Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерді натурал санға көбейтуСабақтың мақсаты: Ондық бөлшектерді натурал санға көбейту алгоритмін айта білуге және ондық бөлшекті натурал санға көбейтуде көбейтудің қасиеттерін пайдалана білуге үйрету.Сабақтың түрі: жаңа сабақӘдісі:Түсіндіру, сұрақ—жауап, топтық жұмысКөрнекілігі: слайд, бағдаршам, бағалау парағы, тест жұмысыСабақтың барысы:I.Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу, түгендеу.Сабаққа назарларын аудару.Сыныпты үш топқа бөлу.Мақсат бөлу бойынша үшбұрыш, квадрат, дөңгелек фигуралар бойынша өзім бөліп шығамын.II.Үй тапсырмасын тексеру. Есептер жинағынан есептер беріледі, соны оқушыларға оқытып тексеремін.1)3,25+0,8=4,05 2) 14,6+5,3=19,9 3) 6,17+3,7=9,874)7,35-5,7=1,65 5) 17,9-6=11,9 6) 89-7,65=81,35III.Жаңа сабақ түсіндіру.1-тәсіл. Ондық бөлшекті натурал санға көбейту бірдей қосылғыштарды қосумен есептеледі.Мұндағы қосылғыштар саны натурал санға тең.Мысалы : 1,15·3=1,15+1,15+1,15=3,452-тәсіл. Ондық бөлшекті натурал санға көбейту үшін:1) үтірге назар аудармай, натурал сандарды көбейткендей көбейту керек;2) ондық бөлшекте неше ондық таңба болса, көбейтіндіде оң жақтан сонша цифрды үтірмен ажырату керек.Мысалы : 1) 23, 75 2) 7 ,2 3) 0,007 3 8 6 71, 25 57, 6 0, 042Ондық бөлшектерді көбейткенде көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік, үлестірімділік қасиеттері орындалады.1) ауыстырымдылық қасиеті: а·b=b·a 2,7·3=3·2,72)терімділік қасиеті: (a·b)·c=a·(b·c) (3·2,5)·4=(2,5·4)·33)үлестірімділік қасиеті: (a+b)·c=ac+bc (2,5+3)·5=2,5·5+3·5IV.Бекіту. 1.Оқулықпен жұмыс.№13351-топ:1);2);3) 1) 6,3·7=44,1 2) 8,35·3=25,05 3) 9,6·8=76,82-топ:4);5);6) 4) 4,5·12=54 5) 8,31·14=116,34 6) 9,5·11=104,53-топ:7);8);9)7) 9,03·17=153,51 8) 9,04·15=135,6 9) 2,15·12=25,8№13361-топ:1); 4); 7) 1) 0,5·45=22,5 4) 0,8·5=4 7) (1,7+2)·4=1,7·4+2·4=14,82-топ:2); 5); 8) 2) 0,4·40=16 5) 0,7·3=2,1 8) (5,3+1,4)·3=5,3·3+1,4·3=20,13-топ:3); 6); 9) 3) 0,2·9=1,8 6) 0,3·25=7,5 9) (6,15+3,5)·5=6,15·5+3,5·5=48,252.Сәйкестендіру тесті.
р/c
Сұрақ
Жауап
1
6,9+3,2
76,65
2
7,9-5,4
64
3
8,5·6
2,5
4
(2,5+5,5)·8
10,1
5
70,3+6,35
51
1-нұсқа 2-нұсқа
р/c
Сұрақ
Жауап
1
2,5+1,7
4,9
2
0,7·7
6
3
0,75-0,3
4,2
4
1,2·5
70,2
5
7,8·9
0,45
3.Сергіту сәті.
Жаңа сабақты «Бағдаршам» әдісі бойынша қорытындылайын деп отырмын,бағдаршамға апарып, бүгінгі сабақты қаншалықты түсіндіңдер сол жайлы жазып ілесіңдер.Қызыл— түсінген жоқпын, сары – cұрақтарым бар, жасыл— барлығы түсінікті. V.Бағалау.Әр оқушы өздерінің қоржындарына жинаған cмайликтер бойынша бағаланады.VI.Үйге тапсырма беру. №1338, №1339VII.Қорытындылау. Д.И.Менделеевтің сөзімен аяқтау.«Ондық таңбамен өрнектелген санды немісте, орыс та, араб та, янки да оқи алады».Сабақ аяқталды.Сау болыңдар!