Органикалық қосылыстардағы химиялық байланыс түрі,түзілу механизмі.

0







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




Органикалық қосылыстардағы химиялық байланыс түрі,түзілу механизмі.

Автор: Биғабылова Мейрамкул

Бағыты: Химия Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: 11 сынып

Жарияланған уақыты: 2019-01-17


Материал туралы қысқаша түсінік

Органикалық қосылыстардағы химиялық байланыс түрі,түзілу механизмі.




№2 Химия пәні. Сынып:11 «А» Күні: Сабақтың тақырыбы: §1.2Көмірсутектердегі химиялық байланыстардың электрондық теориясы.Көміртек атомының гибридтік күйлері.Сабақтың мақсаты: Оқушыларға көміртек атомының құрылысы,гибридтену күйіне көшіру,гибридтенген орбитальдар,гибридтену тәсілдері және осыған байланысты көміртек атомының гибридтік күйлерінің түзілуі жөнінде түсініктер беру,SР3, 2, SР-гибридтенулерінің түзілуін мысалдар келтіріп түсіндіру. Сабақтың міндеттері: 1.Оқушылармен көмірсутектердегі химиялық байланыстардың электрондық теориясы талқылау. 2. Көміртек атомының гибридтік күйлерін химиялық байланыс арқылы меңгерту.Күтілетін нәтиже: 1. Көмірсутектердегі химиялық байланыстардың электрондық теориясын біледі. 2. Көміртек атомының SР3, 2, SР-гибридтенулерінің түзілуін жаза алады. Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы. Сабақтың түрі: Ізденіс сабақ Қажетті құралдар мен көрнекіліктер:Интерактивті тақта ,бор, ватман, бейнетаспа,түрлі-түсті стикер,маркер,химиялық байланыстың түзілуі кестелері,метан молекуласының тетраэдрлік моделі,этиленнің шарөзекті модельдері.

Сабақтың кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
І.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, психологиялық ахуал тудыру.Оқушыларға суреттерді беру арқылы топқа бөлу.Бағалау парағын тарату. Оқушылар топқа бөлінеді.1 топ 2топ 3 топ4 топ
ІІ.Қызығушылықты ояту: 1.«Әңгіме кестесі».Әр топқа сұрақ-жауап беріледі.1.Көміртек атомы ядросының заряды қандай?2.Көміртек атомының ядросындағы протондар саны қанша?3.Көміртектің С12изотопының ядросында неше нейтрон бар?4.Көміртек атомындағы электрондар саны қанша?5. Көміртек атомында қанша энергетикалық деңгей бар?6.Сыртқы энергетикалық деңгейде неше электрон бар?7.Көміртек атомының жалпы электрондық формуласын жазыңдар.8.Орбиталь деген не?Электрондық орбитальдардың қандай түрлерін білесіңдер? 1.Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Жауабы:1.көміртек атомының ядро заряды +6-ға тең,себебі оның периодтық жүйедегі атомдық нөмірі 6.2.протон саны элементтің атомдық нөміріне сәйкес болғандықтан ,6-ға тең.3.нейтронның саны атомның массалық саны мен ядродағы протон санының айырмасына тең,яғни 12-6=6.
ІІІ.Мағынаны тану: Жаңа сабақ 1.«Ойлан,бірік,бөліс»-әдісі.1-топ Көмірсутектердегі химиялық байланыстардың электрондық теориясы. 2-топКөміртек атомының гибридтік күйлері.3 –топКоваленттік байланыс4-топ Радикалдар.2. 2.«Кім жылдам?» әр топқа органикалық заттардың моделдерін құруға арналған орбитальдар таратылады. және гибридтену күйін айтып беруіне

3.Сергіту сәті.«Қара жорға биі»

1.Әр топ мәтінмен танысады.Постер арқылы өз ойларын түсініктерін жеткізеді.2. Оқушылар берілген заттардың моделдерін құрып ,гибридтену түрін,валенттік бұрышын айтып береді..3.Оқушылар орындарынан тұрып денелерін сергітеді.
ІV.Ой толғаныс: 1.« Сұрақты ұстап ал!» Әр топтағы оқушыларға қапшықты лақтырып сұрақ қойылады.1.Метан молекуласында неше химиялық байланыс бар?2.Көміртек атомының кәдімгі күйі мен қозған күйінің айырмашылығы қандай?3.С-Н байланысының типі қандай?4.Гибридтену деген не?5.Метан молекуласындағы байланыстар неліктен бірдейленеді?неге біреуі S-S байланысы,басқа үшеуінен (S-Р)өзгеше емес?6.Гибридтенудің қандай тәсілдері болады?3, 2, SР-гибридтену қандай көмірсутектерде кездеседі? Оқушылар сқрақтарға жауап береді.
V.Бағалау : 1.Әр топ басшыларынан ,тобындағы оқушылардың ұпай саның сұрап шығады . Топ басшылары бағалау парағы арқылы топтағы оқушылардың ұпай саның айтады
VІ.Үйге тапсырма Оқушыларға үйге тапсырма береді. §2,3-ті оқу №8 Оқушылар берілген тапсырманы күнделіктеріне жазып алады.
VІІ.Кері байланыс парағы: Оқушыларға таратылады. Кері байланыс парағын толтырады.







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.