Өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету | туралы қазақша

0
6
Advertisement

Өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету (ӨМҚ) — бұл стандарттардың талаптарына сәйкес өлшемнің бірлігі мен талап етілетін дәлдігіне жету үшін қажетті ғылыми және техникалық құралдар кешені. ӨМҚ өз міндеттерін стандарттаумен тығыз байланыста неғұрлым тиімді шешеді. Осы мақсатта «Мемлекетгік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесі» (МӨС) стандарттары әзірленіп, «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» заң қабылданды. ӨМҚ өнімді бақылау мен сынау әдістері сияқты стандарттау объектілерімен тығыз байланысты. Осы объектілер үшін бақылануға тиіс бірқатар метрологиялық параметр белгілеген орынды, яғни өлшенетін параметрлердің номенклатурасы мен оңтайлы өлшеу дәлдігінің нормаларын белгілеу, талап етілетін дәл өлшеуді орындау әдістемесін әзірлеу қажет. Оларды стандарттау өлшеуді орындаудың бұқаралық, үлгілік әдістемелерін реттеудің тиімді жолы болып табылады.

Өлшеу процесін қажетті өлшеу жабдығынсыз — өлшеу құралынсыз (ӨҚ) жүзеге асыру мүмкін емес. Сол себептен ӨҚ-дың түрін сауатты таңдауды, олардың жай-күйін бақылауды, оларды уақытында және дұрыс тексеруді қамтамасыз ету керек. ӨМҚ метрологиялық қамтамасыз етудің негізгі ережелерін тәртіптейтін Мемлекеттік стандарттау жүйесімен реттеледі. Жалпы ұғымдар ҚР СТ 2.0-2001, ҚР СТ 2.2-2001. ӨМҚ — бұл өлшеудің бірлігі мен талап етілетін дәлдігіне жету үшін қажетті ғылыми және ұйымдастыру негіздерін, техникалық құралдар мен нормаларды белгілеу және қолдану.

Өлшеу ақпаратына мынадай талаптар қойылады:

  1. Өлшеу нәтижелері заңдастырылган бірліктерде көрсетілуге тиіс.
  2. Өлшеудің дәлсіздігі белгілі және ол жол берілген дәлсіздіктен аспауға тиіс.

ӨМҚ ғылыми жағынан метрологияга негізделеді, ал ұйымдастырудың негізін Мемлекеттік және ведомстволық қызметтер құрайды. ӨМҚ-дың техникалық негізін мемлекеттік физикалық мөлшер бірліктерінің эталондар жүйесі, өлшеу жұмыс құралдарын эзірлеу, өндіріске қою және шығару жүйесі, ӨҚ мемлекеттік сынау мен метрологиялық аттестаттау жүйесі, ӨҚ мемлекеттік және ведомстволық тексеру жүйесі қалайды.

Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етудің негізгі міндеттері

  1. Метрологияның негізгі даму багыттары мен осы салада ғылыми және техникалық жетістіктерді неғұрлым тиімді пайдалану жолдары, ӨМҚ ғылыми-әдістемелік және ұйымдастыру негіздерін әзірлеу.
  2. Физикалық мөлшерлер бірліктерінің мемлекеттік эталондар жүйесін құру. Мемлекеттік эталондар — барлық өлшеудің негізі.
  3. ӨҚ мемлекеттік сынауды жоспарлау мен жүргізу, ҚР қолдануға жол берілген ӨҚ-дың түрлерін бекіту.
  4. ӨҚ мемлекеттік тексеру, ӨҚ-дың өндірісін, жай-күйін, қолдану мен жөндеуді және метрологиялық ережелердің сақталуын қадағалау.
  5. ӨМҚ саласындагы стандарттауды дамыту және жетілдіру.
  6. Метрология саласындагы халықаралық ынтымақтастық жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру.

ӨМҚ онімді бақылаудан басқа конструкторлық және технологиялық құжаттаманы қабылауды жүзеге асырады. Сараптама мен метрологиялық талдау — бұл өлшенуге тиіс параметрлерді таңдау, дәлдік нормаларын белгілеу жөніндегі техникалық шешімдерді талдау мен бағалау және бұйымдарды әзірлеу, жасау, сынау, пайдалану мен жөндеу процестерін өлшеу әдістерімен және құралдарымен қамтамасыз ету. Метрологиялық сараптама бұйымдарды әзірлеу, жасау, пайдалану мен жөндеу процесінде бұйымдарды бақылау кезінде тиімділікті қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.

Метрологиялық сараптаманың негізгі міндеттері:

  1. Өлшенетін параметрлердің оңтайлы номенклатурасын анықтау.
  2. Бұйымның конструкцияларының бақылауға жарамдылығын бағалау. Өлшеудің дәлдік көрсеткіштерінің бақылау мен өзара алмастырымдылықтың тиімділігі мен дұрыстығының талаптарына сәйкестігін анықтау.
  3. Өлшеудің дәлдік көрсеткіштерінің технологиялық процестердің оңтайлы режимдерін қамтамасыз ету талаптарына сәйкестігін анықтау.
  4. Өлшеудің дәлдігін сақтай отырып өлшеу операцияларын арзандату мен еңбек сыйымдылығын азайтудың, автоматтандыру әдістерін қолданудың мүмкіндігін анықтау.
  5. Өлшеу кезінде компьютерді пайдалану мүмкіндігін анықтау. Сараптама нәтижелері Мемстандарт 3.114-81 бойынша ресімделеді.

#Өндірісті #метрологиялық #қамтамасыз #ету

Рақмет ретінде жарнаманы баса кетіңіз

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз