омонимдер сабақ жоспары, қазақ тілі

0
Тақырыбы: Омонимдер
Сабақтың мақсаты:
— білімділік: Мысалдар беріп талдату арқылы белгілеріне қарай топтастырып, омонимдердің анықтамасын оқушылардың өздеріне қорытып шығарту;
— тәрбиелік: Оқушыларды қазақтың сөз өнерін меңгертуге, сауатты сөйлеуге, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу;
— дамытушылық: Бірлесіп жұмыс істеу дағдысын дамыту, өз пікірін еркін жеткізе білуге төселдіру, шығармашылыққа баулу, логикалық ойлауын дамыту.
Түрі: Дәстүрден тыс
Әдісі: сайыс, сұрақ — жауап, интерактивті.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: Әдебиет
Көрнекілігі: слайдтар, үлестірмелі қима қағаздар, оқулық, тақта, бор

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) сәлемдесу, түгелдеу.
ә) сабаққа назар аударту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
І қатарға – 57 — жаттығу;
ІІ қатарға – 60 — жаттығу;
ІІІ қатарға – 61 — жаттығу.

57 — жаттығу
Кең – кең бөлме, кең көңіл, кең көйлек
Көз – иненің көзі, адамның көзі, білімнің көзі
Бас – басына тиді, таудың басы, әңгіменің басы
Тас – тас бауыр, тас жүрек, тас шөгінді
Жас – жас бала, жас жүрек, жас шыбық

60 — жаттығу
Салмақты, әрекет, қарулы сөздерінің біреуін таңдап, сол бойынша шағын мәтін құрау. Мәтінде көп мағыналы сөздер болуын ескеру.

Салмақты мінез
Менің атам — өте салмақты адам. Жер қозғалса да қозғалмайтын мінезі ауылдастары арасында аңызға айналған. Көл бетінде жүзген аққуларды көргенде ғана бірде бетінен (жүзінен) ерекше бір тебіреніс көргендей болдым. Атам қатты қуанғандай болды.
61 — жаттығу
Төмендегі сөздерді пайдаланып, тура мағына мен ауыспалы мағынада қолданылатын бірнеше сөйлем құрап жазыңдар.
Жел, суық, жылы, өткір, кілт.
1. Суық күндер алыс емес. (тура)
Суық сөз бойыңды жазғызбайды. (ауыспалы)
2. Қолындағы өткір пышақпен алманың қабығын тез — тез аршыды. (тура)
Өткір жігіт ешкімнен қаймықпайды. (ауыспалы)
3. Жылы жел соғып тұр. (тура)
Жолдасы оған жылы сөздер айтты. (ауыспалы)
4. Кілтсіз құлыпты ашуға болмас. (тура)
Білімнің кілті – кітапта. (ауыспалы)

ІІІ. Бекіту сұрақтары:
1. Лексика дегеніміз не? (белгілі бір тілдегі сөздердің жиынтығы)
2. Сөз мағынасы деген не? (белгілі бір ұғымға берілген атау)
3. Мағынасы толық емес сөздер деген не? (жеке тұрғанда мағынаға ие болмайтын, тек бір сөзге тіркесу арқылы ғана толық мағынаға ие болатын сөздер)
4. Сөздердің тура мағынасы дегеніміз не? (сөздің негізгі, бастапқы мағынасы)
5. Сөздердің ауыспалы мағынасы дегеніміз не? (сөздің келтірінді мағынасы, балама мағына)
6. Көп мағыналы сөздердің анықтамасын айт. (сөздердің бірнеше мағынаға ие болуы)
ІҮ. Жаңа сабақ
Берілетін сөздер: ҚАРА, БАС, ШАШ, ЖҮЗ, ЖАС
Сөз тіркестерін жасау арқылы сөздерге түрлі мағына беру
Мысалы:
ҚАРА – маған қара (етістік), қара қалам (зат есім)
БАС – аяғыңды бас (етістік), адамның басы (зат есім)
ШАШ – ағарған шаш (зат есім), су шашу (етістік)
ЖҮЗ – суда жүз (етістік), сұлу жүз (зат есім), жүз ән (сан есім)
ЖАС – көзден аққан жас (зат есім), Даниярдан гөрі жас (зат есім)

Туындайтын анықтама:

Біркелкі дыбысталып айтылатын (жазылуы бірдей), бірақ мағыналары басқа — басқа болып келетін сөздердің тобын омонимдер деп атаймыз.

Омонимдердің көбісі сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған. Осыған байланысты омонимдер туынды омонимдер және түбір омонимдер болып бөлінеді.
Мысалы: АЙТЫС (сөзбен талас, пікірталас түрі), АРЫҚ (су жүретін, жүдеу), АТЫС (соғыс, қырқысу, соғысу)

Перфокартамен жұмыс
Омонимдердің қай сөз табына жататынын табу

Омонимдер
Зат есім Сын есім Сан есім Етістік
Жақ + +
Оқтау + +
Арық + +
Жүз + + +
Алма + +
Шаш + +
Жас + +
Үй + +
Қой + +

Ү. Сабақты бекіту (Жаттығу жұмыстары)
62 — жаттығу (тақтамен жұмыс, астын сызу)
1) Тыйым сөздердің мағынасын ашу
2) Омонимдік мағына беретін сөздерді табу
3) «Әдептілік» сөзіне топтастыру жасау
Адамды санама. Тамақты асығып ішпе. Ас қайырмай дастархан басынан тұрма. Ауруға күлме. Бас киімді айналдырып киме. Бір қолмен нан үзбе.
(Әдептілік) Үлкенді сыйлау, қарсы сөйлемеу, орынсыз күлмеу т. б.
63 — жаттығу
1) Оқып, кейіпкерлерге мінездеме беру
2) Омоним болатын сөздерді тауып, сөйлем құрау
Ара. Әсеттің қолын ара шақты. Атам араның жүзін қайрады. Бұл арада айтылатын сөз емес.
64 — жаттығу
1) Әңгімені мәнерлеп оқу
2) Жас, оң, көз, үй сөздеріне сөйлем құрап, омонимдік мағынасын көрсету
Жас бала. Көз жасы.
Оң қол. Оң іс.
Қара көз. Бұлақ көзі.
Үлкен үй. Құмды үй.

Сергіту сәті («Жасырын сөздерді тап»)
Берілген суреттер бойынша көп нүктенің орнына тиісті омоним болатын сөздерді қойып айту керек. Керекті сөздер: ШАШ, САБАҚ, ТҮС, ҮЙ, АРА, ҚОЛ,

Қорытындылау.
ВЕНН диаграммасы
Омоним сөздердің ерекшеліктерін атап өтейік…
1) Сөздердің дыбысталуы біркелкі болуы тиіс;
2) Сөздердің мағыналары басқа — басқа болуы шарт;
3) Әртүрлі сөз таптарына жата береді.

ҮІ. Үйге тапсырма:
Ережелерді қайталау, жаттау
64 — жаттығу (Мазмұндау)
65 — жаттығу
28 — 29 беттерді оқу
ҮІІ. Оқушыларды бағалау. (Фишкалар арқылы)

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы,
А. Жанпейісов атындағы №105 орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Әлмұратова Салтанат Қанайқызы

Дереккөз: http://bilimsite.kz/