«Орал қаласының көше атаулары»

0
236







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




«Орал қаласының көше атаулары»

Автор: Жеткиевич Полина.

Бағыты: Қазақ тілі Бөлімі: Баяндамалар, реферат Сыныбы: 3 сынып

Жарияланған уақыты: 2019-01-19


Материал туралы қысқаша түсінік

оқушыларға қажетті мәліметтер




№ 20 жалпы орта білім беретін мектебі

Тақырыбы: «Орал қаласның көше атаулар»

Орындаған: Жеткиевич Полина3 «Ж» сынып оқушысы

Орал – 2019Астанада Батыс Қазақстан облысының күндері өтеді. Осыған орай, Орал қаласында жүзеге асқан мына бір жағымды жәйт туралы әңгімелегенді жөн көріп отырмын. Жалпысында, тек бір қала ауқымында ғана емес, республика жұртшылығы арасында үлкен жаңғырық туғызған бұл қуанышты оқиғаның орындалғанына да алтыншы жылға ауысып барады. Мен ол кезде Орал қаласы әкімінің орынбасары, сонымен қатар, қалалық ономастикалық комиссияның төрағасы едім. Тәуелсіздік алғанымызға 14 жыл өтсе де, қала көшелерінің коммунистік-тоталитарлық бағыттағы атаулары мызғымай сіресіп тұрған болатын. Тұрғындар мен қоғамдық ұйымдардан оны тәуелсіздік талаптарына қарай өзгерту, ыңғайлау жөнінде комиссия атына ұсыныстар мен пікірлер үздіксіз түсіп жатты. Оны аяқсыз қалдыру еш мүмкін емес еді. Комиссия төрағасы ретінде бұл жауапты істің негізгі жобасын өзім жасауға тура келетінін терең түйсіндім. Сөйтіп, іске кірістім. Оны көше атауларына талдаулар жасаудан бастадым. Қалада халқымыздың танымал тұлғалары мен ұлты қазақ Кеңес Одағы батырларының бір де біріне көше атаулары берілмеген болып шықты. Соның бәрін жүйеге түсірген кезде ең алғашқы кезекте 34 көшенің атауын шұғыл ауыстыруға тура келетіні белгілі болды. Содан соң комиссия мүшелерімен кеңесе отырып Құрманғазы, Мұхит, Дина секілді халқымыздың біртуар талант иелері бір бағыттағы параллель көшелерге орналасқаны орынды деген тоқтам жасадық. Ерліктің қос қанатындай Мәншүк пен Әлия атындағы даңғылдарды да бір-бірімен жарыстыра қатар қоюды ұйғардық. Сонымен бірге, қазақ халқының тарихына тікелей қатысы бар, оның қайғысы мен мұңына ортақтаса білген Мирзоян, Савичев, Иванов секілді тарихи тұлғаларға да көше атаулары берілгені орынды деп табылды. Орал қаласында XVIII ғасырдың аяғында өмір сүрген Карев деген көпес болыпты. Сол кездегі оның Оралда тұрғызған еңселі ғимараттары сәулет өнерінің қайталанбас үлгісіндей көрінетін. Бұл орындарда бүгінде облыстық филармония мен кітапхана орналасқан. Келешекке қалдырған осындай өшпес ізі үшін Каревтің атында да Оралда бір көшенің болғаны әділетті деп есептедік. Осылайша әр көше жөнінде түйіндемелер мен анықтамалар және қабырғалық материалдар жинақталып, қалалық мәслихат депутаттарының назарына ұсынылды. Әрі комиссия отырысында түсінбестік туғызған барлық сұрақтарға терең де жан-жақты жауаптар қайтарылды. Көшелердің атауын алмастыру жөніндегі түсінік жұмыстарына Болат Жексенғалиев, Жаңабек Жақсығалиев секілді филолог ғалымдар тартылды. Сөйтіп, Орал қаласында 34 көшенің атауын бір мезгілде өзгерту жөніндегі мәселе Орал қалалық мәслихаты қарайтын мәселелердің қатарына енгізілді.Орал қаласында 57 көшенің атауы өзгерді.БҚО әкімдігінің 2018 жылғы 7 желтоқсандағы бірлескен қаулысы мен шешімі әділет департаментінде тіркелді. Осыған сәйкес «Астана» шағынауданы бойынша №1 көше Қазыбек би, №2 көше Әйтеке би, №3 көше Төле би есімін иеленді. «Жұлдыз» шағынауданы бойынша бұдан былай №4 көше Нұрғиса Тілендиев, №6 көше Фариза Оңғарсынова, №8 көше Ермек Серкебаев, №13 көше Асқар Сүлейменов, №23 көше Медеу көшесі болып аталады. Атап айтқанда БҚО әкімдігі және облыстық мәслихаттың бірлескен қаулысы мен шешімі Әділет департаментінде тіркелді. Республикалық ономастикалық комиссияның тізіміне сай Орал қаласындағы көшелерге тарихи тұлғалар мен жер-су атаулары берілді. Көше атаулары өзгертілмес бұрын құзырлы мекеме қызметкерлері  алдымен тұрғындардың пікіріне құлақ түріліп кейін барып өзгерту енгізу туралы шешім шығарған.Атаулары өзгертілген бірнеше  көшеге тоқталып өтсек, Орал қаласы бойынша Верхняя көшесіне – Шалқыма, Проселочная көшесіне – Назерке, 1-ой садовый переулок көшесіне – Ағыбай батыр, 2-й кольцевой переулок көшесіне – Бұланты, 2-я молодежная көшесіне – Балқаш, 26 бакинских комиссаров көшесіне – Жидебай, Речная көшесіне – Ертіс, Больничная көшесіне – Ырысты, Вершигора көшесіне – Халел Досмұхамедұлы, Заводская көшесіне – Естай атауы берілді. Оған қоса «Сарыарқа» шағынауданындағы №41 көше Бердібек Соқпақбаев, №44 көше Шәмші Қалдаяқов болып аталады. Облыстық тілдерді дамыту басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, өткен жылы Орал қаласы бойынша жалпы саны 231 көше қайта аталды.  Мән-мағынасын жоғалтқан 135 көшенің атауы ұлттық танымға сәйкес өзгертілді. 96 көшеге жаңа атау берілді.Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстан облысында төрт ауылдың байырғы атауымен аталатынын, Елбасы Жарлығына сәйкес Зеленов ауданы Бәйтерек болып өзгертілген болатын.>







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.