Оңтүстік Қазақстан экономикалық аймағына | Скачать Материал
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының оңтүстік экономикалық аймағы
(экономико-географиялық анализ)
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
I. Қазақстан республикасы оңтүстік экономикалық аймағы
1.1 Экономикалық-географиялық жағдайы мен табиғат ресурстары
1.2 Оңтүстік Қазақстанның шаруашылық географиясы
II. Алматы облысының экономико-географиялық сипаттамасы
ІІІ. Оңтүстік қазақстан облысының экономико-географиялық сипаттамасы
ІҮ. Қызылорда облысының экономико-географиялық сипаттамасы
Ү. Жамбыл облысының экономико-географиялық сипаттамасы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Қазақстан және Орта Азия территориясы арқылы өтетін Ұлы Жібек жолының
ең ұзаққа созылған жері. Қытайдан жібекті, Үндістаннан қоспалар мен
тастарды, Ираннан күміс бұйымдарды, византиялық полотналар, түрік құлдары,
афрасиабты керамика жіне басқа көптеген тауарлары Қаратау және Алтай, Тянь
Шань және Памира өткелдерінен өтіп, Мерв және Хорезм оазистері, Сары Арқа
даласы арқылы Қарақұм және Қызылқұм шөлдерінен өтетін.
Қызылорда облысының Ұлы Жібек жолының тарихи орталығы болады, оның дәлелі
500 астам қазақ халқының мәдение және тарихи ескерткіштердің мекеннің
дамуында ерекше орынға ие. Бұл қазақ халқының өкілдерінің сәулет,
археологиялық ескерткіштері және кесенелері.
Оңтүстік Қазақстан шаруашылық салаларының ішінде кен өндіруге, ауыр, жеңіл
және тамақ өнеркәсіптеріне, ауыл шаруашылығына маманданған.
Республика бойынша бұл ауданда халықтың табиғи өсімі жоғары және
еңбек ресурстарына бай. Жер қойнауының әралуан пайдалы қазбаларға бай
болуы аудандағы өнеркәсіп салаларының дамуына мүмкіндік туғызады.
Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданында өнеркәсіптен – түсті
металлургия, химия, мұнай өңдеу, металл балқыту, құрылыс материалдары,
жеңіл және тамақ өнеркәсібі салалары дамыған.
I. Қазақстан республикасы оңтүстік экономикалық аймағына сипаттама
1.1 Экономикалық-географиялық жағдайы мен табиғат ресурстары
Оңтүстік Қазақстан экономикалық аймағына: Алматы, Жамбыл, Оңтүстік
Қазақстан және Қызылорда облыстары жатады. Оңтүстік Қазақстанның жалпы
ауданы 711,6 мың шаршы шақырым, аймақта барлығы 5 537,4 мың Адам
тұрады.
Оңтүстік экономикалық ауданның көп бөлігін шөл және таулы аймақтар
алып жатыр. Ауданның шекарасы батысында Арал теңізінен басталып, шығысында
Қытаймен аралықтағы шекараға дейінгі 200 км қашықтыққа созылып жатыр. Ал
солтүстігінде Бетпақдала мен Балқаш көлінен басталып, оңтүстігінде Орталық
Азия мемлекеттері аралығындағы шекараға дейінгі 700 км қашықтықты қамтиды.
Аумағы жөнінен Батыс қазақстаннан кейінгі екінші орынды алады. Жер
көлеміне байланысты экономикалық ауданның табиғат жағдайы күрделі әрі
алуан түрлі.
Аудан су ресурстарына бай, еліміздегі су ресурстарының 49%-ы осы
ауданда шоғырланған. Бірақ су ресурстары аумақ бойынша біркелкі
таралмаған. Негізгі өзен торлары оңтүстік бөлігі арқылы өтеді. Сырдария,
Іле, талас, Қаратал, Ақсу, Лепсі өзендері су энергетика ресурстарына бай.
Республикамыздың ірі көлдері Балқаш пен Алакөл осы ауданда
орналасқан. Сонымен қатар қазіргі таңда Арал теңізінің экологиялық жағдайы
ғаламдық проблемаға ұласып отыр. Арал теңізінде сульфат пен ас тұзы
қорының мол болуы экономикалық ауданның шаруашылығы үшін маңызды рөль
атқарады.
Оңтүстік Қазақстанның жер қойнауы жан жақты зерттелген. Жамбыл
облысындағы Қаратау жоталары пайдалы қазбаларға өте бай. Алматы облысы
аумағындағы Жоңғар Алатауы тау белдеуінде орналасқан Текеліде полиметалл
кені бар. Сонымен қатар ірі көмір, жанғыш тақтатас, торф, әктас, мәрмәр
кендері де табылып отыр. Қызылорда облысы түсті металлургия, химия, мұнай
ресурстарына бай. Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында Түркістан өңірінде
цемент өндірісінің шикізаты гипстің қоры өте мол.
Халқы. Оңтүстік қазақстан экономикалық ауданы халқының саны және
қоныстануының орташа тығыздығы жөнінен экономикалық аудандар арасында
бірінші орында. Республика халқының 38,7%-ы осында қоныстанған. Барлық
халықтың 65,8%-ынқазақтар, 28,2%-ын орытар, ал 5%-ын басқа ұлт өкілдері
құрайды.
Халықтың аумақ бойынша қоныстану тығыздығы 1 шаршы шақырымға 8-10
адамнан келеді. Бірақ қоныстану тығыздығы экономикалық географиялық орнына
байланысты біркелкі емес. Мысалы, аудан аумағының 80% қуаңшылықты шөл
жазықтары, ондағы халықтың қоныстану тығыздығы шамамен 1 шаршы шақырымға 1-
3 адамнан келеді.
Халықтың басым көпшілігі Тянь-Шанның, Жоңғар Алатауының тау
бөктерлері мен Қаратау жоталарында, сонымен қатар Сырдария өзенінің
бойында орналасқан.
Республика бойынша бұл ауданда халықтың табиғи өсімі жоғары және
еңбек ресурстарына бай. Жер қойнауының әралуан пайдалы қазбаларға бай
болуы аудандағы өнеркәсіп салаларының дамуына мүмкіндік туғызады.
1.2 Оңтүстік Қазақстанның шаруашылық географиясы
Оңтүстік Қазақстан шаруашылық салаларының ішінде кен өндіруге, ауыр,
жеңіл және тамақ өнеркәсіптеріне, ауыл шаруашылығына маманданған. Ауданда
хром, никель, мәрмәр, асбест, темір, фосфорит, мұнай, қорғасын және мырыш
кендері бар. Ал өнеркәсіп салаларынан машина жасау мен түсті металлургия,
химия, мұнай өңдеу, жеңіл және тамақ өнеркәсіптері жақсы дамыған.
Географиялық орналасу ерекшеліктеріне байланысты ауыл шаруашылығы,
әсіресе өсімдік шаруашылығы көршілес Орталық Азия мемлекеттерінің
шаруашылығына өте ұқсас болып табылады. Оңтүстік Қазақстан республикадағы
суармалы егіншілікпен айналысатын басты аудан. Бұл ауданда техникалық
дақылдардан – мақта, қант қызылшасы, сары темекі, күріш және дәнді-
дақылдар, бау-бақша мен жүзімдіктер өсіріледі. Жоңғар Алатауының солтүстік
және Батыс бөліктеріндегі, Іле Алатауы мен Қырғыз жотасының солтүстік
беткейіндегі аумақ егіншілікпен айналысуға қолайлы. Мал шаруашылығынан қой
және мүйізді ірі қара өсіріледі.
Аудан шаруашылығы республикалық еңбек бөлінісінде түсті металлургия,
химия, құрылыс материалдары өнеркәсібіне және ауыл шаруашылық салаларына
маманданған.
Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданында өнеркәсіптен – түсті
металлургия, химия, мұнай өңдеу, металл балқыту, құрылыс материалдары,
жеңіл және тамақ өнеркәсібі салалары дамыған.
Қаратау және Жоңғар Алатауы тау қойнауындағы полиметалл қазба
байлығы негізінде Ащысай полиметалл комбинаты, Текелі қорғасын-мырыш,
Шымкент қорғасын зауыттары салынды.
Ауданда түсті металлургия өнеркәсібімен тығыз байланысты химия
өнеркәсібі дамуда. Қаратау фосфоритіне негізделген Қаратау кен-химия
комбинатының ел экономикасы үшін маңызы зор. Шымкентте химия-фармацевтика
және фосфор тұздарын өндіретін зауыттар, Таразда суперфосфат зауыты жұмыс
істейді. Фосфор өнеркәсібінің ірі кәсіпорындары: Қаратау, Химпром,
Фосфор, Қазфосфат зауыты.
Өнеркәсіп салалары арасында шикізатты кешенді пайдалану жақсы жолға
қойылған. Мысалы, фосфор өндірісінің қалдықтары шлак, цемент өндірісіне
пайдаланылса, фосфорды қара металлургияда пайдаланылады.
Қазіргі таңда Қазақстанда үш мұнай өңдеу зауыты жұмыс жасайды,
олар: Павлодар, Атырау және осы аудандағы Шымкент мұнай синтездеу
зауыттары. Республиканың оңтүстік экономикалық ауданында орналасқан
Шымкент мұнай синтездеу зауыты 1969 жылы салынған. Зауытқа шикізат
Ресейдің Батыс Сібір ауданынан Омск – Павлодар – Шымкент газ құбыры арқылы
тасымалданады. Қалған 10% мұнай Қызылорда облысындағы Құмкөл кен орнынан
келеді. Мұнайды өңдеу нәтижесінде алынатын өнімдер: А-76, А-72 жанармай,
жағармай, дизельдік отын, пешке жағатын отын және т.с.с.
Нарықтық қатынасқа көшуге, шаруашылықты реформалауға, меншіктің
жаңа түрлерінің қалыптасуына байланысты Шымкент мұнай синтездеу зауыты
акционерлік қоғамы болып қайта құрылды.
Машина жасау және металл өңдеу өнеркәсібі ауданда 1950 жылдан
бастап дами бастады. Оның негізгі салалары: электротехника, аспап жасау,
жол құрылысы машиналары, білдек жасау өндірістері Алматы, Шымкент, Тараз,
Кентау қалаларында орналасқан. Машина жасау өнеркәсібі негізінен сырттан
әкелінетін металды пайдаланып жұмыс істейді. Мысалы, Алматы қалаcындағы
ірі машина жасау кешендері ААМЖЗ, Поршень зауыты, Электроқұрал,
Шымкент қаласындағы Электроаппараттар зауыты.
Ауданда жеңіл өнеркәсіптің дамуына қаракөл биязы жүнді қой
шаруашылығы мен мақта шаруашылығы жақсы жолға қойлуы тиімді әсер етті.
Республика бойынша жиналатын мақта, мата, жүн, тері өнімдерінің 70%-дан
астамы осы ауданда өндіріледі. Жеңіл өнеркәсіптің ірі кәсіпорындарына
Алматы, Шымкент мақта тазалау зауыттары мен мақта-мата комбинаттары, Тараз
бен Қызылорда былғары аяқ киім фабрикалары, Шымкенттің байпақ-шұлық,
костюм шығаратын фабрикалары жатады.
Республика бойынша шығарылатын тамақ өнеркәсібі өнімдерінің 50%-ы
осы ауданға тиесілі. Тамақ өнеркәсібінің ірі кәсіпорындарына Алматы ет,
жеміс-жидек, темекі комбинаттары, шарап жасау зауыты, Тараз бен
Талдықорғанның қант зауыттары, Арал тұз комбинаты, Қызылорда күріш
тазалау зауыты, Балқаш, Арал және Алакөл балық өңдеу зауыттары жатады.
Оңтүстік Қазақстанның ауыл шаруашылығы суармалы егіншілік пен
отарлы мал жайылымына негізделген. Республиканың 70%-дан аса суармалы
егіншілік алқабы және 40%-дан аса қой шаруашылығы осы ауданға тиесілі.
Оңтүстік Қазақстанның табиғаты ауыл шаруашылығы үшін қолайлы.
Ауданның орналасқан экономикалық-географиялық орнының өзіндік
шаруашылығына әсері мол. Аудан суармалы егіншілікпен айналысады.
Егіншіліктің басты мамандану бағыты – техникалық дақылдар өсіру. Мәселен,
мақта егісі Бетпақдаладағы Келес және Арыс өзендерінің аңғарында, ал қант
қызылшасы Асы, Талас, Шу, Қаратал өзендерінің бойымен Қырғыз Алатауы, Іле
Алатауы сияқты жерлерде егіледі.
Оңтүстік Қазақстанның тау бөктерінде ірі қара өсірумен айналысады.
Республикамыздағы ірі қара тұқымдары – алатау сиыры, талас сиыры, етті-
сүтті ақбас сиыр осы ауданда өсіріледі. Ал, түйе шаруашылығымен неғұрлым
шөлді аудандарда Оңтүстік Қазақстан облысы айналысады. Ауданның ірі
қалаларының айналасында құс және шошқа өсіретін кәсіпорындары шоғырланған.
Оңтүстік Қазақстан экономикадық ауданының көлік кешенінің негізгі
қызметі — өндіруші өнеркәсіппен өңдеуші өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығы мен
өнеркәсіпті, сондай-ақ экономикалық аудандардың алыс шетелдермен қарым-
қатынасын қамтамасыз ету.
Аудан экономикасында темір жолдың маңызы зор. Ірі теміржол
магистральді Орынбор — Ташкент – Шымкент – Мерке – Құлан – Ақтоғай –
Алматы – Үрімші магистральдарның ауданаралық және халықаралық
қатынастарды қамтамасыз етудің маңызы зор.
әуе көлігі арқылы жергілікті және халықаралық қатынастарды
қалыптастыруда ауданның маңызы зор. Себебі әуе жолдарының орталығы болып
саналатын Алматы қаласы осы экономикалық ауданда орналасқан. Алматы әуе
жолы арқылы Еуропа және Азия елдері арасында халықаралық маңызы бар
тұрақты әуе қатынастары қалыптасқан.
II. Алматы облысының экономико-географиялық сипаттамасы
Алматы облысы Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданының құрамына
кіретін маңызы жоғары облыс болып саналады. Орталығы – Талдықорған қаласы.
Халқының саны – 1620,7 мың адам. Облыста барлығы 16 аудан бар, олардың
тізімі төмендегі кестеде ұынылған:
Облыс аймақтары
№ Ауданның атауы № Ауданның атауы
1. Ақсу ауданы 9. Қарасай ауданы
2. Алакөл ауданы 10. Кербұлақ ауданы
3. Балқаш ауданы 11. Көксу ауданы
4. Еңбекшіқазақ ауданы 12. Панфилов ауданы
5. Ескелді ауданы 13. Райымбек ауданы
6. Жамбыл ауданы 14. Сарқан ауданы
7. Іле ауданы 15. Талғар ауданы
8. Қаратал ауданы 16. Ұйғыр ауданы
Облыста машина жасау, түсті металлургия, агроөнеркәсіптік кешен, жеңіл
және тамақ өнеркәсібі жақсы дамыған. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 345,1 млрд.
теңгені құрап, нақты көлемінің көрсеткіші — 112,4 пайызға тең. Тау-кен
өндірісі жалпы өндіріс көлемінің 1,7 пайызын құрайды, есепті кезеңде 5,9
млрд. теңгенің өнімі өндірілді, өңдеуші өнеркәсіп үлесі — 81,2 пайыз, 280,3
млрд. теңгенің өнімі шығарылған. Электрмен жабдықтау, газ беру, бу және
ауамен баптау облыстың жалпы өндіріс көлемінің 16,4 пайызын құрайды (56,5
млрд. теңге), сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және
таратылуын бақылау — 0,7 пайызды құрады (2,4 млрд. теңге). Тамақ өнімдерін
өндіруде 2009 жылмен салыстырғанда сусын өндірісі 52,3 пайызға, сүт
өнімдерін өндіру — 10,1, мал және өсімдік майын өндіру — 4,4, басқа да
тамақ өнімдері — 46,3, дайын мал азығы — 87,1, жеміс-жидек және көкөністі
қайта өңдеу мен консервілеу — 79,5, ет өнімдерін өндіру және етті қайта
өңдеу және консервілеу — 60,6 пайызға өсті. 43 жаңа нысанды іске қосу, 15
өндірісті кеңейту есебінен 1814 жаңа жұмыс орны құрылды.
Ауыл шаруашылығы. Алматы облысының аграрлық секторы өңір
экономикасының локомотиві. Жетісулықтардың басым бөлігін қамтитын бұл сала
үшін 2010 жыл табысты аяқталып отыр. Өндірілген өнім көлемі бойынша Алматы
облысы республика бойынша бірінші орынға шықты. Ауылшаруашылығы саласындағы
кіріс 227,8 млрд. теңге. Мұндай деректер облыс әкімінің қатысуымен өткен
ауылшаруашылық саласын қортындылау жиынында айтылды. Жетісу жерінде
ауылшаруашылық өнімдерін өңдейтін кәсіпорындар да жыл санап артып келеді.
Былтырғы қуаңшылыққа қарамастан диқандары 1 млн. тоннадан астам астық
бастырды. Мал шаруашылығы да қарқынды дамуда. Өңірде ірі қара 820 мың
бастан, қой-ешкі 3 млн-нан асты. Жылқы 231 мың бас. Өткен жылы 292 мың
тонна ет, 666 мың тонна сүт өндіріліп, халыққа ұсынылған. 8 мың тоннаға
жуық жүн алынды. Облыста ауылшарушылығына былтыр мемлекет тарапынан 10
млрд. теңгеден астам қаражат бөлінген. Оның 8,6 млрд. теңгесі субсидия
ретінде берілді.
2010 жылы жалпы ауыл шаруашылығында 227,8 млрд. теңгенің өнімі
өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 102,4 пайызды
құрады. Шаруашылықтардың барлық санаттары бойынша 292,0 мың тонна (тірі
салмақпен) мал және құс еті өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен
салыстырғанда 11 пайызға артық, тиісінше сүт — 666,1 мың тонна (100,0
пайыз), жұмыртқа — 909,2 млн. дана (104,9 пайыз), жүн — 7,8 мың тонна
(101,4 пайыз). Мүйізді ірі қара 818,6 мың басқа (былтырғы жылдың сәйкес
кезеңімен салыстырғанда 101,4 пайыз), қой мен ешкі — 3035,2 мың (101,7
пайыз), шошқа — 114,5 мың (101,5 пайыз), жылқы — 231,2 мың (102,5 пайыз)
және құс — 8487,8 мың басқа (91,4 пайыз) жетті.
Жалпы облыс бойынша 1 млн. 117,3 мың тонна (алғашқы салмақта) астық жиналды
немесе 2009 жылға қарағанда 11 пайызға төмен, оның ішінде дәндік жүгері —
316,4 мың тонна (99,0 пайыз), күріш — 57,7 мың тонна (105,0 пайыз).
91,1 мың тонна фабрикалық қант қызылшасы жиналды немесе 2009 жылмен
салыстырғанда 41,7 мың тоннаға кем.168,4 мың тонна майлы дақылдар жиналды
немесе өткен жылмен салыстырғанда 15,6 пайызға артты. Майбұршақ өндіру
көлемі 20,5 пайызға, мақсары 51,2 пайызға көбейген.
1,6 мың тонна темекі (24,7 пайыз), 583,9 мың тонна картоп (102,1 пайыз),
652,6 мың тонна көкөніс (104,0 пайыз), 85,4 мың тонна бақша дақылдары
(104,0 пайыз) жиналды. 196,7 мың гектар жерге күздік дәндi дақылдар егілді,
бұл өткен жылдың деңгейінен 4,7 мың гектарға артық, 201,1 мың гектар
сүдігер жыртылды немесе 9,0 мың гектарға кем.
Сыртқы сауда айналымы 2010 жылдың қаңтар-қараша айларында 1152,2 млн.
АҚШ долларын құрады (2009 жылдың сәйкес мерзіміне қарағанда 6,4 пайызға
көбейді), оның ішінде экспорт 164,3 млн. АҚШ доллары (2,7 пайызға
төмендеді), импорт — 987,9 млн. АҚШ доллары (8,1 пайызға көбейді). Сыртқы
сауда айналымының теріс сальдосы қалыптасты — 823,6 млн. АҚШ доллары (2009
жылдың қаңтар-қараша айында — 745,2 АҚШ доллары).
Облыстың жер қоры 2010 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша
төмендегідей: 22394,7 мың га, оның ішінде ауыл шаруашылық алқаптары 16410,4
мың га, оның ішінде егістігі 1049,3 мың га, суармалысы 453,3 мың га,
көпжылдық екпелер 31,6 мың га, тыңайған жер 127,1 мың га, шабындығы 470,7
мың га, жайылымдығы 14724,8 мың га және бау бақша мен қызметтік мақсаттарға
арналған жер 6,9 мың га. Қазіргі кезде облыстың аграрлық секторында 913
серіктестіктер мен акционерлік қоғамдар, 146 ауылшаруашылық кооперативтері,
291 басқа мемлекеттік емес кәсіпорындар, 192 мемлекетік кәсіпорындар және
60227 шаруа қожалықтары жұмыс істейді.
Шаруа қожалықтарының басым көпшілігі Еңбекшіқазақ (15397), Талғар (7839),
Қарасай (5146), Райымбек (4951) және Панфилов (4900) аудандарында
ұйымдастырылған. Жер учаскелеріне меншік құқығын және жер пайдалану құқығын
рәсімдеу және қайта рәсімдеу жер реформасының маңызды бағыттарының бірі
болып табылады. Жер иегерлері мен жер пайдаланушылардың жалпы саны 490,0
мың, олардың 466,6 мыңына сәйкестендіру құжаттары беріледі, яғни 95
пайызына, оның ішінде 2010 жылы 5347 акті рәсімделіп берілді. Мемлекет
меншігіндегі жерлер жер заңнамасына енгізілген өзгертулерге сәйкес (48 бап)
конкурстарда (аукциондарда) беріледі. Барлығы облыс бойынша 86 конкурс
өткізіп 437,2 мың га ауданында шаруа қожалығын құруға және ауыл шаруашылық
өндірісін жүргізуге 1904 жер учаскесі бөлінді, оның ішінде 2010 жылы 21
конкурс өткізілді, ауданы 92,6 мың га, 402 жер учаскесі.
Жер қатынастары басқармасының 2011 жылғы негізгі мақсаттары:
— жер қатынастарын реттеу жер ресурстарын басқару аясындағы бірыңғай
мемлекеттік саясат жүргізу;
— жер учаскелерін мемлекетік меншіктен беру бойынша сауда-саттық
(конкурстар,аукциондар) өткізу;
— бөлінген бюджеттік қаржыларды уақытылы игеру бойынша шараларды жүргізу;
— стратегиялық жоспардың дамуын жүзеге асыру мақсатындағы жерге орналастыру
жұмыстарын жүргізу, жоспарлы-картографиялық материалдармен жабдықтау,
бюджеттік қаржыларды уақытылы игеруін;
— жер нарығын дамыту.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау. 2009 жылы облыс бойынша 19367
жаңа жұмыс орындары құрылды, оның ішінде 12988 (67,1%) – ірі, орта және
шағын кәсіпорындарда және 6379 (32,9%) — жеке кәсіпкерлік пен шаруа
қожалықтарында. Одан басқа, 31958 уақытша және маусымдық жұмыс орындары
ашылды, оның ішінде 19847–і Жол картасы бойынша. Жұмыс сұрап келген 36536
адамның 33981 адамы жұмысқа орналастырылды. Қоғамдық жұмыстарға — 10875
адам, кәсіби оқытуға – 12949 (Жол картасы бша – 9704), әлеуметтік жұмыс
орындары мен жастар практикасына барлығы 10999 адам жіберілді, оның 404-і
халықты жұмыспен қамту іс-шара жоспары және 10595-ы Жол картасы бойынша
(әлеуметтік жұмыс орындары – 7673, жастар практикасы – 2922 адам). Әртүрлі
әлеуметтік көмек 180,8 мың алушыға 1985,0 млн. теңге сомада төленді, оның
ішінде: аз қамтылған отбасындағы 18 жасқа дейінгі балаларға – 64,7 мың
алушыға 687,6 млн. теңге, кедейшілік шегінен төмен тұратындарға мемлекеттік
атаулы әлеуметтік көмек – 13,6 мың алушыға 205,1 млн. теңге, тұрғын үй
көмегі – 24,7 мың отбасына 507,7 млн. теңге, қоғамдық көлікте тегін жүруге
– 120,2 млн. теңге, 36,8 мың әлеуметтік сала қызметкерлеріне отын алуға –
235,9 млн.теңге, студенттерге әкім гранты – 273 адамға 78,9 млн. теңге,
1464 мың ҰОС қатысушылар мен мүгедектерге — тұрғын үй коммунальдық
қызметтер бойынша жеңілдіктерге – 43,0 млн. теңге. Ақшалай, тағамдық
өнімдер, аяқ-киім, киім-кешек және тегін түскі ас түріндегі жалпы сомасы
54,6 млн. теңгенің қайырымдылық көмегі 35,4 мың аз қамтылғандарға
көрсетілді. Облыста 2326 жұмыссыздар тіркелген, экономикалық тұрғыдан
белсенді халық санындағы тіркелген жұмыссыздар 0,3% құрады. 2009 жылдың
қаңтар-қараша айларында ірі және орта кәсіпорындарда орташа нақтылы
енбекақы 51649 теңгені құрап, 2008 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда
14,7% артты. 2010 жылы облыста Жол картасы бағдарламасы бойынша 25 білім
нысандарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Жол картасы бағдарламасы бойынша білім мекемелеріне- 1 497,6 мың теңге
бөлінген, оның: 998,6 мың теңге республикалық бюджеттен, 499,0 мың теңге
жергілікті бюджеттен қарастырылған. Жол картасы бағдарламасын іске асыру
кезінде облыста 2199 адам білім нысандарында жұмыспен қамтылды. Білім
мекемелерінің материалдық-техникалық базаларын жақсартуға 2010 жылғы бюджет
есебінен 1062,7 млн.теңге қаржы бөлінді, оның ішінде ауылдық жерлерде
орналасқан білім мекемелеріне — 813,4 млн. теңге. Аталған қаржыдан жаңа
типтегі биология және лингафонды мультимедиялық кабинеттерді сатып алуға —
558,3 млн.теңге, әр түрлі құрал-жабдықтар және мектеп … жалғасы