Өмірді сақтайтын бағдаршам балабақшадағы тәрбие сағаты

0

Өмірді сақтайтын бағдаршам

 

Бекітемін:
Күні:10.02.16ж
Тақырыбы: «Өмірді сақтайтын бағдаршам!»
Мақсаты: Балаларды жолда жүру ережесімен және бағдаршамның қызметімен таныстыру. Жолда жүру ережесімен таныстыра отырып, бағдаршам сигналдарын меңгерту, көшеде дұрыс жүруге үйрету. Жол белгілерін айыра білу дағдысын қалыптастыру, көше жағдайындағы кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын, көшедегі мінез — құлығын, өзін — өзі ұстауын, жол ережесіне байланысты сана — сезімін дамыту. Балаларды мейірімділікке, зейінді болуға, өзін — өзі қорғай білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Жол макеті, жол белгілері, бағдаршам үлгісі, жаяу жүргіншілер жолы, ойыншық машиналар, кітаптар, буклеттер, жол жүру ережесінің белгілері, видео — көрсетілім.
әдісі: СТО әдісі, Блум таксоманиясы,ойын
I . Ұйымдастыру:
Психологиялық дайындық:
Біз әдепті баламыз,
Біз ерекше боламыз.
Қонақтарды көргенде,
Сәлеметсіздер ме?- деп
Амандасып аламыз.
Стол үстінде көліктер мен бағдаршамның суреттері оқушылар өз қалауларымен суреттерді таңдап алып екі топқа бөлінеді.
1-топ көліктер
2-топ-бағдаршам
 II. Сұрақ — жауап.
— Балалар, ата — анамыз қайда барады?
— Жұмысқа, базарға, көрші ауылға, басқа қалаға барады.
— Олар немен жүреді?
— Көліктер мен.
— Қандай көлік түрлерін білесіңдер?
— Жер үсті, ауа, су да жүретін көліктер.
— Жер үстінде қандай көліктер жүреді?
— жеңіл көлік, ауыр көлік, велосипед, поезд, трамвай, троллейбус, автобус. 
— Жолда жүргенде жол жүру ережелерін сақтайсыңдар ма?
— ия.
— Олай болса мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Үш көзді батыр,
Жолды аңдып жатыр.(бағдаршам)
III.Блум таксоманиясы:
1.Білу
Интербелсенді тақтадан « Бағдаршам» бейне фильмі  көрсетіледі.

2.Талдау
Сұрақтары қою  арқылы оқушыларды сөйлету

3. Қолдану
“Бағдаршам” ойынын ойнайық.
Жасыл көзі жанғанда – орнымыздан жүреміз,сары жанғанда – қол шапалақтаймыз,қызыл жанғанда –бір орында тұрып қаламыз
4. Сергіту сәті
5.Жинақтау
1 — бала. Кел, балалар ойнаңдар
Бағдаршамға қараңдар.
Жанған кезде көздерім,
Ережені бұзбаңдар.
2 — бала.
Үлкен біздің қаламыз
Есте сақтап аламыз.
Қызыл, жасыл, сары шам
Көшеде тұр бағдаршам.
IV. Ойын “Жүргізушілер мен жолаушылар”
Екі баланы жүргізуші етіп тағайындап,қызыл жанғанда негізгі жолмен жүріп,өтіп орындарына барады.
V. Қорытындылау Рефлексия: Бағдаршам әдісі
Кері байланыс
 Бағдаршам — біздің досымыз. Ол бізді жол апатынан құтқарады. Ол үшін біз жолда жүру ережелерін сақтауымыз қажет.
1 — бала: Жолдан өтерде тоқтап, жан жағыңа қарап ал.
2 — бала: Бағдаршамның жасыл түсі жанғанда ғана өт.
3 — бала: Жолға жақын ойнама! Бұл өте қауіпті.
4 — бала: Жаяу жүргіншілерге арналған жолдардан ғана өт.
5 — бала: Көліктен түскен соң артқы жағынан өту керек.
6. Жолда жүргенде бағдаршамға мұқият қараңдар.
7. Ата-аналарыңсыз жолға шықпаңдар.
8. Жолда доп ойнамаңдар. Жол апаты айтып келмейді.
Жол тәртібін сақтаймыз,
9.Ел үмітін ақтаймыз! — деп қорытындылау

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!