Оқыту технологияларындағы инновациялар, оқыту технологиясы

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Еліміздің президенті атап өткендей, білімділік деңгейін көтеру, ұлттық бәсекелестігін көтеру факторы болып табылады. Олай болса, заманауи талаптарға және әлемдік стандарттарға сай ұлттық білім жүйесін құру міндеті заңдылық.

Сапа тек қана өнеркәсіп емес, сондай-ақ жоғары білім саласындағы әрекеттердің ең жоғары көрсеткіштеріне жатады. Оқытудың сызықтық жүйесінен кредиттікке көшкенде мамандардың жаңа моделін құру қажеттілігі туындайды. Кредиттік жүйенің алғаш қадамдарында Қазақстан сызықтық жүйенің көптеген белгілерін мұра етті, негізінен мазмұнына тимей түрін ғана өзгертті. Осылайша, жоғарғы білімнің дайын бұйымы, демек, «ақырғы нәтижесі» ретінде белгіленген мамандық моделіне сай, белгілі білім, біліктілік және тәжірибелік іскерлік алып шыққан маман қарастырылады. Оқыту сапасы мен тиімділігін көтеру, едәуір шамада ғылыми-техникалық прогрестің екпінін анықтайды, қоғамдық өндірістің, экономияның, материалдық және қаржылық қорлардың өсуінің, мәдени деңгеймен әл-ауқаттың көтерілуінің бас тұтқаларының бірі болып табылады. Бұйым сапасы-сол бұйымның арналуына сәйкес белгілі қажеттілікті қанағаттандыру қасиеттерінің жиынтығы екендігі белгілі. Бұл анықтамадан, бұйым сапасының бастапқы сипаттамасы ретінде оның қасиеті қабылданған – деген тұжырым жасауға болады. Бұл жердегі бұйым қасиеті – мамандықтың объективтің ерекшелігі. Әрбір белгілі түр көптеген әр жақты қасиеттермен болып келеді. Олардың жиынтығы оны басқа бұйымнан ерекшелендіреді.

Қазіргі заманда өндірістің қысқа қажеттілігіне бағытталған, арнайы мамандарға деген қажеттілік пайда болды. Оқыту барысында теориялық білім беру әрекеттерінен сұраныс берушінің талаптарына бағытталған әрекеттерге ауысу керек. Жаңа инновациялық, оқыту технологяларына көшу қажеттілігі пайда болды. Заманауи білім беру жүйесінде студенттер әсер ететін нысан емес, білім беру үрдісінің белсенді субъектісі ретінде қарастырылады.

Біздің қоғамның инновациялық білім беру саясаты болашақ маманды гуманизациялауды, өз бетінше, белсенділігін және толеранттығын анықтайды. Кредиттік технологияда оқыту түрі, ең алдымен студенттің жеке жоспарын құру арқылы оның оқуды өзі ұйымдастыруына бағытталған.

Студент білімі, тек әрекеттерді белгілі тәсілмен атқарғанда, демек, ойлану, сезіну қабілеттерін жетілдіргенде ғана, яғни білімнің ойлану техникалық, коммуникативті міндеттерін шешкенде ғана берік болады.

Қазіргі кездегі оқыту технологиясы курс мазмұнын университетте өткен теория және өндірістік тәжірибелердің барлық түрлерін өткендегі бекітілетін тәжірибелік білгірлік ретінде қарастырады. Әлемдік тәжірибеде пайдаланылатын, техникалық пәндерді оқыту әдістемелерін салыстыра сараптау негізінде, маманның жаңа моделін тиімді әзірлеу үшін толық көлемде материал-техникалық негізбен қамтамасыз етілмеген немесе инновациялық технопарктерде өтілмейтін пәндерде оқыту технологиясына белгілі бір инновацияларды енгізу мүмкіндігі бар. Ондай инновация болып Қазақстан Республикасындағы оқыту технологиясында «Sandwich – курс» табылады, оны халықаралық білім беру жүйесінде кең қолданылады. Ондай курстардың құрамында екі бірін-бірі толықтыратын бөлімдер бар: теория – «theory» және өндірісте алатын тәжірибелік білгірлік. Профильді пәндердің орнына иек арытатын «іndustrial basis» және «конечный продукт» пәндерінің кредиттер көлемі маман моделін тұтынушы қажеттілігіне бет бұратындай етеді.

Маманның жаңа моделін әзірлеген кезде оның екі бөлімде де өзгерістерге ұшырауына көңіл бөлу керек: фундаменталді – базалық негіз ретінде статикалық бөлім: физика, математика, химия және т.б пәндер – өзгермейді, екінші бөлім динамикалық – қолтаңбалы сипаттағы арнайы мамандандырылған IT-технологияларды қосатын, тілдер және арнайы мамандық техникалық пәндер өзгермелі.

Университеттегі дәрістерден алған теориялық білімдерден басқа білгірлік пен дағдыларды да анықтау керек, демек, өндіріспен тығыз қатынаста оқыту мүмкін болғандағы маманды дайындауға қосар пәннің үлестік салмағы қандай екендігін білу керек.

Білім берудің кредиттік жүйесі жағдайында тәжірибелік және зертханалық сабақтарды сапалы өткізудің мәні зор. Мысалы, Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің 050724 «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» мамандығы үшін 2009 оқу

жылының оқулық жұмыс жоспарына сай «Жүккөтергіш машиналар» пәні бойынша тәжірибелік сабақтар «Асыл-Тас» ЖШС-те жүргізілді. Бұл таскесетін зауыт жаңа буындағы жабдықтармен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технология және теңіз инжиниеринг университетінің Ақтау қаласындағы теңіз технологиялары институтының 050712 –«Машинажасау» мамандығының студенттері «Кесу теориясы», «Металкескіш құралдарды жобалау және өндіру», т.б. пәндері бойынша тәжірибелік және зертханалық сабақтар «ПМК» ЖШС-те жүргізілді. Соның арқасында студенттер машина құрамына кіретін бөлшектерді жасаудың технологиялық үрдістерін дайындамаларды құйма цехынде әзірлеуден бастап, механикалық, таптау цехтарында өңдеу, қызумен өңдеуді де зерделейді, т.с.с.

Мұндай қарым-қатынастың мақсаты – мамандар дайындау бойынша күштерді біріктіру, олардың ісжүзінде дағдылыққа ие болуы, жұмысқа орналасудың жеңілдігі болып табылады.

Қазақстанның екі аймағындағы, әртүрлі университеттердің, әртүрлі мамандықтардың, оқыту технологиялары саласындағы бір инновация-лық оймен біріккен тәжірибелерін салыстыра сараптау негізінде кейбір артықшылықтары мен кемшіліктерін айтып кету керек.

Мұндай жаңалықтарды ендіру тиімділігі:

  1. өнеркәсіп өзінің нақтылы қажеттілігіне сәйкес мамандық моделі шегінде ол игеруге тиісті біліктілік пен дағдыларды құрайды (пәннің теориялық негіздері дәрістерде беріледі);

  1. оқушы, өнеркәсіп қажеттілігін біле отырып, өз жеке жоспарын құрағанда, еңбек нарқына, атап айтқанда осы өнеркәсіпке керек мамандар дайындайтын пәндерді таңдауға мүмкіндік алады;
  2. оқушы өнеркәсіптің талаптарына икемделген және психологиялық тұрғыдан дайын;
  3. маманның іс-жүзілік құжырлығын оқыту сатысында ішкі аудиттан өткізу мүмкіндігі;
  4. оқу үрдісін бұлай ұйымдастыру студенттерге ғылыми – зеттеу жұмыстарымен айналысуға мүмкіндік тудырады.

Тұтынушы – өнеркәсіпті мұндай қарым-қатынасқа итермелейтін себептер;

  1. «іndustrial basis» кезеңінен өту барысында, арнайы мамандыққа оқып жүргендер ішінен болашақты мамандар анықталады;
  2. Маманды өндіріс қажеттілігіне сай дайындау;
  3. өндіріс «human» – жанасудан басқа жаңа маманның өндіріске икемделуі бойынша уақыт үнемдейді;
  4. өндіріс маман моделіне деген талаптар сапасын көтере алады;
  5. өнеркәсіптің берілген жағдайларында оқушы жүргізген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін ендіру мүмкіндігі.

Оқу жоспарын тұтынушыларға қажетті мамандарға қойылатын нақтылы талаптар негізінде жетілдіру, ынтымақтық оқу курстарын құрып, онда ЖОО оқытушылары мен өндіріс мамандарының біріккен оқыту бағдарламаларын іске асыру, біздің білім беру жүйемізді және олар дайындаған мамандарды әлемдік нарықта бәсекелес ете алады.

 

Автордың аты-жөні, тегі: Б. Искаков, Т.С. Загороднюк, О.И. Руденко

Загрузка...