Орал тауының физгеографиялық аймағы слайд, презентация — География

0

Орал тауының физгеографиялық аймағы слайд, презентация

 

 

 

Орал физикалық-географиялық аймақтың негізгі ерекшелігі мен оған кіретін негізгі таулар мен бастау алатын өзендерді анықтау. Оқушылардың шығармашылық қиялын дамыту, қызмет көрсету саласына үйрету және пәнге деген қызығушылығын арттыру, тапсырмалар беріп, оқушылардың даму қабілетін дамыту.

1.1. Географиялық орны
Қазақстанда Орал тауының оңтүстік бөлігі — Мұғалжар тауы орналасқан. Тау Жаманқаланың (Орск) тұсынан басталып, солтүстіктен оңтүстікке қарай созыла орналасқан, ұзындығы — 450 км, ені 30 км, орташа биіктігі 450-500 м. Ең биік нүктелері — Үлкен Боқтыбай (657 м), Айрық (633 м). Тау Орал тауының жалғасы болып табылады. Ол экзогенді процестер әсерімен мүжіліп, аласарған таулардың қатарына жатады.
1.2.Жер бедері мен геологиялық құрылысы
Мұғалжардың пайда болу жолы да, жер бедерінің құрылымы да Орал тауына ұқсас. Одан айырмашылығы шығыс беткейлері көлбеу, батыс беткейлері жарқабақты келеді. Тау батыс, шығыс болып екі жотаға бөлінеді. Оларды Біршоғыр ойысы бөліп жатыр. Мұғалжар — герцин қатпарлануында пайда болған палеозойлық таулы өлке.
Батыс Мұғалжар таудың бас жотасы саналады. Таудың бұл бөлігі порфирит, кварцит, девонның кристалды тақтатасы, әктас, карбон мен пермнің құмтастары сияқты жыныстардан түзілген. 

 

 

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!