Ортағасырлық схоластика — Философия — Рефераты на казахском языке — Библиотека

0

 

Алпауытты (феодалдық) қоғамдық қатынастардың даму барысында ортағасырлық схоластика (латын сөзінен шыққан, «мектеп» деген мағына береді) қалыптаса бастады. Алпауытты қоғам құлиеленушілік құрылыстың ыдырауынан кейін пайда болды. Бұл қоғам негізінен екі топтан тұратын еді. Үстем тап — алпауыттар мен қаналушы тап басыбайлы шаруалар әрі бірлік, әрі күрес жағдайында болды. Олардан басқа қолөнершілер мен саудагерлер қосалқы таптарға жатады.

Алпауытты қоғамда дінбасыларының билігі үстем болды. Тақуалық ғибадатханалардың (монастырь) иелігіндегі жерлер орасан көп болды, ал тақуалық ғибадатханалардың ғимараттары қамал түрінде салынды. Олар жер өндеу, ағартушылық жұмыстар мен мәдени дамудың орталықтарына айналды. Батыс Европадағы алпауытты қоғамның тым бәсең дамуы ол туралы жаппай тоқырау, тіпті кері кету кезеңі сияқты тұрақты пікір қалыптастырған-ды. Ал шынтуайтына келгенде, құлиеленушілік қоғамның философиядағы, нақтылы ғылымдардағы қол жеткен табыстары, негізінен ортағасырлық Шығыста сақталып қана қоймай, сонымен қатар шығармашылықпен ілгері дамытылып отырды. Ал, Батыс Европаның Рим империясының күйреуінен кейін пайда болған жас мемлекеттерінде (Италия, Испания, Франция, Англия, Германия) сауаттылық күрт төмендеп кетті. Бұл кезде христиан діні үстемдікке қол жеткізген соң, шіркеулер сауаттылықтың, қолжазбалар сақтау ісінің ошағы болды. Осыған орай дінбасыларының материалистік философияға жауық қандығына байланысты, антик алық рухани мұралардың тек қана идеалистік ілімдері ғана уағыздауға құқықты болды. Сондықтан да ортағасырлық Шығыста және Арабтар бағындырған Испанияның кейбір аймақтарында араб тілді философия мен ғылымның дамуы XVI ғасырға дейін Европаға қарағанда озық үлгіде болды. Бірақ та мәдени даму дәрежелерінің алғышартты айырмашылықтарына қарамастан Европада да, Шығыста да алпауытты қоғамдық құрылыс қалыптасты, екі жақта да діни идеология үстем болды. Адамдар санасында таптар арасындағы күрес діни — идеологиялық сипат алды, философия Европада шіркеудің, дінбасыларының құлақ кесті күңіне айналды. Ал христиан дініне келсек, ол үстемдікке бірден жете алған жоқ. Ол өз үстемдігі үшін политеизм мен неоплатонизмге қарсы ұзақ уақыт жанкешті күрес жүргізді. Неоплатонизм философиясы мен оның мектебі император Юстинианның үкімімен 529 жылы ресми түрде жабылды. Осының салдарынан философиялық салада схоластика үстемдігі басталды. Алғашқыда бұл философия мектептерде, кейіннен университеттерде ресми пән ретінде оқытылды. Әу баста «схоластика» деген сөз «мектеп» деген сөздің мағынасын білдірген болса, кейіннен бедел мен атаққа табынған, тәжірибеден, өмірден тым алшақ, керенаулық сарыны басым, мүлде нәтижесіз тіл безеуге, көкемілжыңдыққа бой ұрған ғалымсымақтың атауы ретінде қалыптасты. Өзінің даму барысында схоластика негізінен үш кезеңнен өтеді:

1. Балауса кезеңі (ІХ-ХІІ ғасырлар аралығы).

2. Балиғат кезеңі (XIII ғасыр).

3. Құлдырау кезеңі (ХІУ-ХҮ ғасырлар аралығы).

Схоластардың шұғылданған негізгі мәселесі — білімнің діни сенімге

деген қатынасы туралы мәселе. Олардың негізгі қағидасы, мақсаты ақыл — ойға діни сенімнің үстемдігін жүргізу және сол үстемдіктің «заңдылығын» дәлелдеу болды. Алайда, осы мәселе жөніндегі пікірталастың даму барысында көптеген философиялық; проблемалар күн тәртібіне қойылды. Олардың ішіндегі ең маңыздысы жалпының жалқыға қатынасы турлы мәселе еді.

 

Рахмет ретінде жарнаманы басыңыз!