеліктерді ажырата отырып, мысалдар келтіре алады.
Пәнаралық байланыс: Орыс тілі, ағылшын, экология, география.

Сабақтың басы
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасып, сынып тазалығына мән беріп, оқу құралдарын түгендейді. Психологиялық ахуал қалыптастыру.
Сыныпты 3 түрлі – түсті қағаздар арқылы топқа бөлінеді.
1 — топ «Білімділер»
2 — топ «Алғырлар»
3 — топ «Зерттеушілер»

Сабақтың басы
Алдыңғы білімді қорыту үшін «Ыстық орындық» әдісі бойынша сұрақтарға жауап беру:
1. Ағза үшін зәр шығарудың маңызы қандай?
2. Ағзада шлактар қайдан пайда болады?
3. Ағза үшін бөліп шығарудың маңызы қандай?
4. Жануарларда газ алмасу қай мүше арқылы сыртқа шығарылады?
5. Адам және сүтқоректілер үшін азот бар негізгі шлак не деп аталады?
Дескриптор:
— Ағза үшін зәр шығарудың маңызын біледі.
— Ағзадағы шлактардың пайда болуын айта алады.
— Жануарлардағы газ алмасу үдерісін баяндай алады.
— Адам және сүтқоректілер үшін азоттың маңызын айтады.

«Бейнеу ауданының әкімдігінің
Жұмағали Қалдығараев атындағы орта мектебі» КММ
Мұғалімнің аты — жөні: Айджанова Гулжазира Алуадиновна
Өсімдіктердегі бөліп шығару өнімдері: тыныс алу мен фотосинтездің бастапқы және соңғы өнімдері жүктеу

Дереккөз: http://bilimdiler.kz/