Өсімдік пен жануар жасушаларын салыстыру слайд,презентация
Өсімдік пен жануар жасушаларын салыстыру слайд,презентация
Тек өсімдік жасушаларында болады. Хлоропласттар пішіні бойынша екі жағы дөңес линзаға ұқсас және жасыл пигмент хлорофиллден тұрады; күн сәулесін сіңіріп, оның көмегімен АТФ қатысында органикалық заттарды синтездеу қабілетіне ие. Хромопласттар – өсімдік пигменттерінен (жасылдан басқа) тұратын пластидтер, гүлдерге, жемістерге, сабақтар мен өсімдіктің басқа да бөліктеріне түс береді. Лейкопласттар – түссіз пластидтер, жиі өсімдіктің боялмаған бөліктерінде – тамырда, жуашықта және т.б. кездеседі. Оларда нәруыздар, майлар мен полисахаридтер (крахмал) синтезделеді. Өсімдік және жануар жасушаларының құрылысы мен химиялық құрамының принциптік ұқсастығы олардың шығу тегінің бір екендігін көрсетеді, суда тіршілік ететін бір жасушалы ағзалардан болуы мүмкін. Жануарлар мен өсімдіктер эволюция үрдісінде бір-бірінен едәуір алшақтады, олардың қоректену типі, сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан қорғану әдістері әр түрлі. Осының барлығы да олардың жасушаларының құрылысына әсерін тигізді.