Өсімдік тіршілігіндегі азоттың маңызы слайд,презентация
Өсімдік тіршілігіндегі азоттың маңызы слайд,презентация
Азот нәруызды заттардың негізгі құрам бөлігі болғандықтан, тіршілік үшін аса маңызды элемент. Ауа азотын сіңіре алатын кейбір азот бактериялары болмаса, басқа тірі организмдер азотты қосылыс түрінде ғана сіңіре алады. Өсімдіктер топырақтан азотты нитрат және аммоний тұздары түрінде алады. Өсімдіктер мен жан–жануарлар тіршілігіндегі азоттың маңызы екідайлы. Бір жағынан өсімдіктердің өсуіне қажетті негізгі қоректік элементтердің бірі: Екінші жағынан көкөністердегі нитраттардың артық мөлшері оның сапасына ғана əсер етіп қоймай, сонымен қатар улануға əкеліп соқтырады. Нитрат – ион табиғи сулардың ішіндегі ең көп тараған токсикологиялық компоненттердің бірі, алдымен су өсімдіктерінің өсуіне ықпалын тигізеді, содан соң оларды əлсіретеді. Бұл үрдістер су құрамындағы оттекті азайтады, нəтижесінде су ішіндегі өмір сүретін тірі ағзалардың жойылуына əкеліп соқтырады. Осы аталған жағдайлардың өзі бұл мəселені зерттеудің өте маңызды жəне əрқашан өзекті екендігін көрсетеді.