Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Тойымсыз нәпсі тұрақсыз дүние)

0

Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Тойымсыз нәпсі тұрақсыз дүние) казакша Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Тойымсыз нәпсі тұрақсыз дүние) на казахском языке

Өлімнің хақ екенін көрсең де,
Өлместей омыраулап, шатасың.
Тозақтың барын біліп жүрсең де,
Күнәға, әлің келсе, батасың.

Сауап көп ғибадатта десең де,
Жалығып, жалқауланып жатасың.
Адалдың адал ризқын жесең де,
Арамды әдейі іздеп татасың.

Сыртыңды сыланасың өң беріп,
Ішіңнің түзетпейсің хатасын.
Айла мен алдағанды жөн көріп,
Адамды аң орнына атасың.

Жалғанның бір пайдасын көргенде,
Арланбай арыңды да сатасың.
Аллаһтың ақ өлімі келгенде,
Амалсыз қара тастай қатасың

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз