Өлшем бірліктері
Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
Өлшем бірліктері
Автор: Саримова Дарина Маратовна
Бағыты: Бастауыш сынып Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: 2 сынып
Жарияланған уақыты: 2019-01-11
Материал туралы қысқаша түсінік
Ұзындық (см, дм, м)/ масса (кг, ц)/ уақыт (сағ, мин, тәулік, ай, жыл) өлшем бірліктерін олардың арақатысына сүйеніп түрлендіру
Күні: 11.12.18ж | Мұғалімнің аты-жөні: Саримова Дарина Маратовна | |
СЫНЫП: 2 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар: |
Сабақ негізделген оқумақсаты (мақсаттары) | 2.1.3.4 — ұзындық (см, дм, м)/ масса (кг, ц)/ уақыт (сағ, мин, тәулік, ай, жыл) өлшем бірліктерін олардың арақатысына сүйеніп түрлендіру | |
Сабақтың мақсаттары | Барлық оқушылар:Уақыт өлшем бірліктерін( сағат,минут, ай, жыл) олардың арақатынасын негізінде ауыстырады, күнтізбе бойынша датаны есептеу, берілген күндер саны және берілген даталар арасындағы күндер саны арқылы күнтәзбе құра біледі. | |
Көпшілігі: Сағаттағы уақыт көрсеткішін оқиды және өздігінен секундқа дейін дәлдікпен сағатта уақытты белгілей алады. | ||
Кейбір оқушылар: Күнтізбелер мен сағаттардың сан алуан түрлерін біледі, әртүрлі сағат түрлері жұмысыныі қағидатын түсіндіреді. | ||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар орындай алады:Орындалатын амалдарды, ауызша есептеулерді түсіндіреді. | |
Сабақта диалог/ жазу үшін пайдаланатын сөйлемдер.Талқылау. –Күнтізбе жасау үшін қандай білім керек?
|
||
Жазу.Апта күндері, ай күндері, екі таңбалы сандар, шамалар.. | ||
Құндылықтарды дарыту. | Ұжымшылдыққа тәрбиелеу.Жауапкершілік, сыйластық, өзара түсіністік құндылықтарды қалыптастыру. | |
Бағалау критерийі | Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады. | |
Ресурстар | Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер. | |
Әдіс-тәсілдер | Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия. | |
Пәнаралық байланыс | Музыка, қазақ тілі,тарих. | |
Жоспарланғануақыт | Жоспарланған жаттығулар | Ресурстар |
5 минут
5 мин |
Психологиялық ахуал қалыптастыру: Топқа бөлу Жыл мезгіл атаулары бойынша оқушыларды 4 топқа бөлу.Қыс, көктем, жаз, күз.Ынталандыру.
Қызықты деректерСлайд бойынша әңгімелеу.Ой қозғау. Мына сурет нені білдіреді ? ( 1 жылда қанша ай бар екенін) Бүгінгі сабақта жыл, ай, апта ұғымдарымен танысамызСұрақ – жауап әдісі: Қазақ бағзы замандардан бері 12 жылды бір мүшел санап келген. Мүшел жылдар 12 түрлі хайуан атымен аталады. Бұлар төмендегідей: 1- жыл басы тышқан, 2- сиыр, 3-барыс, 4- қоян, 5- ұлу, 6- жылан, 7- жылқы, 8- қой, 9- мешін, 10- тауық, 11- ит, 12- доңыз. Аталған жылдардың жартысы үй хайуанаттары да, қалғаны — түз тағылары. Сонымен 12 жылдан кейін 13- жыл тышқаннан бастап, осы мерзім бір мүшел деп аталады. Мүшел жылдың басын қашанда 22- наурыздан санайтын болған. |
Жалаушалардың артындағы жыл мезгілдерінің суреттері бойынша топтарға бөлінеді. |
Ортасы 22 минут
10 мин |
Өзектендіру. Өзіндік жұмыс.Оқушылар дəптердегі 1-тапсырманы орындайды, астындакөрсетілген уақытқа сəйкес сағаттардың«тілдерінің»суретін салады.2-тапсырманы орындайды. Көрсетілген өлшем бірліктерімен өрнекте.
. |
|
Сергіту сәті 2 минут | Сергіту сәті Сағаттың тіліндей,Иіліп оңға бір.Сағаттың тіліндей,Иіліп солға бір.Оң аяқ, сол аяқ,Жаттығу оңай –ақ. | Видеожазбадағы би |
10 мин | Топпен жұмыс
I топ- №4(а) 47-бет II топ- №4(ә) 47-бетIII топ-№4(а) 47-бетIV топ-№4(ә) 47-бет |
|
Аяқталуы 8 минут | Қорытындылау
Қосымша тапсырмалар2 жылда неше ай өтеді?• «Жарты жыл сөзін естідіңдер ме? Бұл сөзді қалай түсінесіңдер?• Баласы 7 жаста. Әкесі ұлынан 25 жасқа үлкен. Әкесінің жасы нешеде?• Менің сіңілім 1 жас 5 айда. Сіңілім неше айлық?• Қазір қыс мезгілі, бірақ желтоқсан да, қаңтар да емес. Олай болса, қандай ай?• Әділ 6 жаста. Ол мектепке барып, онда 11 жыл оқиды. Әділ қанша жасында оқуды аяқтайды |
Үлестірмелі тапсырмалар. |
Үйге тапсырма: № 4,5 43-бет | ||
Саралау – Сіз қосымшакөмек көрсетуді қалайжоспарлайсыз? Сізқабілеті жоғарыоқушыларға тапсырманыкүрделендіруді қалайжоспарлайсыз? | Бағалау — | Пəнаралық байланысҚауіпсіздік жəне еңбектіқорғау ережелеріАКТ-мен байланысҚұндылықтардағыбайланыс |
Материалды сайттан тегін жүктеу
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.