Органикалық химия –көміртек қосылыстарының химиясы

0







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




Органикалық химия –көміртек қосылыстарының химиясы

Автор: Биғабылова Мейрамкул

Бағыты: Химия Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: 11 сынып

Жарияланған уақыты: 2019-01-17


Материал туралы қысқаша түсінік

Органикалық химия –көміртек қосылыстарының химиясы




1 сабақ Күні: ———————Химия пәні. Сынып:11 «А» Сабақтың тақырыбы: §1.1 Органикалық химия –көміртек қосылыстарының химиясы Сабақтың мақсаты: Органикалық химия туралы бұрынғы білімдерін негізге ала отырып өз бетімен меңгеруге үйрету. Сабақтың міндеттері: 1. Органикалық заттарды өмірмен байланыстыра отырып органикалық заттардың шығу тарихымен танысу . 2. Органикалық заттардың алыну әдістерін және қасиеттерін реакция теңдеулері арқылы меңгерту. Күтілетін нәтиже: 1.Органикалық заттардың шығу тарихын,қайда,қалай қолдану керектігін біледі. 2.Органикалық заттардың құрамы мен құрылысын, алыну әдістерін және қасиеттерін меңгеріп шығады. Сабақтың типі:Жаңа білімді меңгерту. Сабақтың түрі:Ізденіс сабақ Қажетті құралдар мен көрнекіліктер:Интерактивті тақта ,бор, ватман, суреттер бағалау парағы,маркер.

Сабақтың кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
І.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, психологиялық ахуал тудыру,С,Н,О,N-элементтердің таңбалары жазылған қима қағаздары арқылы топқа бөлу.Бағалау парағын тарату. Оқушылар 4 топқа бөлінеді.1топ С2топ Н3 топ О4 топN
ІІ.Қызығушылықты ояту: 1-тапсырма.«Сандар сөйлейді» әдісі.12,6,ІІ,ІҮ,-4

2-тапсырма.

Оқушылар тапсырма-ларды орындау арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашады.Жауабы:Көміртек,органикалық заттар.
ІІІ.Мағынаны тану: Жаңа сабақ 1.«ББҮ»әдісін пайдаланып, оқушыларды жаңа сабақтың мазмұнын меңгеруге бағыттау.

2. «Ойлан,бірік,бөліс»-әдісі1топ.Органикалық химия.2топ.Органикалық заттар құрамындағы көміртек пен сутекті анықтау.3 топ.Органикалық заттар мен бейорганикалық заттар.4 топ.Органикалық заттардың шығу көздері.. 3.Сергіту сәті.«Қара жорға биі»

ББҮ әдісін пайдалана отырып,өз ойларын жазады.Әр топ мәтінмен танысады. Постер арқылы өз ойларын түсініктерін жеткізеді.Оқушылар орындарынан тұрып денелерін сергітеді.
ІV.Ой толғаныс: 1.І,ІІ нұсқада тест тапсырмалары беріледі.І нұсқа 1.Көміртек табиғатта бос күйінде немесе қосылыс түрінде кездеседі.А )Ия + Б)Жоқ2.Барлық органикалық заттардың құрамында көміртек пен сутек болады.А )Ия + Б)Жоқ

3.Органикалық заттар А )Ия Б)Жоқ+бейорганикалық заттарға қарағанда молекулалық массалары кіші.4.Органикалық заттар құрамына кіретін көміртек атомдарының өзара және басқа элементтермен байланыстары табиғи факторлар әсерінен бұзылады. А )Ия + Б)Жоқ5.Органикалық химияны көбіне көміртек қосылыстарының химиясы деп атайды.А )Ия + Б)Жоқ

ІІ нұсқа 1.Органикалық заттар саны 650 мыңдайА )Ия Б)Жоқ+

2.Органикалық заттардың көпшілігі жанғыш және жанғанда СО2 мен Н2О түзіледі. А )Ия + Б)Жоқ3.Органикалық заттар құрамы,құрылысы және қасиеттері ұқсас қаттарлар гомологтар түзеді. А )Ия + Б)Жоқ

4.Органикалық заттарға изомерия құбылысы тән.А )Ия + Б)Жоқ

5.Органикалық заттар жөніндегі білімді А.М.Бутлеровтың органикалық қосылыстардың құрылыс теориясы қорытындылады. А )Ия + Б)Жоқ

2.ББҮ»әдісі.

Тест тапсырмаларын орын -дайды.Оқушылар бүгінгі сабақта органикалық химия және органикалық заттар туралы білгендерін айтады.
V.Бағалау : 1.Әр топ басшыларынан тобындағы оқушылардың ұпай саның сұрап шығады Топ басшылары бағалау парағы арқылы топтағы оқушылардың ұпай саның айтады
VІ.Үйге тапсырма : О қушыларға үйге тапсырма береді. Оқушылар берілген тапсырма -ны күнделіктеріне жазып алады.
VІІ.Кері байланыс парағы: Оқушыларға таратылады. Кері байланыс парағын толтырады.







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.