ОҚЫТУ ҮШІН БАҒАЛАУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

0
233









ОҚЫТУ ҮШІН БАҒАЛАУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Автор: Шотаева Акрис Койбагаровна

Бағыты: Бастауыш сынып Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: 1 сынып

Жарияланған уақыты: 2019-01-31


Материал туралы қысқаша түсінік

Оқыту үшін бағалауды іс тәжірибесіне енгізуге ықпал жасайды;өзін өзі,бірін бірі бағалауға үйренеді;критериалды бағалау арқылы тиім




САБАҚ ТАҚЫРЫБЫ: ОҚЫТУ ҮШІН БАҒАЛАУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Қараша 2015 жыл2 апта4-сабақ
Жалпы мақсат:Оқыту үшін бағалауды іс тәжірибесіне енгізуге ықпал жасайды;өзін өзі,бірін бірі бағалауға үйренеді;критериалды бағалау арқылы тиімді бағалаудың қол жетімділігін түсінеді.; Топтағы жұмыстардың қорытындыларын талқылау және көрсету.
Сілтеме:1.Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 109-114 беттер2.Үлестірмелі материалдар
Оқу нәтижесіИнновациялық стратегиялармен және әдістермен танысу арқылы оқыту мен оқудағы жаңа көзқарастарды түсінуі;жаңа әдісті тәжірибесінде пайдалануға қадам жасауы.
Түйінді идеялар:Әлемнің қарқынды өзгеруі жағдайында мұғалімдерге қойылатын жаңа талаптар жөніндегі түсінігін қалыптастыру;мұғалімдерді табысты жұмыс істеуге дайындау.
Сабақта қолданылатын материалдар:Интерактивті тақта, маркер, қалам, критериалды бағалау парақтары,сөзжұмбақ.
Оқыту әдістері:ОүБ бағалауАКТ қолдануСыни тұрғыдан ойлауға үйрету1. Диалог2. Жеке жұмыс3. Топтық жұмыс
Дерек көздері:Әдеби материалдар, газет-журналдар.портал материалдары
Тапсырмалар:Стикер арқылы формативті бағалау, «топтық жұмысқа» сыни баға беру,өзін-өзі және бірін бірі бағалау;топтық тапсырма және қорғау,рефлексия
Сабақ бойынша коучтердің іс-әрекеті:Коучтың іс-әрекетіМұғалімдердің іс-әрекеті
І.Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу Психологиялық ахуал қалыптастыру«Ынтымақтастық» тренингіБір-бірімізге алақан жылуын, достық лебізін, қуаныш, бір-бірімізбен ынтымақтастықпен жұмыс жүргізу.Барлығы орындарынан тұрады, ешкім-ешкімге бөгет жасамайтындай еркін тұрады.Ақ алақан – қолмен амандасамыз.Қызыл алақан – құшақтасу.Көк алақан – арқасынан қағамыз.
Топқа бөлуШағын топқа бөлу.Күзгі жапырақтар арқылы 3 топқа бөлінеміз.3 топқа топтасады.
Тренинг «Бос ыдысты» толтыру тренингі.Мұғалімдердің алдына бос ыдыс, тас, ұсақ тастар, су, құм қоямын да, ыдысты бұл заттармен толтыру үшін қай ретімен салу керектігін сұраймын. Қорытынды :Ең алдымен адам үшін қажетті құндылықтар: Тас-өміріміздің ең маңыздысы отан, отбасы, ата-ана, бала-шаға амандығы;Ұсақ тас жеке басымызға тілейтін армандар;Құм-бізді бақытты ететін қуанышты сәттер;Сутіршілік көзі болғандықтан, ұзақ ғұмыр. Толық ыдыс – өміріміз, мәнді де сәнді, тіпті бүгінгі коучинг сессиямыздың да сәтті өтуіне тілекші болсын. Дәл осы уақыттын өзінде де менің сіздермен бірге сұхбаттасу мен үшін улкен қуаныш, үлкен бақыт.(қол шапалақтау арқылы бағалау).

Топ болып ақылдасып, шағын диалогқа түсіп, ой тұжырымдарын білдіреді. Топтар бір-бірін қол шапалақтау арқылы бағалайды

1 Тапсырма Қорғауға әр топқа (2мин)Бөлінген әр топқа тапсырмаКөбелек суретін салу.Тақырыбын топқа талқылап, постер құрып, топ жұмысын қорғау
Өз –өздерін бағалау Берілген тапсырманы бағалайды. Көбелек суретін салып, әр топтың салған суреттерін бағалайды. Бағалау критерийларын қойып үйренеді.

Көңіл күйін қадағалау

Сергіту сәті:

Топтың әрбір мүшесі өз көңіл-күйін рефлексия парақшасы арқылы бейнелейді .
Видеоролик көрсетуМектеп оқушыларынан қазіргі бағалау жүйесі туралы алынған сұхбатТүрткі сұрақтар бойынша талдайды.

2 тапсырма Ақпарлама «Оқыту үшін бағалаудың тиімділігі»

Тақырыпқа байланыста слайд көрсетіледі Презентация: Бағалау.Бағалау тәсілдері,бағалау мақсаты.Оқыту үшін бағалаудың тиімділігі туралы мағлұмат береді
3 тапсырма

Нұсқаулық бойынша тапсырма.

«Оқыту үшін бағалаудың тиімділігі»Нұсқаулық бойынша 3 топқа тапсырма беріледі. Тақырыбын топқа талқылап, постер құрып, топ жұмысын қорғау
РефлексияБағалау тәсілі түсінікті болды ма? Бағалаудың тағы қандай тәсілі бар?Топтың әрбір мүшесі өз көңіл-күйін рефлексия парақшасы арқылы бейнелейді. Берілген күзгі жапырақтарға жазып «Даналық ағашына» жапсырамыз.







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.