Оқу үрдісінде экологиялық білім мен тəрбие беру
Қазіргі ауыр экологиялық дағдарыс заманында тəрбие мен білім берудің негізі ең алдымен адам мен табиғаттың қарым қатынас принципін жетілдіру процесінде, экологиялық білім мен тəрбие берудің маңызы зор болып табылады. Экологиялық білім беру мен тəрбиелеу міндеттерін шешуде мына сияқты түпкі негіздерге сүйену қажет.Табиғи ортаны оқып үйрену мен оны жақсарту мақсатындағы оқыту үрдісі кезінде таным мен практикалық əрекеттердің бірлігін қамтамасыз ету.Ал бұл процес үздіксіз экологиялық білім мен тəрбие беру барысында жүзеге асырылады.
Үздіксіз экологиялық білім мен тəрбие берудің ұлттық бағдарламасына сəйкес, экологиялық тəрбие жəне білім беру мақсатына қарай үш сатыда өтеді.
Көптеген жылдардан бері əртүрлі ұйымдар экологиялық білім мен тəрбие саласында зерттеу жүргізуде. Аталған үш саты мəселелері бүгінгі күнгі толық зерттеліп, нəтижесі жарық көрді дей алмаймыз. Дегенмен кең көлемді ғылыми-əдістемелік зерттеулер негізінде білім берудің барлық деңгейлерінде оқыту процесін жоспарлы түрде жүргізуге қажетті əдістемелік құжаттар, оқулықтар жəне оқу құралдар бар [1].
Экологиялық тəрбие деп- адамның қоршаған табиғи ортаға саналы, табиғатқа ұқыпты түрде қарап, оның байлықтарын үлкен парасаттылықпен пайдаланатын, табиғи ресурстарды байыта түсудің қажеттігін түсінетін, табиғатты қорғауға белсене қатысатын көзқарас қалыптастыруды айтамыз. Бұл проблеманың пайда болуы өзіміз мекен етіп отырған ортадағы теріс өзгерістерге байланысты. Бұл өзгерістер бара-бара күш бермей кетуі жəне биосфераның бұзылуына апарып соғуы мүмкін.Экологиялық тəрбие беру проблемасы барынша күрделі, санқырлы жəне өте маңызды болғандықтан философтардың, психологтардың назарын аударып отыр.
Оқушыларға экологиялық тəрбие беру проблемасын шешуде педагогика ойшылдарының прогресшіл ой пікірлерін танып білудің орны ерекше. Ж.Ж. Руссо, Г, Песталоцции, Ф.Дистерверг, А. Гумбольд классикалық педагогикадан баланың табиғатпен қатынасы арқылы білім беру, тəрбиелеу дүние танымын қалыптастыру заңдылықтарын негіздеді. Баланың бойына игілікті дарытушы «табиғат сезіміне» тəрбиелеу туралы айта отырып, оның адамгершілік-эстетикалық дамыуындағы табиғаттың маңызын ашты./2/.
Ал экологиялық білім беру дегеніміз- əр түрлі деңгейдегі экологиялық білімдерді меңгеру. Экологиялық білім берудің екі негізгі бағыты бар: қоршаған ортаны қорғаудың жалпы ілімі негізінде тəрбиелеу жəне табиғат пен антропогенді экожүйелердің өзара қатынасының жалпы заңдылықтары туралы арнайы білім беру /1/.
Білім мен тəрбие бұл егіз дүние. Білім бере отырып тəрбиелеу арқылы біз үлкен жетістіктерге қол жеткіземіз. Жоғарғы оқу орындарында жүргізілетін экология пəнін оқыту кезінде жүргізілген «табиғи қорлар» тақырыбында өткізілетін дəрістің табиғатты тиімді пайдалануға тəрбиелей отырып оқыту үшін маңызы зор. Демек мұнда студенттерді табиғи қорларды тани отырып, оларды қорғауға шақыру қатар жүреді.
Əдістемелік нұсқау. Тақырыбы:Табиғи қорлар
Мақсаты: Табиғи қорларды қорғау жəне тимді пайдалану проблемасы, табиғат ресурстары жəне олардың жіктелуі мен қалдықсыз технологияларды дамыту туралы білімді меңгеру.
Жоспар :
- Табиғи қорларды қорғау жəне тимді пайдалану.
- Табиғат рессурстары жəне олардың жіктелуі.
- Адамзатты табиғи қорлармен қамтамасыз ету проблемасы.
- Қалдықсыз технологияларды дамыту.
Қолданылатын əдіс : Эссе, Мнематурнир педтехнологиясы.
Қолданылатын əдебиеттер нұсқауы:
Негізгі
- Бейсенова Ə.С.,Самақова А.Б.,Есполов Т.И.,ШілдебаевЖ.Б. Экология жəне табиғатты пайдалану.-А.: Ғылым, 2004.-Б.111-121.
- Оспанова Г.С.,Бозшатаева Г.Т.Экология.- А.:Экономика,2002.-Б.195-208..
- Чигаркин А.В.Экологическое ресурсоведение.-А.: «Қазақ университеті»,2004.Б.7-20.
- Мамыров Н.Қ.т.б.Табиғатты пайдалану экономикасы.-А.: Экономика,2005.Б.165-173.
Қосымша:
1.Андреева Т.А.Экология.- М.:Проспект,2006.С.140-148.
2.Ишмұхамедов.Н.Б.экология негіздері бойынша білімді қалыптастыру мен дамытудың əдістемесі.-:Ғылым, 2006.198-205. 3.Экологиялық энциклопедия/Ақбасова А.Ж.т.б.-А.,2007.-303 б.
1-топ. Табиғат адамзат баласының тіршілік тынысы жəне таусылмас қазынасы.
Табиғат дегеніміз- мезгіл мен кеңістікке шексіз, тұрақты қозғалыста, өзгеруде, дамуда болатын биоорганикалық жəне органикалық дүние. Бұл адамзат қоғамының өмір сүруіне қажетті əлемдегі бүкіл материалдық энергетикалық, информациялық жəне əр түрлі табиғи құбылыстардың жинақтығы. Адам шаруашылық əрекетінде табиғат пен байланысты, оған тікелей немесе аралық əсерін тигізеді.
Адам мен табиғат арасындағы қарым- қатынас мəңгілікті жəне сонымен қатар тұтас күрделі мəселе. Халықтың өмірлік əрекетіне, əсіресе денсаулығы мен өсіп өнуіне тікелей немесе əлеуметтік-экономикалық жағдай арқылы жанама түрде табиғи ортаның құрауыштары мен олардың жинақтығы атмосфералық ауа, табиғи сулар,топырақ жамылғысы, геологиялық құрылым, өсімдіктер мен жануарлар,сонымен қоса төтенше құбылыстар мен барлық биосферада жүретін процестер ықпал жасайды.Табиғат арқылы адамзат өзінің көптеген қажеттілігін қамтамасыз етеді.
Адам күрделі «Табиғат-қоғам» жүйесінің бір бөлігіне жатады.Қоғамның материалдық, мəдени тағыда басқа мұқтаждығын қанағаттандыру үшін қазіргі кезеңде немесе болашақта қолданылатын табиғи ортаның құрауыштары мен табиғи құбылыстары табиғи рессурстар деп аталады. Оларға атмосфералық ауа, су, топырақ, кен байлықтары, күн радиациясы, ауа райы, өсімдіктер мен жануарлар əлемі, жер қабатындағы жылу энергиясы т.б. жатады.
2-топ. Табиғатты қорғау дегеніміз табиғат ресурстарын пайдалану барысында оның тиімді жолдарын іздеу,қайта түлету,сол сияқты бүліну,ластану жолдарына қарсы бағытталған халық аралық,мемлекеттік жəне қоғамдық ауқымдағы іс шаралар жатады. Табиғатты қорғаудың негізгі мақсаты оның байлығын тиімді пайдалана отырып, болашақ ұрпаққа қаз қалпында жеткізу.Ол үшін біз табиғат қорларын жете білуіміз қажет.
Табиғи ресурстар жəне олардың жіктелуі. Табиғи ресурстар əр түрлі жолмен жіктеледі. Қол жетерлік (іске асатын немесе нақтылы жəне потенциалды),пайда болуына (табиғи, антропогенді) химиялық табиғатына (органикалық, минералдық), көздері мен орналасуына (жер,су,кен,өсімдіктер,орман), қолдану міндетіне (өнеркəсіптік, шикізат, тамақ) байланысты.Ресурстар сонымен қатар (тікелей табиғаттан алынатын) жəне қосымша материалдық (əр түрлі өндіріс салаларының қосалқы өнімдері) болып та бөлінеді.
Ең жиі əрі негізгі қолданылатын жіктелу таусылуына байланысты табиғи ресурстар сарқылатын жəне сарқылмайтын ресурстар болып бөлінеді.
Сарқылмайтынға негізінде біздің планетаға қатысты сыртқы процестер мен құбылыстарды жатқызуға болады. Ең алдымен бұған космостық рессурстар соның ішінде күн сəулесінің энергиясы жəне одан туындайтындар жылжымалы ауаның энергиясы, су толқыны, ай мен күннің тарту күшіне байланысты теңіз суының толысуы мен қайтуының энергиясы, космостық шаң климаттық ресурстар-атмосфералық ауа, жауын-шашын, жел, сонымен қатар жер қойнауындағы жылу.
Сарқылмайтын рессурстардың жердегі қоры пайдаланған сайын азаймайды, ал табиғи ортадан алынған сайын қоры сарқылатын,табиғи процестердің нəтижесінде орны толмайтын рессурстар сарқылатындарға жатады.
Сарқылатын табиғи ресурстар қалпына келетін жəне қалпына келмейтін болып бөлінеді.Қалпына келмейтіндерге планетаның қойнауындағы пайдалы қазбалар-металл, рудалары бейметалды қосылыстар т.б..Қалпына келетіндерге тірі организмдер жатады. Салыстырмалы қалпына келетіндерге (топырақ, жертезек, ағаш)
Табиғатты тимді пайдалану ережесінің бұзылуы салдарынан орны толмайтын ресурстар қатарына соңғы уақытта тұщы су, отегі жəне т.б.қосылады.
- топ.- Адам баласы өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін тас материалдары мен табиғи суларды алғаш рет пайдаланған кезден бастап, литосферамен, жер рессурстарымен тығыз байланысты.Алдымен оның геологиялық қызметі жер бетінің өзімен ғана шектелген болатын,кейіннен адам металды,мұнайды,көмірді,артезан суларын өндіре бастады. Қазіргі уақытта жербетіне миллиондаған тонна пайдалы қазбалар жеткізіледі,тұщы жəне минералданған сулар тартып шығарылады, қоршаған ортаның жағдайын нашарлататын,оны техногенді өнімдермен ластайтын, тау-кен жұмыстарының,өнеркəсіптің басқа салала- рының көптеген қалдықтары жиналуда.
Өндіріс жəне тұтыну қалдықтарын көму жəне қоймалдандыру проблемасы өте маңызды болып табылады. Бұл босжыныстар, қалдық қоймасының, күл, шлак қоймасының,қоқыстар үйіндісінің жəне т.б.террикондары.Қазақстан Республикасында 21млрд тоннада артық өндіріс жəне тұтыну қалдықтары жинақталған,оның ішінде-5,2 млрд тонна улы қалдықтар,олардың 4 млрд тоннаға жуығы тау- кен өндірісінің үйінділері,1,1млрд тоннасы- байыту қалдықтары жəне 105 млн тонна- металургиялық қайта жасау қалдықтары.Жыл сайын 1млрд тоннаға жуық өнеркəсіптік қалдықтар құралады,олардың ішінде 100 мелн.Тоннадан артық емес мөлшері жəне 14 млн.м³ тұрмыстық қалдықтар пайдаланады.- Адамзатты табиғи қорлармен қамтамасыз ету проблемасы жəне табиғи ресурстардың сарқылу мəселелері жылдан-жылға өзекті мəселеге айналып келеді.Бұл олардың мөлшерінің шектелуіне жəне оларды пайдаланудың артуына байланысты.
Б.Скиннердің (1989) мəліметтері бойынша халық санының қазіргі өсу жылдамдығы жылына 1,7% ,болған жағдайда ресурстарды пайдалану əрбір 41 жыл сайын екі еселену керек . Бірақ , мысалы, алтын өндіру жылына 4% -ға артып отырса, оның екі еселену периоды 18 жыл, минералдық ресурстардың қолданылуы орташа шамамен жылына 7%-ға артып отырса, ал екі еселену периоды 10 жыл болып отыр.Адамзат қоғамы көмірді 800 жылдан бері өндіріп келеді, бірақ оның жартысы соңғы 30 жылда өндірілген.
Көміртегінің қосылыстарынан тұратын ресурстарды пайдалану жылдамдығы ерекше назар аударады.Себебі, олар энергия мен көптеген азық-түлік алудың негізгі көзі болып табылады.Сонымен қатар, оларды пайдалану ғаламдық мəселелер: парниктік эффект, қышқылдық жаңбырлар жəне т.б. туғызатын атмосфераның ластануымен тығыз байланысты.
Қазіргі кезде табиғатта миллиондаған жылдар барысында жиналған жанғыш қазба байлықтар бір жылда жағылады. Ғалымдардың жасаған болжамдарының біреуіне сүйенсек, жанғыш отындарды пайдаланудың қазіргі жылдамдығы сақталса, онда барланған мұнай қоры шамамен 30-40 жылға, көмір-70-80 жылға жетеді.
Қазақстанда барлық өнеркəсіп салаларының жедел дамуына қажетті минералдық шикізат ресурстары жеткілікті, бірақ оларды ұтымды пайдалана отырып,қоршаған ортаның ластануын үнемі қатерде ұстау өте өзекті проблема.
Қазіргі уақытта жер бетіне көптеген миллиондаған тонна пайдалы қазбалар жеткізіледі, тұщы жəне минералданған сулар тартылып шығарылады, қоршаған ортаның жағдайын нашарлататын,оны техногенді өнімдермен ластайтын,тау-кен жұмыстарының,өнеркəсіптің басқа салаларының көптеген қалдықтары жиналуда. Қалдықтар − адам баласының кез-келген шаруашылық іс-əрекеті əр түрлі қалдықтармен биосфераны ластайды, бұл халықтың денсаулығы мен өміріне, флора мен фауна түрлерінің қысқарылуына,қоршаған ортадағы тепе-теңдікке қауіп-қатер тудырады. Кен үйінділерінен, өнеркəсіп тастандыларын, қоқыстарды, қала шөп-шалаңдарын тек қоршаған ортаны бұзатын ластағыштар деп санауға болмайды,олар құнды шикізат көздеріне жатады. Қазіргі кезеңдегі ғылым мен техниканың даму деңгейіне сəйкес əбден жетілдірілген технологияның жоқтығына байланысты оларды өңдеп құнды өнімдер алу əзірше жолға қойылмаған, сондықтан бұларды сақтауға, жоюға, тасуға,көмуге, зиянсыз түрге айналдыруға көптеген қаражат, энергия уақыт жұмсалып жатыр. Қалдықтар шығаратын негізгі көздерге өнеркəсіп,ауыл шаруашылығы жатады.Осыған байланысты қалдықтар үш топқа — өнеркəсіптік, ауылшаруашылық , тұрмыстық болып бөлінеді. Қалдықтардың мөлшерін азайту үшін əртүрлі халық шаруашылығы салаларының арасында байланыс ұйымдастырылып, шикізатты кешенді түрде пайдалану мəселелерін шешу қажет.Қалдықсыз технологияларды дамыту мəселелері бірінші кезектегі мəселеге айналып отыр.
- топ. Қалдықсыз өндіріс- барысында табиғатқа зиянды қалдықтар шығарылмайтын процесс. Шаруашылық іс-əрекет үшін (өнеркəсіптік жəне ауыл шаруашылық индустриясын қоса) шартты ұғым.Шын мəнінде кезкелген қалдықсыз өндірісте пайдаланылған энергия түрінде болса да (əйтпесе термодинамика принциптері бұзылатын еді) қалдықтар болады. Қалдықсыз өндіріс үшін қалдығы аз өндіріс термині дəлірек келеді.
Қалдықсыз технология:
- Адам мұқтаждығы көлемінде табиғи ресурстар мен энергияны жəне қоршаған ортаны қорғау саласында білімді,əдістерді,құралдарды практикалық қолдану;
- Шикізат пен энергияны тиімді пайдаланып өнімді шығару; бұл жағдайда дайындалған өнімді өндіру жəне пайдалану кезінде қоршаған ортаға шығарылатын ластағыш заттар мен қалдықтар көлемін бір мезгілде азайтуға мүмкіндік береді;
- Жеке өндіріс немесе өндірістер жиынтығы,олардың практикалық қызметі нəтижесінде қоршаған ортаға теріс əсері болмайды. Шикізатты жəне энергияны максималды пайдалануды қамтамасыз ететін жəне қоршаған ортаға теріс əсерді;
- Қатты, сұйық, газ тəрізді жəне жылулық қалдықтар мен шығарындыларды ең аз беретін технология ;
- Теория жүзінде қалдықтардың барлық түріне ең аз қол жететін технология ;
- Технологиялық процестер тізбегі,онда бір өндірістің қалдықтары басқа өндіріс үшін шикізат болады.
Студенттер алдын ала берілген тақырыпқа сəйкес,ұсынылған əдебиеттерден эссе даярлап келеді. Студенттер даярлаған эссе негізінде сабақ жүргізіледі. Эссе топтар бойынша сабақ жалғасады. Мұнда студенттер материялдарды өз бетінше жинақтауына байланысты эталон жауап тек оқытушы ғана болады. Бұл технологияларды қолданудың ерекшелігі студенттердің экологиялық дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыруда интеллектуалдық жəне эмоциялық дамуына басты назар аударылады.
Студенттер материалдарды жинақтау барысында табиғаттың сұлулығын, оның нəзіктігін, біртұтастығын жəне табиғаттың əлеуметтік-мəдени орта түзудегі, адамның денсаулығы мен мінез-құлқын қалыптастырудағы рөлін бағалау мен түсінуіне жағдай жасалады.
Сонымен, Экологиялық тəрбие мен білім беру қазіргі білім берудің негізіне айналуда жəне оның қазіргі жүйелерде жəне қоғамда қайта құрылуына себепші болып табылады. Бүгінде жоғары оқу орындарында білім беру саласында барлық мамандықтар 8шін «Экология» пəні жүргізіледі. Осы пəн негізінде басты міндетіміз экологиялық білім мен тəрбие беру процесін ұштастыру қажет.
Əдебиеттер
- Экологическое и эстетическое воспитанием школьников /Под ред. Л.П. Печко.- М.: Педогогика, 1984.- С.136.
- Мырзабаев А.Б. Биологияны оқыту əдістемесі: Оқу құралы. – Қарағанды: Санат, 2006.- 344 б.
Автордың аты-жөні, тегі: Гүлнұр Бекболатқызы Садық