Орта ғасырдағы педагогикалық ойлар | туралы қазақша
Орта ғасыр кезеңінде Қытай және Үндістанда, Таяу Шығыс пен Еуропада үлкендер мен балаларды оқыту шіркеу қарамағында болғандықтан діни сипат алды. VIII ғ. арабтар Пириней түбегін жаулап алғаннан кейін Батыс Еуропада мұсылман мектептері ашыла бастады. Кордорф халифаты арқылы Пириней және Батыс Еуропаға ежелгі Шығыс мәдениеті еніп, тарай бастады. Араб философы Ибн-Рошданның түсініктемелері арқылы Аворроес есімімен танымал Аристотельдің еңбектері етек алды. IV ғ. Рим империясы Батыс және Шығыс болып бөлінді.
Византия. Территориясы: Балқан түбегі, Кіші Азия, Жерорта теңізінің оңтүстік шығысы. Батыс империясы бірнеше кіші мемлекеттерге бөлінді. Ал Византия атымен сақталып келген шығыс империясы 1000 жыл өмір сүрген. Византия мәдениеті діни сипатта болғанымен ежелгі Шығыс мәдениетінің бірқатар элементтері сақталған.
Шіркеулер қарамағындағы мектептер, кейбір мемлекеттерде тіпті жоғары мектептер болған. Бұл оқу орындарында діни әдебиеттер, философтардың, ежелгі Шығыс ақындарының еңбектері оқытылды. Мектеп пен білім беру әлемдік Рим мәдениетінен бастау алған. Мәдениет әртүрлі халықтардың құрамына байланысты этникалық негізде қалыптасқанымен, грек тілі сақталды. Византия мәдениетінің даму тенденциясында білім беру мен білімділік әлеуметтік жоғарғы статусты айқындаған. Дәстүрлі әдеби-гуманистік білімін православия-христиандық дүниетаныммен ұштастырған және классикалық білім алған адам Византияда білімді жеке адам идеясы бар болып саналған. Орта ғасырлар кезеңінде шіркеу қоғамның рухани өмірін монополиялады, тәрбиеге діни бағыт енгізілді. Діни дүниетаным жеке және қоғамдық өмірдің барлық аумақтарына енді. Тәрбиелеу мен оқыту конфессионалды сипатта болды. Антикалық кезеңде көтерілген тұлғаның жан-жақты дамуы туралы идея естен шығарылды. Ортағасырлық дүниетанымның негізгі бағытына сай адам жанын «құтқаруға» тәрбиелеуде ең бірінші жоспарға діни аскеттік идея қойылды, яғни тұлғаның тәні мен рухани жоғарылауын жансыздандыру, құдайлық тақуалықты ұстану амалы ретінде жүрді.
5-7 жастан, 2-3 жыл оқитын балалар білім беру жүйесінің элементарлы білім беретін мектептерінде оқытылды. Ал грамматикалық мектептер орта білім беруді қамтамасыз етті. Аристократ және діни элитаның балаларының барлығы осы саты арқылы оқытылды. Бұл мектептер жеке, мемлекеттік және діни сипатта болды. Оқытудың мақсаты оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, жалпы мәдениеті мен шешендікке баулу болып табылады.
Аудиторизм — (константинопльдік мектеп, IX ғ. ортасында Магнарва деп аталған) — жоғарғы мектеп. Бұл кезеңдерде жоғарғы заңгер, медицина, философия т.б. мектептер болған. Олардың Батыс университеттерінен айырмашылығы императорға тәуелді болуында. VII ғ. дейін грек және латын тілдерінде оқытылды. Кейінірек мектеп оқушыларын философия консулы, «шешендер» деп атаған және олар жабық корпорациялы жоғары дәрежедегі мемлекет қызметкерлері болды, оқытушылар киім кию ерекшелігімен ажыратылды. Оқытудың мақсаты — мемлекеттік энциклопедиялық білімді адамдарды немесе шіркеу қызметкерлерін даярлау.
Батыс Еуропада орта ғасырда білім беру құрылымы діни және зайырлы болып екі бағытта жүрген. Діни мектептер монастырьлық, кафедралық, приходтық болып бөлінген, оқыту мерзімі мен жас ерекшелігі көрсетілмеген. Оқытудың мазмұнын құдайға құлшылық ету, шіркеу өлеңін айту және жазу құрады. Кейінірек «ерікті өнерге», құдай сөзіне оқытылды. Зайырлы білім беру алдына рыцарларды тәрбиелеу мақсатын қойды. Онда 7 жасқа дейін отбасында, 14 жасқа дейін қорғандарда паж ретінде тәрбиеленген, ал 14 жастан қарулы қорғаншы болса, 21 жастан рыцарьлар даярланды. Ат үстінде жүру, суда шомыла білу, сайыса білу, аң аулай білу, шахмат ойнай білу, найзашылдыққа қалқан мен семсерді игере білу өлең жазу және айту, бұл рыцарьларды анықтайтын жеті қайырымдылықты құраған.
Рыцарьлыққа феодалдың үлкен ұлын даярлаған. Ал қалған балалары: отбасында, монастырьлық мектепте, университетте білім алған. Қыздар тәрбиесі отбасында және монастырьлық мектепте іске асырылған.
XII ғасырдың аяғында унқверситеттер құрылған. Ортағасырлық университеттерін: дайындық, құдай сөзі, заңгер және медицина факультеттері құраған. Қала және ауыл балаларын оқытуда өзгешелік болды. Қалаларда гильдей және цех мектептері болды. Кейінірек бұл мектептер алғашқы қала мектептеріне айналды. Ауылды жерлерде приходтық мектептер болды, онда ертедегі еңбекке баулу көрініс алды.
Пайдаланылған әдебиеттер: Педагогика, әлеуметтік педагогика, өзін-өзі тану тарихы: оқу құралы. Ж.Р. Баширова, Р.К. Бекмағамбетова, Н.С. Әлқожаева, Н.С. Жұбаназарова, Ұ.Б. Төлешова. – Алматы: Қазақ университеті, 2012. – 248 б.
#Орта #ғасырдағы #педагогикалық #ойлар
Рақмет ретінде жарнаманы баса кетіңіз