78 жасқа келетін Қазақстанның бірінші ханымы қайда?

0

12 ақпан Қазақстанның бірінші ханымы Сара Назарбаеваның туған күні. Қазақстан Президентінің жұбайы 78 жасқа толады.

«Өзін-өзі тану» сабағының авторы халық алдына шықпай, бой көрсетпей кеткеніне біраз жылдардың жүзі болды.

Соңғы рет 2017 жылы шілденің 1-і күні Алматыда өткен «Өзін-өзі тану» рухани білім беру кеңесінің республикалық форумына қатысқаны хабарланған еді. Одан кейін ресми шараларда болсын, бейресми өмірі болсын бірінші ханымнан еш дерек жоқ.

Сара Назарбаева 1941 жылы 12 ақпанда Қарағанды облысына қарасты Қызылжар ауылында дүниеге келген. 1962 жылы Нұрсұлтан Назарбаевқа тұрмысқа шықты. 1992 жылы қайырымдылық жасау мақсатында республикалық сәбилерге арналған «Бөбек» қорын құрды, содан бері аталмыш қордың президенті.

2017 жылғы видеосы