Өндірісті экологияландыру және оның технологиялары

0
369

Енді төменде қарастырылатын кәсіпорындардың қайсысын алсақ та олардың өндірістік үдерісте шығаратын тасталымдары мен қалдықтары бар, ал олар болған жерде қоршаған ортаны ластау міндетті түрде орын алады. Сондықтан қоршаған ортаға түсетін экологиялық ауыртпалықты азайту үшін өнеркәсіп орындарын және онда жүретін үдерістерді экологияландыру қажет.

2003 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «2004-2015 жылдарға Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамаларына» қол қойды, онда республикада орын алған экологиялық жағдайды сауықтыру шаралары анықталған.

Негізгі бағыт. 60-жылдардан бастап экологиялық жағдай мен экологиялық талаптардың артуы (негізінен экономика және заңдылықтар арқылы) өнеркәсіп өндірісінде, энергетикада, транспорттағы шаруашылықты басқаруда табиғатты сақтау және ортаны қорғау функциясын күшейту бағытында әр елде бірқатар өзгерістер әкелді. Бұрынғы жоюға немесе екіншілей өңдеуге келмеген қалдықтарға деген бейқам және ретсіз көңіл бөлу, оларды жинақтау мен көмуге. арнаулы полигондар мен қоймалар ұйымдастырумен алмасты. Көп жағдайда бұл қызмет стихиялық сипат алды және тек қауіпті ластаушыларды ғана жасыруға тырысумен байланысты болды. Мысал ретінде домпинг — теңіздерде химиялық және радиоактивтік қалдықтарды ыдыстарда немесе жай «ақтара салып» «батыру» бола алады.

Салыстырмалы түрде табиғатты қорғаудың экологиялық-экономикалық аспектісі жақын арада ғана қалыптаса бастады және оның пайда болуы мен дамуына себеп — ғылыми-техникалық революция мен өндірістің қарқынды өсуі. Бастапқыда табиғатты қорғау негізінен «тірі табиғатты қорғау» мақсатын көздеген ілімнің биологиялық саласы ретінде дамыды. Адамдардардың қайта құру қызметінің масштабы өлшеусіз өскен ғылыми-техникалық революция кезеңінде табиғат тепе-теңдігінің өзгеруі халық шаруашылығында байқала бастады (экологиялық факторларды есепке жеткіліксіз алу салдарынан) және табиғатты қорғау айтарлықтай үлкен экономикалық мән алды. Экономика дамуының қазіргі қарқыны табиғи ресурстарды шектеуді асқындырды, соған байланысты экономикада экологиялық талаптарды есепке алу қажеттігі туындады. Бұл жерде экономикалық дамудың ішінара қарама-қайшылығы барын атап өту керек: бір жағынан ол айрықша экологиялық проблемалар қатарын туындатса, екіншіден — сол экономикалық дамудың негізі — осы қайшылықтарды жоюға бағытталған. Осы қайшылықтардың табиғатын ашу — екі жүйе: қоғамдық өндіріс пен қоршаған ортаның байланысын түсіну. Бұнда «экономика-орта» жүйесінде қоршаған орта алдында экономиканы немесе экономика алдында қоршаған ортаны алға тартуға болмайтынын есте сақтау керек. Бұнда өндірудің дамыған жоғары қарқыны, экономикалық өсу және халық тұрмысының жоғарылауы тұтасынан ортаны сақтауды ғана емес, сол сияқты оның жеке компоненттерін үздіксіз жақсарту және дамытуды қамтамасыз ететін әрекетті қажет етеді. Өнеркәсіп өндірістерін экологияландыру мына бағыттарда дамуы керек:

1) технологиялық үдерістерді жетілдіру және зиянды қоспалар мен қалдықтардың қоршаған ортаға шығарылу дәрежесін азайтатын жаңа жабдықтар жасау;

2) өндіріс пен өнеркәсіп өнімдерінің барлық түріне экологиялық сараптаманы кеңінен енгізу;

3) улы және жойылмайтын қалдықтарды улы емес және жойылатындармен алмастыру;

4) қоршаған ортаны қорғауда қосымша құралдар мен әдістерді кеңінен қолдану.

Сонымен, ресурстарды үнемді пайдалану және қоршаған ортаның сапасын қамтамасыз ету, ғылымның әр түрлі салалары мен техника салаларының мамандары шешетін ортақ мәселе.

Инженерлік-экологиялық шаралар өндірістің жұмыс барысында табиғи ресурстарды үнемді пайдалану және қорғауды қамтамасыз ететін табиғи-өнеркәсіптік жүйе құруды ұйымдастырады. Инженерлі-экологиялық шараларға 3 топтың шаралары кіреді: инженерлік, экологиялық және ұйымдастырушылық.

Инженерлік шаралар қоршаған ортаға кәсіпорынның жағымсыз әсерін болдырмау немесе жұмсарту мақсатында өндірістік үдерістерді жетілдіру және қолданылатын жаңа технологиялық үдерістер, машиналар, тетіктер мен материалдар жасау.

Экологиялық шаралар табиғи ортаның өздігінен тазалануын (ластанғанда) немесе өздігінен қалпына келуін (тепе-теңдік бұзылғанда) қамтамасыз етеді. Экологиялық шаралар абиотикалық және биотикалық болуы мүмкін.

Абиотикалық шаралар топтамасы зиянды антропогендік әсер қаупін төмендетіп, оның салдарын азайтатын немесе жоятын, биосфераның барлық құрамында жүретін табиғи, физикалық және химиялық үдерістерді пайдалануға негізделген.

Биотикалық шаралар өндірістің әсер ету зонасында экологиялық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін тірі ағзаларды пайдалануға негізделген. Олардың қатарына биологиялық рекультивация мен сарқынды суды тазалау, ластаушы заттарды бөлуге және өңдеуге қабілетті топырақтың ластануын арнайы өсімдіктер немесе микроағзалардың көмегімен жою.

Ұйымдастыру шаралары бұрын немесе жаңа құрылған табиғи-өнеркәсіп жүйесінің басқаруына, құрылымы мен жұмыс істеуіне байланысты жоспарлы және шұғыл болып бөлінеді.

Жоспарлы шаралар ірі табиғи-өнеркәсіп жүйесінің өнім бермейтін құрылымдық өндірісінің дамуын есепке ала отырып болашаққа арналған. Олардың қатарына атмосфераны ластаушы басқа көздерді есепке ала отырып жаңа өндірістің өзара орналасу орнын таңдау; зиянды әсері жоғары кәсіпорындарды қалалар мен кенттерден көшіру; қалдықтар үшін шұңқырлар мен үйінділерге орын таңдау. Әсерлі өнеркәсіп және басқа әсер ету зоналарынан өңдеу территорияларын, мәдени нысандардың орнын ауыстыру; транспорттың қозғалыс режимі мен жолын өзгерту, санитарлық-қорғаныс зоналарын құру.

Шұғыл шаралар топтамасына табиғи ортада немесе өнеркәсіпте туындаған төтенше жағдайда қолданылатын шаралар жатады.

Төтенше жағдай әдетте өндірісте апат болған жағдайда жүреді (қопарылыс, өрт, құбыр жарылғанда) және қоршаған ортаны ластаушы шығарылымдар мен тасталымдар дүркін-дүркін болады.

Бұл ұстанымды бағыт материалдық ресурс цикліне және табиғи тұйық циклді үдерістерге негізделген.

Қоршаған ортамен әрекеттесудің барлық түрі толық ескеріліп және кері салдарды болдырмау шаралары белгіленетін технологиялық үрдестерді экологияландырылған деп атайды.

Қазіргі өндірістің техникалық-технологиялық базасы өндіріс кәсіпорындарында ауа мен суды терең тазалауға мүмкіндік бермейді, өйткені бүл шаралар өте қымбат. Негізінде қалдықсыз өндіріс құруға болатын жаңа технологиялық үдерістерді жасау тек қана жоғары экономикалық көрсеткіштермен ғана емес, сонымен бірге табиғи ресурстарды кешенді түрде пайдалануды қамтамасыз етеді. Бірақ техникалық және экономикалық себептерге байланысты қалдықсыз технологияны бірден іске қосу мүмкін емес. Технологияны экологияландырудың ең іске асатын жолы — бұл біртіндеп алдымен қалдығы аз, ал содан қалдықсыз тұйық тізбекке көшу. Осы жағдайда ғана табиғатты үнемді пайдалануға және қоршаған ортаны қорғауға болады. «Толығымен қалдықсыз технология» деген түсінік шартты, өйткені бірде-бір өндіріс қалдықсыз болмайды. Тіпті табиғи айналым үдерісінің өзі қалдық түзумен жүреді. Аз қалдықты жэне қалдықсыз технологиялық үдерістер мен жүйелер табиғатта жүретін табиғи үдерістердің жүруін бұзбай жұмыс жасауы керек,

Аз қалдықты және ресурсты үнемдейтін технологияны құруда мынадай ұсыныстар жасалады:

1) барлық өндірістік үдерістерде технологиялық кезеңдер саны аз болуы керек, өйткені олардың әрқайсында қалдық түзіледі және шикізат жоғалады;

2) шикізат пен энергияны тиімді пайдалану үшін технологиялық үдерістер үздіксіз болуы керек;

3) максималды пайдалану коэффициенті мен оңың аз ысырабына сэйкес келетін технологиялық құралдардың қуаты оңтайлы болуы керек;

4) жаңа технологиялық жабдықтарды жасағанда зиянды заттарды аз шығаратын, технологиялық үдерістермен қамтамасыз ететін техника негізіндегі автоматикалық жүйелерді кеңінен пайдалануды қарастыру керек;

5) әр түрлі технологиялық үдерістерде бөлінетін жылу пайдаға асуы керек. Мұның өзі энергия ресурстарын, шикізатты үнемдемдейді және ортаға түсетін жылулық ауыртпалықты төмендетеді.

Осы жалпы ұсыныстарды есепке ала отырып, қоршаған ортаға ауыртпалығын түсіретін өнеркәсіптің барлық салалары үшін аз қалдықты технологияны жетілдірудің негізгі бағыттарын анықтауға болады. Энергетикада қатты отынды жағудың жаңа әдістерін кеңінен қолдану қажет, мысалы, бөлінетін газдар құрамындағы зиянды заттар мөлшерінің төмендеуіне мүмкіндік беретін қайнау қабатында, еол сияқты зиянды заттарды аз бөлетін жабдық — оттықтарды жағу; бұл газдарды шаң мен азот, күкірт тотықтарынан тазалайтын тиімді жүйелер жасау; энергияның экологиялық таза көздері — термалды су, Күн энергиясын, желді, суды пайдалану.

Одан прогрессивті бағыт — тасталымдарды және сарқындыларды ластау шылардан тазалау — еәйкес технологияның жетілуіне қарай біртіндеп қалдықтарды қайтарымды шикізат, пайдалы материал түрінде бөліп алуға көшу. Қайта ұқсату циклі қайтарымды шикізатты әр түрлі бұйымдар өндіруге, органикалық қалдықтарды жағып пайдалы энергия алуға, тұрмыстық қалдықты компостқа өңдеуге, биогаз алуға, биотехнологиямен қамтамасыз ету және т.б. қатыстырады. Әр түрлі өндірістерді аз қалдықты циклге қайта бағыттау жетілдірілген тазалау және ортаны қорғау жабдықтарын, «экологияландырылған» техникалар, тұрмыстық қалдықты қайта өңдейтін агрегаттар мен кәсіпкершіліктер құруға негізделген. Бірқатар дамыған елдерде «экологиялық өнеркәсіп» озық өндірістер болып табылады, жұмыспен қамтамасыз ету елеулі кеңиді және едәуір табыс әкеледі. Экологиялық талаптар экономикалық ықыласқа қарсы болмайтын жағдай туындағанда, қаржы табысына қоршаған орта жағдайының нашарлау есебінен емес, экологиялық мәселелерді шешудің арқасында жетуге болады. Басқа сөзбен айтқанда, өндірісте экологиялық құрылымдау жүреді. Өнеркәсіпті экологияландыру түсінігін экономиканы экологияландыру деп қарастыруға болады. Экономиканы экологияландыру өндірістің табиғат қажеттілігін азайту және заттар мен энергия алмасуының биосфералық үдерістеріне экономиканың әеерін азайту арқылы тұрақты экологиялық қауіпсіз табиғат пайдалануды қамтамасыз етуде және ресурстық-экологиялық тепе-теңдікті сақтауда болып табылады.

Экономиканы экологияландыруды жүзеге асыру үшін ресурс үнемдейтін технологияларды дамыту және экологиялық «лас» өндірістің үлесін азайту қажет. Табиғатты пайдаланудың, мемлекеттік экологиялық бақылаудың, экологиялық мониторингтің және статистиканың табиғатты пайдаланудың және экологиялық сараптамасын рұқсат ету жүйесін оңтайландырудың экономикалық тетіктерін жетілдіру керек. Барлық әзірленетін мемлекеттік, өңірлік және салалық бағдарламаларға экологиялық шарттар мен талаптарды енгізу қажет.

Өнеркәсіп өндірісін экологияландыру — оның бір уақытта табиғатты пайдаланудың тиімділігін арттыру және табиғаттың теріс әсерлерін болдырмау. Ол ресурс сыйымдылығы мен өндіріс үдерісінің қалдығын төмендете отырып, ақырғы тұтыныс өнімінің үлесін арттыруға бағытталған қоғамдық өндірістің прогрессивті құрылымын қалыптастырады. Табиғат сыйымдылығын азайтатын бірнеше ұстанымдық бағыттар бар, ал ол бағыттардың әрқайсысы жеке тек жергілікті мәселені ғана шеше алады. Олар туралы әр өндіріс орындарын экологияландыруда талданылады. Өндірісте табиғатты пайдалануды төмендету үшін тұтасынан бұл әдістерді біріктіру керек. Бұлардың арасынан ең басты орынды технологиялық қайта қарулаңдыру, аз қалдықты технологияны енгізу, экологияландыру мэселелерін экономикалық және техникалық бақылау болып табылады.

Осы бағыттардың әрқайсысы жеке алғанда тек жергілікті мәселелерді шешуге ғана жарамды. Өндірістің табиғат сыйымдылығын азайту үшін осы барлық тәсілдерді толығымен қолдану қажет. Осылардың арасынан орталық орынды технологиялық қаруландыру, аз қалдықты технологияны енгізуді экологияландыру, экономикалық және техникалық бақылау мәселелері алады.

Экология тұрғысынан өнеркәсіп үдерістерінің моделі. Кез келген өндіріс үдерісі сыртқы ортамен байланысқан жүйеден тұрады. Мұндай өндірістік жүйе қоршаған ортадан алғашқы шикізатты, материалдарды, энергияны алады, ал оған дайын өнімдер мен әр түрлі қалдықтарды береді. Жүйе сырттан келген (электр, күн және т.б.) немесе физикалық-химиялық үдеріс есебінен іште пайда болған энергия ағысының нәтижесінде жұмыс жасайды.

Қолданылған әдебиеттер: Рыскиева Г.Ә., — Алматы: Өнеркәсіп экологиясы, 2011. -262 бет.