Орын ауыстыру және жол

0

Дене немесе материялық нүкте А нүктеден В нүктеге дейін көк жолмен жетсін:


Орын ауыстыру мен жол


А және В нүктелерін қосатын бағытталған кесінді орын ауыстыру ал дененің өткен траекториясының ұзындығы жол деп аталады.


Орын ауыстыру l әрпімен ал жол S әрпімен белгіленеді.


Орын ауыстыру әрқашанда жолдан кем болады, себебі жол жиі түзу болмайды. Мысалы сіз үйден мектепке дейін барсаныз бірнеше көшені кезіп өтіп қана мектепке дейін жетесіз. Өткен жолыныз тіке болмайтын шығар.


Алматы қаласына бірінші рет келген адам, вокзалдан Көк базарға дейін барғысы келсе, онда әуелі Абылай хан көшесімен, кейін Мұқағали Мақатаев көшесімен жүреді де Пушкин көшесіне түсіп, Көк базарға жетеді:


Орын ауыстыру мен жол 


Орын ауыстыру суретте тік бағытталған кесінді ал өткен жол бірнеше кесінділердің бірігуінен құралған қисық.


Сонымен орын ауыстыру дегеніміз дененің бастапқы орны мен соңғы орнын қосатын бағытталған кесінді, ал жол дегеніміз дененің болған жерлерін көрсететің қисық.

Пән: Физика