Ормандағы саяхат балабақшадағы ертеңгіліктер

0

Ересектер тобында  ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті түрі.

Білім беру саласы: «Қатынас»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: қазақ тілі
   
Тақырыбы:  «Ормандағы саяхат»
Мақсаты: Балалардың  білімдерін тиянақтап, қорытындылау. Сөз байлықтарын дамыту. Ойлау,сөйлеу қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту, сөйлем құрап өз ойларын жеткізе білуге, айналадағы өмірді бақылау арқылы дүниетанымын, ой-өрісін кеңейту, мұғалімнің сұрағына түсініп, жауап беруга үйрету. Сондай-ақ қазақ тіліне ғана тән ерекше дыбыстарды дұрыс айтуларын қадағалау. Кеңістікті бағдарлай білу ептіліктерін  дамыту.                                                                    
Көңіл- күйлерін көтеру. Алған білім дағдыларын іске асыра білуге үйрету. Адамгершілікке, ұйымшылдыққа және кез-келген тапсырманы жауапкершілікпен атқаруға, көмек бере білуге  тәрбиелеу.   
Көрнекіліктер: муляждар (жемістер, көкөністер), дидактикалық ойындарға  қажетті құралдар, техникалық құралдар: ұялы телефон, бейнетаспа,   мольберт, 
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, Түсіндіру,  Ойындар,  Сергіту жаттығуы қолданылды. 
Қостілділік компонент: Оң жақ- правая сторона, сол жақ- левая сторона, тіке — прямо.  Қасқыр жыртқыш – волк хищник,  Түлкі қу,- лиса хитрая,  Маймақ аю- медведь косолапый, Қорқақ қоян – трусливый заяц.
Алдын — ала жүргізілген жұмыстар: ата- аналармен жұмыстар, дидактикалық, дамытушылық ойындар.
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің барысы: 
1. Ертеңгілік жиын.
Орталықтарға бөліну. Көркем әдебиет орталығы- қазақ тілі
 Мұғалім: Балалар, бүгін бізге сабаққа бауырсақ қатысады. Ол сендердің қазақ тілін қалай меңгергендеріңді тыңдамақшы.
Сендердің алдарыңда гүлдер жатыр. Ол жәй гүлдер емес, «сиқырлы гүлдер» сендер қазір гүлдерді алып, өз тілектеріңді айтып құмыраға саласыңдар. 
Саша: Менің анам мейірімді, сүйікті жан,
Анам әрқашан аман болсын деп, тілеймін.
Альфия: Менің сіңілім бар. Оның аты Жансая. Ол екі жаста. Жансая ертегі тыңдағанды ұнатады. Мен оны жақсы көремін.
Илья: Менің атым Илья. Мен алты жастамын. Мен футбол ойнағанды ұнатамын. Мен өскенде футболшы боламын.
Юля: Менің атам, әжем ауылда тұрады. Мен оларға жазда қонаққа барамын
Олеся: Мен өскенде суретші боламын. Бүкіл әлемді алуан түске бояймын. Қызыл, жасыл, сары, көк түске.
Валя: Менің сіңілім бар. Оның аты Даша. Мен оның туған күніне қуыршақ сыйлаймын.
Абдықадыр: Менің атым Абдықадыр. Мен алты жастамын. Менің отбасымда төрт адам бар. Әкем, шешем, апам және мен. Мен үй жануарларын жақсы көремін. Маған кішкентай, сүйкімді күшік сыйласа екен.
Анита: Астана әдемі, көрікті, үлкен қала. Мен жазда Астанаға қыдырып барамын.
Юля: Менің атам, әжем ауылда тұрады. Мен оларға жазда қонаққа барамын
Мұғалім: Балалар  сендердің тілектерің үлкен «тілек шоғына » айналды. 
Міне қызық, біздің бауырсағымыз қайда кетіп қалған. Осы мезетте телефон шырылдайды. 
Мұғалім:  «Алло, алло- бауырсақ? орманда  адасып кетті» — дейсіз бе?  Ия, жақсы қазір қосамыз».   Балалар, біздің бауырсақ орманда адасып кетіпті. Телевизордан көрсетіп жатыр дейді. Қарайықшы.
Телевизорды қосу. 
Бауырсақ орман ішінде әндетіп, домалап келе жатады.
Бауырсақ: Мен бауырсақпын, бауырсақпын, майға пістім, қаймаққа илендім. Ой, әлем қандай тамаша. Таза ауа. Жасыл ағаштар. 
Осы кезде ағаштың тасасынан қоян атып шығады.
Бауырсақ: Ой, сен несің?
Қоян: Мен, қоянмын. Ал, сен несің? 
Бауырсақ: Мен бауырсақпын.
Қоян: Бауырсақ, бауырсақ, Мен сені жеймін- дейді.
Бауырсақ: Қоян, қоян,сен мені жеме. Мен орманда не бар екенін көрейін деп едім. Бірақ адасып кеткен сияқтымын.  Менің әжеме баратын жолды білмейсің бе? -дейді.
Қоян: Иә, білемін. Менің тапсырмамды орындасаң, жолды көрсетемін – дейді. Тапсырманы көрсетеді. 
Бауырсақ: Ой, енді не істеймін. Маған кім көмектесер екен (камераға қарап)
Тәрбиеші: Балалар келіңдер, бауырсаққа көмектесейік, қоянның тапсырмасын орындайық.. Ал, енді балалар есімізге түсірейікші қазір жылдың қандай мезгілі? Дұрыс, көктем. Көктемде күн қандай? Көктемде неше ай бар? Қазір, қандай ай?. (Балалардың жауабы) 
Балалар сәуір айы туралы мақал- мәтелдерді есімізге түсірейікші.
Альфия:     Сәуірдегі жауын,
                   Сауып тұрған сауын.
Олеся:       Сәуір болмай, тәуір болмас.
Саша:        Сәуір болса, күн күркірер,
                 Күн күркіресе, көк дүркірер.
Мұғалім: Балалар, енді  қоянның тапсырмасын тыңдаңдар. Мына текшеде көктем  мезгіліндегі балалардың іс- әрекеттері бейнеленген. Бірақ, суретші бір затты салуды ұмытып кеткен. Оны табу үшін, біз қазір «Не керек?» деген ойын ойнаймыз. Қазір мен текшені аспанға лақтырып айналдырам, сендер «бір, екі, үш, текше маған қарап түс» —  деп айтқанан кейін, текшенің түскен бетіндегі суретке керек заттарды тауып, текшедегі суреттер туралы әңгімелейміз. 
Дидактикалық ойын «Не керек?» Балалардың жауабы: доп, күрек, секіргіш, суқұйғыш, құс керек.  Әңгіме құрастыру. 
Саша: Қызға секіргіш керек. Көктемде күн жылы. 
Мен секіргішпен секіріп ойнаймын. 
Мұғалім: Дұрыс. Ал кім секіргіш туралы тақпақ біледі?
  Олеся:   
 Секіргішті күнде      алып,   
 Секіреміз күнде біз,
 Шымыр болсын денеміз,
 Біз секіре береміз.
Настя: Қызға суқұйғыш керек. Көктемде гүл шығады. Мен гүлдерге суқұйғышпен су құямын.
Абдықадыр:   
                         Қандай қызық көктемде,
                         Күн шуағын төккенде.
                         Гүл тереміз алуан,
                         Шығып алып көк белге.
Илья: Балаларға доп керек. Көктемде күн жылы. Балалар доппен ойнап жүр.
Настя:  Доп, доп,          
            Топ, топ, 
             Доп жоғалды.
             Доп жоқ,                                  
             Қап, қап!
            Тап, тап!   (хормен қайталау)
Анита:  Балаға күрек керек. Көктемде күн жылы. Мен күрекпен ағаш отырғызамын.
Альфия: Отырғыз ағаш көктемде,
               Жөн болар ағаш еккенің.
               Жетпесе шамаң еккенге,
               Сындырма жұрттың еккенін.
Карина: Құс керек. Көктемде құстар ұшып келеді. Мен құстарға ұя жасаймын.
Аина:    Ұя жасап тақтайдан,      
              Талға апарып байладым.
              Сол ұяны талдағы 
               Қараторғай мекендеп,
               Күні бойы сайрады,
              Жайлы пәтер екен деп.
Юля: Қызға  қолшатыр керек. Көктемде жаңбыр жауады. Мен қолшатыр ұстаймын.
Валя:  Көктемде, көктемде,
           Жаңбыр көп жауады,
           Тамшылар тамады.
           Тырс- тырс- тырс
           Тырс-тырс- тырс
           Тазартып ауаны
           Жаңбыр көп жауады.
Мұғалім: Балалар, біз қандай аңның тапсырмасын орындадық. (Балалардың жауабы ) Кім қоян туралы тақпақ біледі?
Саша: Мен ақ қоян, ақ қоян,
           Қорқақ қоян, сақ қоян.
           Қасқырлардан қорқамын.
           Орманға мен зытамын.
Мұғалім: Қоянды қорқақ деп атайды. Қане, бәріміз бірге қайталайықшы. Заяц трусливый  — қоян қорқақ.
Мұғалім: Сендер тапсырманы дұрыс орындап шықтыңдар. Олай болса, телевизорды қосып, саяхатымызды одан әрі жалғастырайық.
Телевизорды қосу. 
Бауырсақ: Қоян, міне тапсырмаңды орындадық, маған балалар көмектесті.
Қоян: Жарайсың, бауырсақ. Сен тапсырманы дұрыс орындадың. Мен саған әжеңе  баратын жолды көрсетемін.  Осы жолмен тіке жүріп, шыршаның жанынан солға бұрылсаң, әжеңе баратын жолды табасың- дейді.
Бауырсақ: рахмет, қоян. Мен тіке жүріп, шыршаның жанынан солға бұрыламын.
Бауырсақ домалап келе жатса алдынан қасқыр шығады.
Бауырсақ: Ой, сен несің?
Қасқыр: Мен, қасқырмын  Ал, сен  несің?
Бауырсақ: Мен бауырсақпын.
Қасқыр: Бауырсақ, бауырсақ, Мен сені жеймін- дейді.
Бауырсақ: Қасқыр, қасқыр мені жемеші. Мен адасып кеттім.  Маған әжеме баратын жолды көрсетші- дейді.
Қасқыр: Жарайды, менің тапсырмамды орындасаң, жолды көрсетемін – дейді. (тапсырманы береді)
Бауырсақ: Балалар маған көмектесіңдерші. (камераға қарап)
Мұғалім: Балалар келіңдер, бауырсаққа қасқырдың тапсырмасын орындауға көмектесейік.
Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын мұқият тыңдаңдар.
Кесе, шыны, пиала…
Оларсыз шай құя ма?!
Қасықсыз тамақ жемейміз,-
Бәрінің атын  не дейміз?
(Ыдыс- аяқ) 
Д/о «Қандай сөз жасырынған?»
Ал, енді балалар тақтадағы суреттен бірдей ыдыс- аяқты көрсетіп, сол ыдыстардың  ішіне жасырылған сөзді табып, алдарыңдағы суреттердің ішінен сол аталған зат  қалташаларға салуларың керек. . Балардың жауабы: үш аққұман, үш кесе, үш табақ, үш тостаған. (бәйшешек, көбелек, балмұздақ, қарлығаш).  Енді осы сөздерді буынға бөлейік. «Неше буын бар?». 
2. Фонетикалық ойын: «Сиқырлы  сандық». Балалар,  енді  сандықты  ашып көрейікші. Міне, тамаша балалар қараңдаршы, сандықтың ішінде  «сиқырлы шарлар» бар екен.
 Енді шарларды ашып, ішіндегі  заттардың атауын қазақша атап, «қ» дыбысының сөздің қандай бөлігінде тұрғанын анықтап, мына тұрған үш түрлі сандықшаға бөліп салуымыз керек .
Ойын тәртібі: «қ»- дыбысы бар сөздерді айтып, «қ» дыбысы сөздің қандай бөлігінде тұрса (басында, ортасында, аяғында) соған сәйкес сандыққа (қызыл, жасыл, сары) заттарды салуы керек.
Мұғалім: Балалар, сендер қандай аңның тапсырмасын орындадыңдар? (Балалардың жауабы ). Кім қасқыр туралы тақпақ біледі? 
Настя:  Түсім сұрқай, тым суық,       
             Орманда жүремін аң қуып.
Мұғалім: Қасқыр қандай аң? Волк хищник — қасқыр – жыртқыш. Қане, бәріміз бірге қайталайықшы. 
Жарайсыңдар балалар.  Сендер  тапсырмасын дұрыс орындадыңдар. 
Телевизорды қосу. 
Бауырсақ: Қасқыр, міне тапсырмаңды орындадық, маған балалар көмектесті.
Қасқыр: Жарайсың, бауырсақ. Сен тапсырманы дұрыс орындадың. Мен саған әжеңе  баратын жолды көрсетемін.  Осы жолмен тіке жүріп, қарағайдың жанынан оңға бұрылсаң, үйіңе баратын жолды табасың- дейді.
Бауырсақ:  рахмет, қасқыр. Мен  тіке жүріп, қарағайдың жанынан оңға бұрыламын. 
Бауырсақ домалап келе жатса алдынан түлкі шығады.
Бауырсақ: Ой, сен несің?
Түлкі: Мен, түлкімін. Ал, сен несің?
Бауырсақ: Мен бауырсақпын.
Түлкі: Бауырсақ, бауырсақ, Сен қандай әдемісің, сен өлеңді жақсы айтады- дейді. Сенің әсем даусыңды тыңдағым келеді.
Бауырсақ: Ой, ұмытып қалған сияқтымын. Балалар көмектесіңдерші.
Мұғалім: келіңдер, балалар бауырсаққа  көмектесіп, сергіп алайық. (музыка ойналады)
Қимыл – қозғалыс сергіту сәті: Саз әуенімен балалар ортаға шығып, дене жаттығуын жасайды.
Сәлем, көздер,                   (показывеам на глаза)
Сәлем, құлақтар,             (показывеам (на уши)
Сәлем, аяқтар.                 ( показывеам (на ноги)                                                                                                                                                                                                                                                                                                               
Сәлем, қолдар,                 (показывеам (на руки)

Көздер көреді,      (прикладываем ладони к глазам) (видят)
Құлақтар естиді, (прикладываем ладони к  ушам (слышат)      
Аяқтар топылдап, (Топаем ногами)          
Қолдар шапалақ ұрады. (Хлопаем в ладоши)

 Алақанға, алақан,                   (показываем ладошки)
        Қайда болдың балақан?           (где ты был малышок?)
       Не жедің, балақан?                    (показываем как едим)
       Не іштің, балақан?                     (соединив ладошки, «пьем»)

                           Әжеге бардық,
                           Бауырсақ жедік,
                           Айран іштік.
                           Ұштық, ұштық.
(соединяем ладошки над головой, «полетели»)
                                           Ш-у-у!
Мұғалім: Балалар кім түлкі туралы тақпақ айтқысы келеді?
Валя:    Мен түлкімін, түлкімін         
             Тұнып тұрған күлкімін.
             Бұлаң- бұлаң құйрығым,
             Текке өтпейді бір күнім
Мұғалім:  Түлкі қандай аң? Қане, бәріміз бірге қайталайықшы. Лиса хитрая – түлкі қу. Дұрыс.  
Телевизорды қосайық. 
Түлкі: Бауырсақ, әнің әсем екен.. Әсіресе саған  №27 «Жігер» балабақшасының балаларының көмектесекені өте қатты ұнады. Мен сені орман ішінде адасып жүр деп естідім. Мен де саған көмектесейін. Осы жолмен тіке жүріп, үлкен еменді айналып өтсең, үйіңе баратын жолды табасың- дейді..
Бауырсақ- рахмет, түлкі. Мен тіке жүріп, үлкен еменді айналып өтемін.
Бауырсақ домалап келе жатса алдынан аю шығады.
Бауырсақ: Ой, сен несің?
Аю: Мен, аюмын. Ал, сен несің?
Бауырсақ: Мен бауырсақпын.
Аю: Бауырсақ, бауырсақ, Мен сені жеймін — дейді.
Бауырсақ: Аю,аю мені жемеші. Мен адасып кеттім.  Маған әжеме баратын жолды көрсетші- дейді.
Аю: Жарайды, менің тапсырмамды орындасаң, жолды көрсетемін – дейді. 
Бауырсақ: Балалар, маған көмектесіңдерші. (камераға қарап)
Тәрбиеші: Балалар келіңдер, бауырсаққа көмектесейік.
Тапсырма  «Ғажайып қоржын».
Мұғалім:  Балалар, қоржында жемістер мен көкөністер бар екен.  Сендер қоржының ішіндегі таныс затты  алып, шығарып көрсетіп, қазақша атауын айтып,  сипаттайсыңдар. Мына себеттерге жемістер мен көкөністерді ажыратып  салуларың керек. 
Мысалы: Мынау қызыл алма, түсі қызыл, дәмі тәтті. Ол жеміс. Бақта өседі.
Сұрақтар:Сен не алдың? Дәмі қандай? Түсі қандай? Қайда өседі? Ол саған ұнайды ма? 
Жақсы балалар, ал енді мына жұмбақтарды шешіңдерші.
 1. Іші жұмсақ, сырты қатты.
     Еті дәмді, суы тәтті. Ол не? (қар)
  2.Қалың киім ұнатады,   
     Шешіндірсең жылатады.  Ол не? (пияз)                                               
 3. Жер астына түседі,                                                                      
     Сап-сары піседі   Ол не? (сәбіз)                                                               .                                      
Мұғалім:  Балалар кім аю туралы тақпақ айтып бергісі келеді? 
Олеся:  Қорбаң — қорбаң етемін,
             Орман менің мекенім.
             Тәтті балға тойып-ап,
             Қатты ұйқыға кетемін.
Мұғалім:  Аюды қалай деп атайды?  Медведь косолапый — маймақ аю. Қане, бәріміз бірге қайталайықшы.
Мұғалім:  Балалар телевизорды ары қарай қарайық. Бауырсақ орманда  не істеп жүр екен. 
Бауырсақ: Аю, міне тапсырмаңды орындадық, маған балалар көмектесті.
Аю: Жарайсың, бауырсақ. Осы жолмен оңға да, солға да бұрылмай тіке жүре берсең, үйіңді табасың- дейді.
Бауырсақ- Рахмет, аю. Мен оңға да, солға да бұрылмай тіке жүремін.
Бауырсақ үйге жақындай бергенде, алдынан ит жүгіріп шығып ав- ав – деп үре бастайды. Артында әже келе жатыр.
Бауырсақ: Әже, ит неге маған үріп жатыр.
Әже: Ол үй жануары,  үйді күзетеді. Ол саған емес сенің артыңда келе жатқан жабайы аңдарға үріп жатыр. 
Бауырсақ артына бұрылып қараса  қоян, қасқыр, түлкі, аю келе жатыр екен.
Бауырсақ: Әже, мынау қоян, қасқыр, түлкі, аю- олар орманда тұрады.  Олар менің достарым, маған үйге жетуге көмектесті.
Әже: Ой, айналайындар, менің бауырсағыма көмектескендерің үшін,  рахмет. Қонақ болыңдар. Дәмнен ауыз тиіңдер.
Мұғалім: Балалар, сендерге де  рахмет, бауырсаққа үйге жетуге көмектестіңдер. Балалар, сендерге сабақ ұнады ма? Не ұнады? Бауырсақ  орманда қандай аңдарды кездестірді?  Сендер үшін қандай тапсырма қиын болды? (Балалардың жауабы). 
Осылайша сұрақ қою арқылы , балалардың сабақтан алған түсініктерін орнықтыру. Балалардың тағы не білгілері келетіні жайлы сөйлесу. Сабаққа белсене қатысқан балаларды марапаттап,  саяхаттан естелік ретінде «күн» бейнесін сыйға тарту.

 

 

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!