Орталық банктердің несиелік ақшаларды эмиссиялауы

0

КІРІСПЕ

Несиенің мәнін анықтаған кезде бір қатар әдістемелік принциптерді ұстану керек, несиелердің барша түрі формалардан тәуелсіз оның мәнін көрсетуі керек:
Несие мәселесі тұтасымен алғанда несенің мәнін ашуы керек. Егер бір мәселеде несие қайтарылмаса, онда бұл өзінің қайтарылатын қасиетін жоғалтатының білдіреді;
Несиенің мәнін талдауда несенің құрылымын, қозғалас сатыларын, несиенің негізін қарастырған жөн.
Несиеде өзгермейтін, тұрақты болып қалатын жәйіт — құрылым. Өзге экномикалық категориялар сияқты несиеде бір — бірімен өзара әрекетке түсетін бірнеше элементтен тұрады. Ондай элементтерге ең алдымен несиелік қатанастың барлық субъектілері, сондай — ақ жоғарыда анықтағанымыздай, бұл субъектілерге несие беруші мен қарызға алушылар жатады. Оларды бөлуге және бөлек қарастыруға болмайды. Оларды бірге қарастырған жағдайда ғана несиенің мәнін анықтауға болады.
Несие беруші — несиелік мәміленің қарыз ұсынатын жағы. Мұны іске асыру үшін онда ақшалай қаражаттың белгілі бір қоры болуы керек. Ол ақша өзінікі болуы немесе басқа біреуден қарызға алған болуы да мүмкін.
Қазіргі уақытта қарызға ақша ұсынатын негізгі несие беруші — банк болып табылады. Ол кәсіпорындардың, ұйымдардың, кеңселер мен халықтын уақытша бос қаражаттарын шоғырландырып, оларды қарызға алушыға уақытша пайдалану үшін несие түрінде ұсынады. Бұл ретте банктен алған несиені тек қарызға алушы ғана емес, сондай — ақ соңғысы да меншік иесіне тартылған ресурстарды қайтаруға міндетті. Бұл арада банк бір жағдайға несие беруші болса, екінші жағдайда — қарыз алушы болып көрінеді.
Қарызға алушы — несиелік қатынастар жағы, несие алып, алған қарызды қайтаруға міндетті жағы. Қосымша ақшалай қаражатқа уақытша мұқтаждығы туғандар қарызға ақша алушылар болып табылады. Қазіргі заман талабына сай қарызға алушылар — кәсіпорындар, кәсіпкерлер, халық, мемлекеттер мен банктер болуы мүмкін. Алайда, қарызға алушы қарызға алынған қаражаттын меншік иесі болып табылмайды, өндіріс саласында, айналымда оны ол өз қалауымен қолданады. Бұл жағдайда ол алынған ақшадан гөрі, яғни шаруашылықта ауыспалы айналым қор таусылғаннан кейін оны іске асырып, пайдаланғаны үшін өсімақы төлеп, қарызды артық көлемде төлейді.
Несиелік мәміледе қарызға алушы несие берушіге тәуелді, оған несие беруші өз талаптарын қояды. Алайда, қарызға алушы мен несие беруші несие қатынастарының толық құқықты жақтары болып табылады. Олар міндетті түрде қатысуы керек. Және бұл жағдайда олар орындарын ауыстыруы мүмкін. Несие беруші — қарызгер (кәсіпорындар мен халық бос қаражаттарын есеп және дипозиттік шоттарға сақтай отырып) болуы мүмкін. Несие беруші мен қарызға алушы өзара іс әрекеттерінде қарама — қайшылықтың бірлігі сипатын көрсетеді. Несиелік мәміленің қатысушылары ретінде олар оның қарама — қарсы жақтарында тұрады. Олардың мүдделері де бөлек, несие беруші неғұрлым жоғары пайыздық несие бергісі келсе, қарыз алушыға мүмкіндігінше арзан несие алып, қосымша қаржылар табу мүддесі болады.
Несие берушілер мен қарызға алушылардан басқа несие қатынасы құрылымының элементі алыс — берістің объектісі — құнның негізгі бөлігі сияқты өзіндік өтелмеген құн — несиеленген құн болып табылады.
Несиенің қайтарылуы — уақытша пайдаланған несиеленген құнды несие берушіге қайтару процесі. Ол өзінен — өзі туындамайды. Ол құнның ауыспалы айналымында аяқталатын материалдық процестерге негіделеді.
Алайда, бұл тек қайтарымның негізін жасайды. Уақытша пайдалануға алған ақшалай қаражатты қайтаруға босаған қаражаттар қарыз алушыға мүмкіндік берген кезде ғана несиені қайтару басталады. Несиенің қайтарылуы объективті процесс болып табылады, яғни оны мәміленің табиғатын өзгертпей, кейінге қалдыруға болмайды. Несие беруші мен қарыз алушы бекіткен келісімшартқа сәйкес ол заңды бекітілген сипат алады. Халық шаруашылығы деңгейінде несиенің қайтарылуы тұтас алғанда қайтарылудың жиынтығын көрсетеді. Бұл жерде ол алынған несиенің бір ғана белгісін көрсетпейді, экономикалық категория сияқты бар несиенің тұтастығын көрсетеді.
Несиенің әлеуметтік — экономикалық негізі оның қоғамдық сипатқа тән екендігінде.
Несиеге толық анықтама берейік. Несие — кеңейтілген қайта өндіру мақсатында жеделдік, төлемдік, қайтару талаптарына сай оларды ақшаны бөлу және халықтың, экномиканың бос ақшалай қаражаттардың жұмылдырылуын қамтитын несие капиталының қозғалысы себепті экномикалық қарым — қатынасты көрсетеді.
Несие мәні қатынастардың несиенің — қайтару, төлемдік, мерзімдік, қолма — қол ақша, мақсатты сипат сияқты маңызды принциптерімен анықталады.
Белгіленген мерзімді бұзу — несие беруші үшін қарыз алушыға өндіріп алынатын пайызды көбейтілген түрде несиені пайызбен мерзімінен бұрын өндіріп алуға саятын экномикалық санкция қолдануға жеткілікті негіз болып табылады. Несиенің қамтамасыз етілу принципі несие келісімшартында қарыз алушы өз мойнына алған міндеттемелерді бұзуы мүмкін жағдайда несие берушінің мүліктік мүддесін қорғауды қамтамасыз етудің қажеттілігін көрсетеді. Бұл принцип жалпы экномикалық тұрақсыздық кезеңінде өзекті мәселе болып табылады.
Несиенің объективті қажеттілігі табиғи және ақшалы түрде жүзеге асатын ерекшеліктерден кеңейтілген өндірістік шығарып тастайды. Ол капитал түрлері үнемі ауысып тұратынын ұйғарады, меншіктің ақшалай түрі тауарға, тауарлы меншік өндірістікке, өндірістік тауарлар және тауарлық қайтадан ақша түріне ауысып тұрады, яғни A — T — Ө — T — A капиталдың ауыспалы айналымы жүреді. Ауыспалы айналымның бірінші кезеңінде ақша өндірісі қорына (машиналар, шикізат жабдықтары және т.б.) ауысып кетеді, екінші кезеңде — өндірістік процестерді — дайын өнім (тауар) жасалады, өндірістік тауарларға келеді. Үшінші кезеңде тауар сатылып, бастапқы ақша түріне ауысады. Капиталдың осындай ауыспалы айналымы тұрақты түрде бөлек жеке кәсіпорын және жалпы халық шаруашылығында үнемі жүріп жатады. Капиталдың қозғалысы — оның тек ауыспалы айналымы емес, сондай ақ оның айналымы да. Капиталдың айналымы дегенде оның үнемі қаталанатын ауыспалы түсіндіріледі.
Капитал түрінің ауысуы бір шаруашылық субъектілерінде ақша қаржысының уақытша босатылып және басқа шаруашылық жүргізуші субъектілерді ақша деген қажеттіліктің қалыптасуымен қоса жүреді. Әрбір шаруашылық субъектілерде (кәсіпорын) өзінің жеке ауыспалы айналымдағы капитал болады.
Ақшалай қаражаттың уақытша босатылуы және оларға деген өажеттілік тек материалдық өндіріс саласы мен айналымда ғана туындамайды. Ол мемлекетте, бюджеттік және қоғамдық ұйымдарда, сондай — ақ халықта да болуы мүмкін.
Қаражатқа деген қажеттілік пен оның босатылуы арасында туындаған қарама — қайшылық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қалыпты қызметі үшін қажет материалдық және қаржылық ресурстарды нақты байланыстыратын несиенің жәрдемімен ғана рұқсат етіледі.
Жеткіліксіз шамада несиенің объективті қажеттілігі несие қатынастарын жүзеге асыратын капитал айналымы мен ауыспалы айналымның бір қалыпты еместігімен түсіндіріледі.
Несиелік қатынастар пайда болатын және дамитын нақты экономикалық негізде қаражат айналымы мен ауыспалы айналым, яғни несиелік қатынастың материалдық негізі болып құн қозғалысы саналатын болады.
Қарызға алушы несиені кедей болғаны үшін алмайды, ол өзінің меншікті қорларының ауыспалы айналым мен капитал айналымының оюъективті күшіне толық шамада жетпей тұрғандықтан өз ісін алға бастыру үшін алады.
Қазірігі кезеңде Қазақстан Республикасында несиелік ұйым аясы серпінді түрде дамып келе жатқан экономикалық секторлардың бірі. Бұрын қатал түрде реттелетін несиелік ұйымдар, бүгін дербес және үлкен несиелік ұйым аралық бәсеке жағдайында жұмыс істеп жатыр.
Дағдарысты құбылыстардан өтумен байланысты Қазақстан экономикасының қазіргі проблемалар тұрғысында несиелік ұйым жүйесінің алдағы уақыттағы дамуы мен жетілдірілуі үлкен тәжірибелік мәнділікке ие.
Қазірігі несиелік ұйымдар клиенттерге қызметтің кең ауқымды спектірін ұсынып, банк операцияларының жаңа техникасын қолданылып, қызмет көрсетудің жоғарғы деңгейімен қамтамасыз етіп отыр. Несиелік ұйымдардың ең басты қызметі — несиелеу. Ол кәсіпорындардың, ұйымдардың және кәсіпкерлік фирмалардың тұтынушылық және инвестициялық мақсаттары үшін іске асырылады. Несиелік ұйымдар өздерінің несие қызметін қаншалықты тиімді жүзеге асырса, соншалықты клиенттердің экономикалық жағдайына әсерін тигізеді. Себебі банктік қарыз жаңа кәсіпорындардың пайда болуына, жұмыс орны санының өсуіне мүмкіндік туғызады және олардың экономикалық өмір икемділігін қамтамасыз етеді.
Қазіргі несиелік ұйымдардың несиелеу жүйесі нарықтық қатынастарды қалыптастыру мен дамытуға, өндірістің тиімділігін арттыруға, мемлекет экономикасын нығайтуға, айналыстағы негізсіз ақша массасының өсуін шектеуге, инфляциялық процестердің алдын алуға және ұлттық валютаны нығайтуға бағытталған.
Кейінгі жылдары қаржы секторының тез арада дамуы мен нығайуы бұрын болған несие ресурстарының дефицитін қысқартты. Қазақстанның экономикалық өсуі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің конструкциялық саясаты, қоғамдық сенімді арттырып, мемлекеттің банк секторының динамикалық дамуына мүмкіншілік туғызды. Несие ресурстары мен бәсеке өсуінің нәтижесінде Қазақстан несиелік ұйымдары пайыздық мөлшерлеме және мерзімге байланысты банктік қарыз беру бойынша аса ыңғайлы жағдай ұсынуға ұмтылуда.
Бірақ Республикадағы несиелік ұйымдардың қызметі әртүрлі факторлардың ықпалынан аса күрделі жағдайда жүзеге асырылады. Мысалға, жекелеген экономикалық секторлардың экономикалық тұрақсыздығы, төлем дағдарысы, төлем балансының дефициті және т.б. Осы факторлардың әр қайсысы берілген банктік несиелер бойынша қарызды уақытылы өтеу мүмкіншілігінің төмендеуінен банктердің несие қызметі үшін жағымсыз салдармен анықталады. Осының салдарынан несиелік ұйымның несие портфелі құрылымының төмендеуі, жіктелімді активтер бойынша резервтерді қалыптастыруға шығындардың тез өсуі, таза табыстың жалпы сомасының қысқартылуы байқалады. Бұл жағдайда банктер сәтті несие және пайыздық саясатын хеджирлеу стратегиясы және т.б. мүмкін тәсілдер механизмдерін әзірлеу көмегімен несие тәуекелдігін бәсеңдетуге ұмтылады.
Осы проблеманың маңыздылығы мен тәжірибе жүзіндегі мәнділігі дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдауға себеп болды.
Дипломдық жұмыстың объектісі болып «БТА Банак» АҚ болып табылады.
Осы дипломдық жұмысты жазудың мақсаты тек қана теориялық аспектілер ғана емес, сонымен қатар банктің несие операцияларын жүргізудің тәжірибелік жақтары, банктің несие қоржынының жағдайы және пайда болған проблемаларды шешудің перспективалық бағыты табылады.
Бұл мақсаттарға жету үшін келесі міндеттер қойылып отыр:
1. Несие қоржынының ролін анықтау, банктің несие саясаты тиімділігі көрсеткіштерінің жүйесін және оны қамтамасыз ету механизмдерін әзірлеу.
2. БТА БАНК АҚ несие және зеам қоржынына талдау жүргізу.
3. Несие қайтарымсыздығы тәуекелдігін төмендету саласында жобалық шешімдерді әзірлеу, несие портфелінің көлемін көбейтуге мүмкіншілік беретін жаңа несие өнімдерін енгізуді бағалау, несиелеу кезінде пайда болған проблемаларды шешу жолдары.
Дипломдық жұмысты орындау кезінде заңдық, нормативтік актілер, әдістемелік сілтемелер мен нұсқаулықтар, отандық және шетел экономистерінің ғылыми еңбектері қолданылды.

1 НЕСИЕ ЖӘНЕ ЗАЙЫМ ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Несие мен зайым: мәні, маңызы мен қажеттілігі

Несиені экономикалық категория ретінде қарыз мәмілесі негізінде көрінетін және дамитын өндірістік қатынас арқылы анықтау керек. Қарыз мәмілесі несиені экономикалық категория ретінде өз бетінше сипаттамайды; оны осы мәміле негізінде пайда болатын өндірістік байланыстар немесе жүзеге асу формасы — қарыз мәмілесі болып табылатын өндірістік қатынастар сипаттайды. Қарыз мәмілесі тауар шаруашылығының әр түрлі сатыларына тән. Экономиканың тарихи дамуымен бұл мәмілелер жиілейді, ұлғаяды, жетілдіріледі және жалпылама мәнге ие болады.
Әр түрлі шаруашылық жүйелерінде кездесетін мәміле типтерінің формалды ұқсастығы олардың бір атауымен — несие — бекітіледі, бірақ әр түрлі дәуірлердің несиелік қатынастары бір атауды сақтай отырып әр түрлі мәнге, мазмұнға, табиғатқа ие.
Несие шаруашылық жүйелерінің ауысуына жағдай жасай отырып өзі де ауысып отырады, өз мазмұнын өзгертеді. Кез келген халық шаруашылығы жүйесінің алдыңғы жүйені жеңетіні және жоққа шығаратыны сияқты несие де бір шаруашылық жүйе жағдайындағы шаруашылық байланыстардың типі ретінде алдыңғы шаруашылық жүйесіндегі несиені жеңуші және жоққа шығарушы болып табылады. Несие мәміле типі ретінде, тауар айналысының формасы, құн қозғалысының әдісі ретінде натуралды шаруашылықтан тауар шаруашылығына өткен уақыттан бері дамып келеді. Несие айырбас процесінің өндірістік байланысының типі, тауарлы өндірістің экономикалық категориясы ретінде ғана емес, тауар шаруашылығы шеңберінде диалектикалық дамушы қүбылыс ретінде де қарастырылуы қажет. Тауар шаруашылығының әр түрлі сатыларының несиелік қатынастарының өзара айырмашылығы, қолдан-қолға өтуі қарыз келісімі арқылы жүзеге асатын әр түрлі объектілердің айырмашылыгынан көрінеді.
Несие түсінігі келесі түрде белгіленеді. Бақыланылатын халық шаруашылығы құбылыстарының барлық жиынтығының ішінен бәрінен бұрын қоғамдық өмірде несие деп аталатьндары іріктелініп алынады; сонан соң бұл кұбылыстар талданады, төмендегідей белгілерге бөлінеді: біріншіден, олардың барлығына тән белгілері; екіншіден, бұл белгілердің ішінен тек осы іріктелініп алынған құбылыстарға тән белгілер ғана сақталынады. Несие деп аталатын әлеуметтік байланыстар: әр түрлі тарихи кезеңдерде, тауар шаруашылығының алғаш пайда болуы кезінде, дамыған нарықтық шаруашылық дәуірінде де бар болды.
Қарыз мәмілесі ретінде несиені екі көзқараста қарастыруға болады: біріншіден, оның техникалық-заңдылық белгілері көзқарасынан, екіншіден, әлеуметтік мазмұны, яғни осы келісім негізінде өсетін және дамитын немесе онда өз көрінісін табатын өндірістік байланыстар типін сипаттайтын бел-гілер тұрғысынан. Бұл екеуі бір-бірінен бөлінгісіз, олар өзара байланысты және себепші. Бірақ экономикалық талдау үшін маныздысы карыз мәмілесінің экономикалық мазмұны, яғни өндірістік қатынастардың белгілі бір формаларымен байланысты шаруашылық әдістері, жұмыс тәсілдері емес, өндірістік қатынастырдың өзі болып табылады.
Бұл жағдайды былайша түсіндіруге болады. Мысалы, машина өндірісін таза техникалық тұрғыда машина өндірісінің макроэкономикалық орта параметріне анағұрлым бейімделуі оның жұмыс және таза техникалық тиімділігі тұрғысынан қарастыруға болады; сонымен қатар, сол машина өндірісін оның әлеуметтік жағынан да қарастыруын, яғни машина өндірісі негізінде пайда болатын және дамитын өндірістік байланыстардьң формалары мен типтері тұрғысынан, бұл бір жағынан, оларға себепші, ал екінші жағынан, олар оны анықтайды. Бірінші жағдайда — біз машина өндірісін техникалық-экономикалык категория, ал екінші жағдайда — экономикалық категория ретінде қарастырамыз.
Несиеге қатысты осыны айтуға болады. Несиені оның техникалық-заңдылық белгілері жағынан тауарлар айналысы процесін жүзеге асыратын мәміленің белгілі бір типі ретінде қарастыруға болады. Бұл жағдайда несие олардың алдында техникалық немесе құкықтық категория ретінде танылады. Несиені құбылыстардың экономикалык мазмұны ретіндегі көзқарас тұрғысынан қарастыруға болады. Бұл жағдайда несие олардың алдында экономикалық ғылым категориясы ретінде қабылданады.
Несие теориясы оны техникалык-заңдылық категория ретінде емес, қоғамдық-экономикалық категория ретінде қарастырады. Несиені оның формалды-заңдылық белгілері жағынан оқып-білудің несиелік мәмілені тек меншіктің қозғалысы әдісінің және оны иеленудің ерекше түрі ретінде түсіну үшін маңызы бар. Сондықтан несие экономикалық категория ретінде несиелік мәміленің ерекше техникалық-заңдылық белгілерімен сипаттала алмайды.
Осылайша, несие-өндірістік қатынастарды білдіретін экономикалық категория. Несие экономикальқ категория ғана емес, сонымен қатар тарихи категория екенін атап өту керек. Ол өндірістік күштердің тек белгілі бір дамуында пайда болады. Экономикалық категориялар — жалпы тарихи категориялар. Несиенің және несиелік қатынастардың пайда болуына табиғи негіз, тауар шаруашылығы болып табылады.
Тауардың пайда болуы екі жағдайда қатар жүреді. Біріншіден, тауар тек натуралды формасы және кұны бар болған жағдайда ғана тауар бола алады. Тұтыну құндары өзінің екі жақты сипатына байланысты тауар бола алады. Біріншіден, олар бір мезгілде тұтыну заты болады және олардың құны болды; екіншіден, қандай да бір заттар бір-біріне тауар ретіндегі қатынаста болуы үшін оларды өндірушілер өздеріне де ортақ ерікті әрекеті, өз меншігіндегі тауарды иелігінен шығара отырып, басқа тауарды өзіне иеленуге ықыласы бар меншік иелері ретінде бір-біріне қарама-қарсы тұрулары қажет.
Тауардың бір тауар иесінен басқаға ауысуы нарықта айырбас арқылы жүзеге асады. Тауар айырбасы сферасының несие үшін маңызы зор. Оның пайда болуын ішкі тұтыну үшін өндірілген өнімдер сферасынан емес, тауар иелері, экономикалық қатынасқа түсуге дайын меншік иелері дербес заңды тұлға ретінде бір-біріне қарама-қарсы тұрған айырбас сферасынан іздеу қажет.
Қолдан-қолға тауарлардьң қозғалысы ретінде тауарлар айырбасы, қызметтер айырбасы несие жайындағы қатынастың пайда болуына негіз болып табылады. Осыған байланысты бір маманның мынандай пікірін атап өту артық болмайды: «бірте-бірте айырбас саудаға айналды; саудамен арнайы айналысатын адамдардың жаңа тобы — көпестер пайда болды; жылдың белгілі бір уақытында көпестер мен сатып алушылар кездесетін ерекше орындар пайда болды, жәрмеңкелер, яғни уақытша нарықтар кұрылды. Көпестермен, жәрмеңкелермен, жалпы саудамен бірге алғашқы несие пайда болды. Ірі сауда жүргізетін адам үшін алған тауарлардың төлем мерзімімен сатып алу төлемінің мерзімі сәйкес келмеген жағдайлар болады. Егер саудагер тауарын сатудан бұрын оны сатып алуға тиіс болса, онда осы уақыт ішінде несие алуға деген қажеттілік, яғни бұл адамға қарыз беру мүмкіндігіне деген сенім пайда болады.
Несие қарыз мәмілесі ретінде ежелгі әлемде де, орта ғасырлық қолөнер, крепоснойлық шаруашылықта да және дамыған тауар шаруашылығында кездеседі. Барлық кезде біз анағұрлым жетілген, бір қарыз мәмілесіне кездесіп отырдьқ бірақ осы мәмілелер негізінде ұлғайып отыратын, құқықтық хатталуы осы мәмілелер болып табылатын өндірістік қатынастардың әр түрлі шаруашылық жүйелерінде бір-бірінен өте қатты айырмашылықтары болады.
Несие бәрінен бұрын тауар өндірісі процесінде пайда болатын оның негізгі өндірістік қатынастарымен анықталатын қоғамның әлеуметтік байланыстарының белгілі бір типі. Сондықтан несие экономикалық категория ретінде тек өндірістік қатынастар шеңберінде ғана сипатталуы мүмкін. Бұл несиені экономикалық мазмұны, көзқарасы тұрғысынан қарастыруға қатысты. Несие әлеуметтік байланыстың белгілі бір типі бола отырып, өндірістік қатынастар тобына жатады.
«Өндірістік қатынастар өз жиынтығында қоғамдық қатынастар, қоғам деп аталатындарды кұрайды және сонымен бірге тарихи дамудың белгілі бір сатысында тұрған, өзіне тән ерекше сипаты бар қоғамды құрайды» .
Қоғамның негізгі өндірістік байланыстарына сүйенген несиелік қатынастар жекелеген тұлғалар мен кәсіпорындар, кәсіпорындар мен мемлекет, мемлекет пен тұрғындар, адамдардың әлеуметтік топтарының арасындағы тауарлар айналысы сферасында пайда болады.
Айналыс сферасы немесе тауарлар айналысы өндірістік қатынастармен анықталады. Осылайша, белгілі бір өндіріс, белгілі бір тұтынуға, үлестіруге, айырбасқа және осы әр түрлі жағдайлардың бір-біріне белгілі бір қатынасына себепші болады. Өндіріс жағдайындағы айырбас құнның немесе меншіктің бір иесінен басқаға ауысуы тәрізді әр түрлі тәсілдермен жүзеге асырылады. Мұндай тәсілдердің бірі қарыз деп аталатын тауар айналысының бір формасы болған мәміле типі болып табылады. Тауар айналысының мұндай формасы өндірістің ерекше шарттарымен анықталады, осы себептен тауарлардың иеліктен шығарылуы уақыт бойыншэ олардың бағасының өткізілуінен бөлініп қалады. Бұл шарттар мынаған байланысты: тауарлардың бір типі өз өндірісіне көп уақытты, ал басқа түрі анағұрлым аз уақытты талап етеді. Әр түрлі тауарлардың өндірісі жылдың әр түрлі мерзімімен байланысты. Бір тауар өз нарығында пайда болса, басқасы алыс нарыққа сапар шегуі қажет. Сондықтан, әлде бір тауар иеленуші келесі бір сатып алушыдан бұрын сатушы ретінде көрінуі мүмкін. Бірдей мәмілелердің бір тұлғалардың арасында жиі қайталануы кезінде тауарларды сату шарттары олардың өндіріс шарттарымен реттеледі. Екінші жағынан, тауарлардьң белгілі бір түрін пайдалану, мысалы үйді, белгілі бір уақыт аралығына сатады. Бұл жағдайда сатып алушы тек мерзімі өткеннен кейін ғана шын мәнінде тауардың тұтыну құнын алады. Сондықтанда ол тауарды төлемі төлегеннен бұрын алады.
Ақшаның қажеттілігін қамтамасыз ететін себептер, несие қажетгілігінің де себептері болып табылады. Жай тауар шаруашылығы жағдайында тауар айналысының формасы ретіндегі қарыз мәмілесі қажеттілік пен өндіріс шарттарынан туындайды. Алайда өндіріс шарттары несиенің қажеттілігін толығымен ашпайды. Тауар айналысының ішкі мазмұны ретіндегі құн қозғалысы несиенің, қажеттілігі туралы түсінікті тереңдетеді. Айырбас шаруашылығы жағдайында құн қозғалысы капиталдардың шеңбер айналымында және өндірістік айналымында нақтылы түрде көрінеді және ол несиелік қатынастар пайда болатын, дамитын нақтылы экономикалық негіз болып табылады. Артынан несиелік қатынас өзінің табиғаты бойынша құндық болады.
Несие ұдайы өндіріс процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ету қажеттілігінен келіп шығады. Несие берілген сайын ол шаруашылық субъектілерінің өндірістік капиталы ақшалай (негізгі және айналым), өндірістік және тауарлық формаларда бола алатыны бәрімізге мәлім. Бұл кезде олардың міндеті әр түрлі. Шеңбер айналымының бірінші сатысында ақшалай қаражаттардың өндірістік құралдарында айналуы жүреді: ақшалай қаражатгарға өндіріс құралдары сатып алынады. Өндіріс процесінің екінші сатысында ақшалай қаражаттардың тауарға айналуы жүреді, өндірістік форма тауарлық формаға ауысады, өндіріс құралдары құнына жаңадан жасалған құн косылады. Соңында, үшінші сатыда тауар өткізіледі және қайтадан ақшаға айналады.
Несиенің ұдайы өндіріс процесіне былай әсер етуі өнім өндіріліп және ұдайы өндіріс субъектілерінің игілігіне түскен кезде, ал айырбас фазасында субъектілердің біреуінде қозғалысы тоқтаған уакытша босаған кұн мен басқа субъектітің оны қосымша пайдалану қажеттілігі арасында қарама-қайшылық пайда болған кезде мүмкін болады. Несие өндіріс факторы бола келе, өндіріс пен үлестіруден шыға отырып кайта бөлу категориясы ретінде өзінің дербестігін жоғалтпайды, шынында тауарлар айырбасынын формасы ретінде болады.
Несие айырбас сатысында пайда бола отырып, қарыз мәмілесінің формасы ретінде құн қозғалысының уздіксіздігін қамтамасыз етуге тиіс. Құн қозғалысы несие қозғалысының ядросы болып табылады. Айырбас процесінде мәміленің екі түрі ажыратылады: қарыз мәмілесі және сатып алу-сату мәмілесі. Несие қарыз мәмілесі ретінде тауарлар айналысы процесіне себепші болады. Қарыз мәмілесі тауар айналысының ерекше формасы және сатып алу-сату мәмілесіне қарсы қойып салыстыру арқылы сипатталуы мүмкін. Олардың арасындағы негізгі айырмашылық мынада: сатып алу-сату кезінде тауарларды өзара ұсыну бір мезгілде жүреді, қарыз мәмілесі кезінде эквиваленттің қайтарылуы кейінге қалдырылады. «Сатушы тұтыну құны ретіндегі тауарды шеттете отырып, оның өзіндік айырбас құнынымен және ақшаның тұтыну құнын жүзеге асырады. Бұған керісінше, сатып алушы айырбас қүны ретінде ақшаны иелігінен шығара отырып ақшаның тұтыну құнын және тауардың бағасын өткізеді. Осыған сәйкес тауар мен ақша орындарының ауысуы жүреді.
Осылайша екі жақты полярлы қарама-қайшылықтың жанды процесі енді қайтадан өз барысында тағы да екіге жарылады. Сатушы шын мәнінде тауарды өзінен шеттетеді, бірақ оның бағасын бастапқыда тек идеалды түрде ғана белгілейді. Ол тауарды өз бағасы бойынша сатты. Алайда ол баға тек кейінірек, белгіленген мерзімде өткізіледі. Несие ақшаның төлем кұралы функциясындағы ақшаның дамуы болып табылады. Ал эквивалент қайтарылуының кейінге қалдырылуы құн козғалысының сатып алу-сатудан дербес, сапалық жағынан ерекше қозғалыс формасын жасайды.
Сондықтан қарыз мәмілесін сатып алу-сату мәмілесінің бір түрі деп ойлауға болмайды.
Айырбастьң екі контрагентінің бірегей келісімі ретінде алынған сатып алу-сату мәмілесі олардың арасында кездейсоқ, өткінші байланысты жүзеге асырады. «А» тауарды «В»-ға береді және одан ақша алады. Олардың арасында тікелей байланыс тек тауарлар мен ақшалар қозғалысы мерзімінде ғана орнатылады. Тұтастай алғандағы сатып алу-сату мәмілесі барлық қоғамда барлық тауар иелерін байланыстырушы фактор кызметін атқарады, бірақ бұл мәміле өзінің жекелеген көріністерінде кездейсоқ, өткінші байланысты жасайды. Әрбір қарыз мәмілесі, тіпті жеке алынғаны да, басқа осындай мәмілелермен немесе экономикалық қатынастың басқа формаларымен байланыстан тыс мәміленің контрагенттері арасында ұзаққа созылған қатынасқа көшеді. Өзара ынтымақ, мақсаттың бірлігі пайда болады.
Сатып алу-сату мәмілесі кезінде тұтыну құнының қозғалысы жүреді, ал құн мәмілесі контрагенттерінің қолында қалады. Қарыз мәмілесі кезінде тұтыну құнының ғана қозғалысы жүріп қоймайды. «Біз жай тауар туралы, тап осындай тауар туралы, айтқанда сатып алушы қолында бірдей құн қалады, бірақ әр түрлі формада; сауда мәмілесіне дейін де және одан кейін де олардын қолында иеліктерінен шығарған құн болады, бірақ біреуінде ол тауар формасында, басқасында ақшалай формада болады». Қарыз кезінде «ақшалай капиталист бұл мәміледе құнды беретін жалғыз тұлға болып табылады; бірақ ол оны артынан оның қайтып келуі арқасында ғана сақтайды. Қарыз кезінде тек бір тарап қана құнды алады, өйткені оны бір тарап қана береді».
Несие — қарыз капиталы қозғалысының нысаны болып саналады, яғни қарызға берілген ақша капиталы. Оның көмегімен кәсіпорындардың, жеке секторлардың және мемлекеттің бос ақша капиталы мен табыстары уақытша қолдануға берілген қарыз капиталы үшін төлемге айналып, шоғырланады.
Банктермен несие беру кәсіпкерлік фирмалардың, жеке тұлғалар мен мемлекеттік ұйымдардың тұтынушылық және инвестициялық мақсаттарын қаржыландыру үшін іске асырылатын экономикалық функция болып табылады. Банктер өздерінің несие функцияларын қаншалықты жақсы іске асырса, соншалықты олар қызмет көрсететін аймақтардың экономикалық жағдайы тәуелді. Себебі, банк несиесі осы аймақтардағы жаңа кәсіпорындар мен жұмыс орындарының көбеюіне септігін тигізеді және олардың экономикалық өмір сүру қабілеттілігін қамтамасыз етеді.
Қазақстандық банктердің көбінде ссудалық шоттар жиынтық активтердің жартысынан кемін құрайды да, табыстың 23 бөлігін әкеледі. Одан гөрі банк тәуекелдігі несие портфелінде шоғырландырлу тенденциясына ие. Банктегі қаржылық қиындықтар қателі басқарушылық шешімдерді қабылдау салдарына, несиемен заңды емес манипуляцияға, дұрыс несие саясатын жүргізбеуден немесе болжанбаған экономикалық құлдырауға байланысты несие проблемалары есебінен туындайды. [4, б.192]
Несие саясаты несиені орынды басқарудың көзі болып табылады. Ол қарыз бен несиені беретін және несие қоржынын басқаратын банк қызметкерлеріне жетекшілік етудегі объективті стандарттар мен параметрлерді анықтайды. Сонымен қатар, ол Директорлар Кеңесін, ішкі және сыртқы аудиторларды банк несиесін басқару сипаттамасын бағалауды жүргізу үшін базамен қамтамасыз етеді. Барлық ұйымдық деңгейде дұрыс қабылданатын несие саясатын мұқият тұжырымдау кезінде банк менеджменті тиесілі несие стандарттарын ұстануға, артық тәуекелден құтылу және бизнес перспективаларын баламалы бағалауға мүмкін. Банк жетекшілері сенімді, қағаз бетінде жазылған несиелеу саясаты, несие тәуекелін сапалы басқарудағы фундаменттің болуға тиіс екендігін санайды.
«Саясат» барлығына бірдей болуы тиіс, яғни кіші қызметкерден банк президентіне дейін. Кейде, саясатқа қатысты «шешімді алдын-ала қабылдау» термині қолданылады, бұл саясаттың әр шешімді қабылдаудағы белгіленген жалпы ереже болып табылатынын айқындайды. Қарыз беру шешім қабылдау екендігін білдіреді және алдын ала ойластырылған саясат, әрекеттің альтернативті бағытын төмендетеді де, шешім қабылдау үрдісін ықшамдап, жеделдетеді.

1.2 Несие мен зайымді есептеу

Несие саясатының негізгі мақсаты болып барлық процедураларды сақтап, банк үшін тиімді жағдайда несие ресурстарын орналастыру жолымен несие қызметінен түсетін табысты барынша көбейту болып табылады.
Банк қызметінің сапа индикаторының кепілі активтердің сапасы және бірінші орында қоржынды тиімді басқарудың көзі несие тәуекелін дұрыс басқару болып табылады. Банк өзінің қарыз алушылары мен жобаларына қатысты тәуекелдік деңгейін тура білуі және өзі қабылдай алатын тәуекел деңгейін басқаруға жағдайы болуға тиіс, сонымен қатар несие шарты арқылы мүмкін тәуекедіктерден сақтану бойынша шара қолдануға, несиелерді жөнелту және берілген несиелерді мәжбүрлі түрде төлету бойынша шараларды жүргізуге тиіс.
Несие саясатын құру, соның ішінде несие жұмысын ұйымдастыру келесі принциптерге қарай негізделуі тиіс:
oo ерекшеліктерді ескеріп, жаңа банк қарыздарын (несиелерін) беру кезіндегі тәуекелді азайтуға бағыттылған несие қоржынын басқару тәсілдеріне, «нашар» несиелерді қайтарудың шаралары мен әдістерін әзірлеу жолымен проблемалық банк қарыздарын (несиелерін) жоюға, несие портфель сапасын радикалды жақсартуға;
oo ағымдағы мезетте қарыз алушымен қарым-қатынасқа;
oo қайтарылмаған банк қарызынан болған залалды өтеуге адекватті резервтерді анықтауға;
oo бір экономикалық сегмент шамасында банк қарызының көлемін анықтау;
oo банк қарыздарының жеке түрлері бойынша несиелеу нормативтерін белгілеу.
Ресми құжатталған несие саясатының болмауы, банктің несие қызметкерлерінің банктің жалпы мақсаттарын түсінбей, өзінің жеке тәжірибесі мен теориялық біліміне сүйеніп, спонтандық түрде шешім қабылдауына әкеп соғады. [7, б.2]
Әр банк несиелеу қызметінің сұрақтары бойынша мемлекеттің Заңдарына, соның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес өзінің несиелеу Ережесін әзірлейді. Бұл Ереже несие қызметі аумағындағы шешім қабылдаудың жалпы басымдығын, стандарттары мен параметрлерін, несие тәуекелін басқарудың негізгі принциптерін және банктің несие қызметін келесі міндеттерді шешуге бағыттайды:
а) тұрақты жұмыс істеп тұрған шаруашылық қызмет етуші субъектілерді несиелеу есебінен сапалы несие портфелін қалыптастыру және перспективалық жобаларды қаржыландыру;
ә) несие қоржыны мен баланстан тыс міндеттемелердің оңтайлы құрылымы мен мөлшерін қамтамасыз ету;
б) банк активтерінің қауіпсіздігі мен орналастыру табыстылығын жоғарғы деңгейімен қамтамасыз ету;
Банктің несие стратегиясы келесіні қарастырады:
а) банк тәуекелін мұқият талдаудан кейін қабылдау;
ә) банктің бір немесе бірнеше ірі клиенттерінің алдында тәуелді болуына қарай тәуекелдің қолайсыздығы;
б) банк қарызының сапасын, активтер мен пассивтерін және негізгі құралдарға инвестицияның қысқартылуын жақсарту бойынша активті түрде жұмысты жүргізу;
в) банк қарызын беру жөніндегі шешімді тек қана кепілдікті қамтамасыз етуді бағалау негізінде ғана емес, сонымен қоса болашақтағы ақша ағымын және қарыз алушының принципиалды пайдалылығын есептеу, ұсынылған жобаның құқықтық жағын мұқият талдау негізінде қабылдау;
г) тәуекелді қысқарту мақсатында банк қарызының мөлшеріне, қарыз алушының саласы мен қызмет түріне байланысты несие портфелін диверсификациялау;
ғ) банкпен қабылданатын тәуекелдер салдарынан үлкен жоғалтуларға ұшыратпау қаупін болдырмау;
д) алынатын табыс жалпы тәуекел сомасын жабуы тиіс;
е) несие тәуекелі лимитін Несие Комитетімен белгілеу және оған бақылау жүргізу;
ж) банктің халықаралық несие рейтингін алуы.
Несие саясаты несиенің бағасы мен валютасы сияқты несиелеудің маңызды талаптарын анықтайды.
Несие бағасы басқа қаржы институттарымен ұсынылатын банктің активтері мен пассивтерінің экономикалық құны, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемелері, несиеленетін жобалардың мазмұны және басқа факторлардың, нарықтағы қойылатын сыйақы (мүдде) мөлшерлемесіне байланысты қалыптасады.
Несие тәуекелін басқару принциптеріне қатысты банк берілетін несиенің валютасын өзінің қалауы бойынша анықтайды. [8, б.52-56]
Несие саясаты бизнестің әр түрлілігіне байланысты мазмұны мен құрылымы бойынша ажыратылады, бірақ адекватті несие саясаты, кемінде, қызмет аясы бойынша сұрақтарды ашуға тиіс.
Сонымен қатар несие саясатын басқарылатын өзгерілім анықтайды.
Қазақстан Республикасының банктерінің тиімділік көрсеткіштер жүйесі мен несие саясатының тәуекелі.
Несие саясатының тиімділік көрсеткіштер жүйесін таңдау мыналарға байланысты:
oo біріншіден, банк дамуын стратегиялық жоспарлаудың мақсаттары мен міндеттеріне (табыстылықты стратегиялық басқару);
oo екіншіден, нақты уақыт кезеңіндегі нақты мақсаттарға (табыстылықты оперативті басқару).
Табыстылық сыйақының (мүдденің) пайыздық мөлшерлемесімен, өтімділік-мерзім және тәуекел дәрежесін ескеретін активті және пассивті операциялардың толық сәйкес келуімен анықталатыны айқын.
Баға тәрізді, сыйақы мөлшерлемесі сұраныс пен ұсыныстың нарықтық механизмі әсерінен қалыптасады. Сұраныс пен ұсыныстың ара салмағы қалыптасқан ақша нарығының конъюнктурасын көрсетеді де, оның барлық заңдылықтарының әрекетіне түседі. Несиеге деген сұраныс қарқынды болған сайын, оның баға деңгейі жоғарылайды. Ал сұраныстың төмендеуі банктердің сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуіне әкеп соғады.
Пайыздық саясаттың негізгі мақсаты активтер мен міндеттемелерді баланстандырылған пайдалы басқару жолымен пайыздық табысты (маржаны) алу болып табылады.
Таза пайыздық маржа банкпен тартылған пассивтер құнына байланысты активтерді пайдалану өлшемі ретінде былай анықталады:
Таза пайыздық маржа =алынған сыйақы-төленген сыйақы табыс әкелетін активтердің орташа шамасы (1)
Таза пайыздық маржа, депозиттер бойынша ең аз пайыздық мөлшерлеме және несие бойынша ең жоғары мөлшерлеме филиалдарға дейін тоқсанына кемінде бір рет жеткізіледі. Филиалдар келісім-шартқа сәйкес тарту мен орналастырудың аймақтық жағдайын ескеріп, депозиттерге тіркелген және құбылмалы мөлшерлемені қолданады.
Тіркелген пайыздық мөлшерлемесі қарызды қолданудың бүкіл мерзімі бойы өзгеріссіз қалады. Құбылмалы пайыздық мөлшерлеме банкпен ақша нарығының жағдайына, сұраныс пен ұсынысқа, сонымен қатар қарыз алушының қаржылық жағдайы және экономикаға байланысты несие немесе депозиттік келісім-шарттың қызметінің бүкіл мерзім бойы өзгертіле алады.
Алынған пайыздық табысты детальді қарастыру үшін олардың бірнеше жылдар көрсеткіштерін салыстырып, талдау керек.
Несие базасының пайдалылық формуласын қолданып, табыстылықты талдауды жалғастыру қажет. Оның мақсаты операциялық маржаны көбейту болып табылады.
Несие базасының пайдалылығы, % = алынған сыйақы-төленген сыйақы несие қоржыны (2)
Банк табысын пайыздық және пайыздық емес табыстарға топтастыру кезінде, пайыздық табыстың жалпы сомасындағы несие операцияларынан түсетін табыстың үлес салмағын анықтауға болады (бағалы қағаздар, депозиттер, қарыздар және басқа да табыстар бойынша).
Несие операцияларынан түсетін табыстың үлес салмағы = несие операцияларынан түсетін табыс 100 несие қоржыны (3)
Бұл коэффициент банкпен қолданылатын несие саясат түрін анықтауға мүмкіншілік береді. Егер коэффициенттің мәні 50 пайыздан жоғары болса, онда банк агрессивті несие саясатын қолданады. Бұл жағдайда банк шамадан тыс несие тәуекелінен аман қалу үшін активтерді диверсификациялауға көңілін бөлу керек. 30-дан 50 пайызға дейінгі коэффициент кезінде банк несиелеудің біркелкі саясатын және 30 пайызға дейінгі коэффициент кезінде консервативті саясатты қолданады. Соңғы жағдайда банк табыстың зиянына қарай, тәуекелі төмен операцияларына көңілін көп бөледі.
Демек, банк активтерінің табысты бөлігі аса тәуекелді, ол банк несиесінің қоржыны. Несиені беруден түскен табыс, банк операцияларының арасында бірінші орында тұрады.
Бірқалыпты төлем негізгі қарыз бен пайызды өтеумен бірге ай сайын жүргізіледі. Оның мөлшері мына формула бойынша анықталады:
РМ = Несие сомасы ( (1+i)n ( 1+i)-1 ) (4),
мұнда, РМ -дүркін-дүркін төлем, тенге;
i -дүркін-дүркін пайыздық мөлшерлеме, тенге;
n -несие мерзімі, күндер.
Активтердің жалпы сомасындағы несие қоржынының үлес салмағы =
несие қоржыны баланс активтері (5)
Активтердің өсуі банк жағдайының индикаторы болып табылады. Бірақ, ол несие бойынша табыс сапасын бағалаудан бөлек қарастырыла алмайды.
Несие қоржынының сапасы = күмәнді және үмітсіз несие несие
қоржыны (6)
Әлемдік тәжірибеде несие мекемесінде несие бойынша күмәнді және үмітсіз қарыздың 4-10 пайызының болуы дұрыс деп саналады.
Несие қоржынының сапасын жақсарту мақсатында және мерзімі өткен несиені болдырмау үшін мыналар жүргізіледі:
oo әр қарыз алушы мен қарыз түрі бойынша несие құрылымын тұрақты талдау;
oo банктің несие бөлімінің проблемалық несиемен жұмыс істеудің толықтылығы мен жеткіліктілігін талдау;
oo қарыз алушының қаржылық жағдайын талдау.
oo Несие қызметінен түсетін табысты максимизациялау мен тәуекелді төмендету мақсатында табысты несие саясатын қамтамасыз ету механизмдерін қолданады.
Несиелеу саясатының тиімділік механизмінің бірі несие қоржынын басқару болып табылады:
oo қоржын сапасының сандық мақсаттарын анықтау;
oo қоржын құрылымы;
oo өсу;
oo табыстылық.
Несие қоржынын басқару әдіснамасын 1 кестеден көруге болады.

1- кесте.
Несие қоржынын басқару әдіснамасы

Қоржынды басқару тәсілі
Сипаттама
Мақсатты тәуекел
Секторлық сипаттама мен географиялық шектеуді анықтау
Клиенттердің мақсатты сегменті
Әр кәсіпорынның өндірістік саласы үшін тиімді тәуекел категориясы:
oo сату көлемі;
oo табыстылық;
oo өтімділік;
Несие түрі
oo несие беру нысаны;
oo қарызды бөлшектеп өтеу;
oo баланстық немесе баланстан тыс несие;
oo тенге немесе шетел валютасындағы тіркелген және құбылмалы несие;
Несие өнімі
oo жылжымайтын мүлікті, құрал-жабдықты сатып алуға несие, маусымдық несие;
oo кепіл, факторинг, форфейтинг, вексельді есептеу, лизинг;
Несие валютасы
oo пайыздық және валюталық тәуекелді хеджирлеу;

Несиені ұзарту қабілеттілігі
oo білікті қызметкерлердің және сенімді заңдық нормаларының болуы;

Несие қоржынын шоғырландыру
oo несие бойынша шектеуді белгілеу, нарықты зерттеу.

Несие қоржыны жіктелімге жатады. Несиелер стандартты, субстандартты, қанағаттанарлықсыз, жоғары тәуекелді күмәнді және сенімсіз болып бөлінеді. Жіктелген несиелер резервте сақталуы тиіс. Несие бойынша провизия мөлшері 2 кестеде көрсетілген

2-кесте.
Несиені резервте сақтау талаптары
Резервте сақтау мөлшері, қарыз сомасынан %
Несие қоржынының жіктелуі және резервте сақтау талаптары

Стандартты несие
5%
Субстандартты несие
oo 30 күнге дейін несие бойынша пайыздың төлемін кешіктіру жағдайы кезінде.

20%
Қанағаттанарлықсыз несие
— 30 күннен 60 күнге дейінгі несие бойынша пайыздың төлемін кешіктіру жағдайы кезінде.
50%
Жоғары тәуекелді күмәнді несие
— 60 күннен 90 күнге дейінгі төлемнің кешітірілуі жағдайында резервте сақталады.
100%
Сенімсіз несие
— 90 күннен жоғары төлемнің кешіктірілуі жағдайында резервте сақталады.

Экономикалық теорияда функция деп құндық категориялар мәнінің көрінісі түсіндіріледі. Несиенің функциясы деп оның мәнінің ерекше көрінісін түсіну орынды, алайда несиенің функциясы — оның мәні емес, тек осы мәнінің көрінісі.
Несиенің функцияларын қарастыру үшін келесідей ғылыми амалдар орынды. Біріншіден, бәрінен бұрын функция да несиенің мәні сияқты объективті сипатта. Функция кредитор мен қарыз алушы арасында несиелік қатынасқа түсе отырып орындайтын белгілі бір «жұмыстың» көрінісін сипаттайды. Екіншіден, несиенің функциясын талдау кезінде тағы да бір жағдайды ескеру керек: несие өзінің қозғалыс процесінің әрбір кезеңінде барлық функцияларымен емес, олардың біреуімен немесе бірнешеуімен өз мәнін көрсетеді. Әрбір кезеңде несие өзінің қозғалысының белгілі бір сатысында болады, сондықтан өзінің мәнді көріністерінің барлық жиынтығын бірден көрсете алмайды. Мысалы, ақша төлем құралы функциясында бір мезгілде айналыс құралы функциясын немесе қор жинау функциясын атқара алмайды. Несие де сол сияқты. Үшіншіден, функция — бұл қатып қалған емес, өзгермелі категория. Несиенің мәнінің өзгеруімен қатар оның көрінісі де өзгереді. Төртіншіден, функция несиенің біртұтас процесс ретіндегі ерекше көрінісін білдіреді.
Бұл функцияның жеке кредиторға немесе қарыз алушыға емес, жалпы несиелік қатынасқа жататындығымен түсіндіріледі; несиенің көрінуі, тек егер ол тең дәрежеде несиелік мәміленің екі қатынасушысына да қатысты болса ғана, оның функциясы ретінде анықталуы мүмкін.
Мұнан басқа, функция несиенің барлық формалары мен түрлерінің ерекше көріністерін сипаттауы керек. Коммерциялық несиенің, банктік несиенің жеке бөлектенген функциялары жоқ. Функцияны несиенің формалары немесе түрлері емес, оның экономикалық категория ретіндегі мәні тудырады.
НесиенІң теориясында оның келесі функциялары бөлініп шығарылады: … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz