омонимдер туралы түсінік беру

0
Сабақтың тақырыбы: Омоноимдер
Сабақтың мақсаты: а) омонимдер туралы түсінік беру, осы ұғымға тән ерекшелікті қамту;
ә) омонимдер мен көп мағыналы сөздерді бір — бірінен ажырата білуге, олардың мәнін дұрыс ұғынуға баулу;
б) ана тіліне деген сүйіспеншілікті арттыру, ұлттық қадір — қасиетті тануға баулу, келтірілген мысалдар арқылы елін, жерін, туған тілін сүйе білуге тәрбиелеу;
Сабақтың әдіс — тәсілдері: сұрақ – жауап, топпен жұмыс, топтастыру, ізденушілік, саралап — деңгейлеп оқыту.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, Абай портреті, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасу. Сыныптың, тақтаның тазалығын тексеру. Оқушылардың назарларын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1. Лексика нені зерттейді?
2. Көп мағыналы сөздер дегеніміз не?
3. Көп мағыналы сөздер қалай жасалады?
4. Құлақ, бас, көз, түп, кілт сөздерін кестеге салып, бастапқы және ауыспалы мағыналарын тауып толтыру. Кез келген бір сөзге сөйлем құрастыру.
Көп мағынаға ие болды сөзіміз,
Мысалдармен жетті оған көзіміз.
Сөз сырына саяхаттап жүрейік,
Биіктерге шығу үшін өзіміз.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы — «Омонимдер». Омонимдер біркелкі дыбысталып айтылатын, бірақ мағынасы басқа — басқа сөздердің тобын білдіреді. Сыртқы формасы жағынан, яғни біркелкі дыбысталуы жағынан омонимдер көп мағыналы сөздерге ұ сас болып келеді.

Тақтада жазылған сөздердің арасында қандай ұқсастық немесе ерекшелікті көріп тұрсыңдар?.. Ал енді бұл сөйлемдердегі жүз сөздері қандай сұрақтарға жауап беріп тұр?
1. Құрманғазы бір күйден соң бір күйді төгілтіп отыр.
2. Күйдің құдіретіне сиқырланған ел – жұрт жым – жырт болып, тамаша күйге бөленді.
3. — Қоя берші қолымды, қоя бер, қолым күйді.
4. Құрманғазы жас қыздан мұны күтпеген еді.
5. Биыл Абайдың жасы он үшке толған еді.
6. Боздаған ботасына зар илеген,
Екі көз жасты өзендей сорғалатып.
Сонымен «Омонимдер» дегеніміз дыбысталуы бірдей, бірақ мағыналары әр басқа сөздер екен. Енді осы ережені топтастыру түрінде көрейік.
Бір немесе бірнеше Айтылуы бірдей
сөз табы

Мағыналары әр түрлі Жазылуы бірдей
Айта кететін жайт: кей оқушылар көп мағыналы сөздер мен омонимдерді шатастырады. Сол үшін ұқсастығы мен айырмашылығын Венн диаграммасы арқылы көрсетіп көрелік. Омонимдер мен көп мағыналы сөздердің айырмашылығы олардың білдіретін мағынасынан көрінеді. Көп мағыналы сөздер бір негізден тарағандықтан, мағыналары жағынан өзара жақын, ұқсас болып, олар бір ғана сөз табына жатады. Ал омонимдер мағыналары жағынан бір — бірнен соншалықты алшақ болады да, кейде бір сөз табына, кейде әр басқа сөз табына да қатысты болып, дараланып тұрады.

Тілімізде көптеген омонимдер сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалады. Түбір сөзге жұрнақтар қосылуы нәтижесінде пайда болған омонимдер туынды омонимдер делінеді. Мысалы: Арық: 1) зат — су ағызу үшін арнайы қазылған шағын су жолы. Ол егінін арықтан суарады екен; 2) сын — семіз емес, еті қашқан, жүдеу. Арық, құп — қу балалардың беттерінде аштық табы бар.
Жаттығу жұмысы.
62 — жаттығу. (Тақтамен жұмыс)
Балалар бірінен соң бірі осы тыйым сөздерді оқып шығады. Балалар өз тарапынан осы тыйым сөздерге қатысты естіген, білгендерін айтады. Жаттығудан омоним сөздерді табу керек.
Тамақты асығып ішпе. Ас қайырмай дастархан басынан тұрма.
63 — жаттығу. Мәтіндегі кейіпкерлерге мінездеме беру. Үлгіге қарап мәтіннен омонимдерді тауып, тіркес құрап жаз.

Деңгейлік тапсырмалар.
1 — тапсырма.
1 — қатар: “айт” сөзіне
2 — қатар: “ат” сөзіне
3 – қатар: “бөле” сөзіне омоним болатын бірнеше сөйлем құраңдар.
Айт — 1) Айт мерекесі мүбәрәк болсын! 2) Ержан бүгін сабақ айтты.
Қара — 1) Менің қара қозым бар. 2) Тақтаға зер салып қара.
Бөле — 1) Анамның апасының баласы маған бөле болады. 2) Жаңа туған нәрестені анасы бесікке бөледі.

2 — тапсырма.
Омонимдерді тауып, олардың мағынасын түсіндіру. Мысалы: Жаз — 1) Мәтінді көшіріп жазу( жазу — етістік, көшіріп жазу дене мағынада) 2) Жапырақ кетті, жаз кетті. (жаз — зат есім, жыл мезгілі деген мағынада)
Бүгін кеште ауылда,
Қызықты бір кеш болды.
Аяғымен су кешіп,
Айыбымды кеш деді. (кеш)

3 — тапсырма.
1 — қатар: “ақ”
2 — қатар: “қара”
3 — қатар: “жақ” сөздерінің омонимдерін табу.
Жасырынған сөзді тауып, омоним сөздерінің мағынасын ашып жаз.
1…. ұзын, ақылы қысқа. (Шашы — зат есім, адамның басына өсетін түк деген мағынада)
2. Арман құстарға жем…. (шаш — етістік, жем шашу деген мағынада)
3. Арсен… тыңғылықты дайындалды.(сабаққа — зат есім, мектептегі оқытылатын сабақ деген мағынада)
4. Оқушылар мұғалімдерімен бірге гүлдің… мен тамырын микроскоппен қарады. (сабағы — зат есім, өсімдіктің құрылысы)
5. Айгүл тәтті ұйқыда жатып,… көрді.(түс — зат есім, ұйықтап жатқанда көретін көрініс деген мағынада)
6…. гүлге қонды.(ара — зат есім, гүлден бал жинайтын жәндік мағынасында)
7…. – еңбек құралы.(ара — ағаш кесетін құрал — сайман деген мағынада)
8. Шешеннің сөзі ортақ,
Шебердің… ортақ.(қолы — зат есім, ұстаның жасаған бұйымдарының барлығы халыққа арналған деген мағынада)
10. Шешен жігіт сөз бастар,
Батыр жігіт… бастар.(қол — зат есім, жауға шапқанда жол бастап жүруші деген мағынада)
Сергіту.
Төменде сурет тапсырма(адамның суреті) берілген.
Адамның кейбір дене мүшелерінің атауы омонимдік мағына береді. Ойлан, тап.

Сабақты бекіту.
«Менің жанұям» тақырыбында шағын мәтін құрастыру.( Құрастырған сөйлемдеріңде омоним болуы керек.)
Қорытынды.
Білімдерін бағалау.
Үй тапсырмасы 64 — жаттығу.

Дереккөз: http://bilimsite.kz/