Өлең: Қадыр Мырза Али (Жақ) » ZHARAR

0
68

Өлең: Қадыр Мырза Али (Жақ) казакша Өлең: Қадыр Мырза Али (Жақ) на казахском языке

Әлі есімде:
Он үш-он төрт жастамын,
Шиден үшкір жебе жасай бастадым.
Жасыл талды иіп-иіп,
Екі ұшын
Тарамыспен тартып байлап тастадым.
Таң қалдырып өнеріммен көргенді,
Адырнасын керудейін кергем-ді.
Атқанымды дәл тигіздім,
Сөз бе екен
Қысық көзді далалыққа мергендік!
Ата жолын қуғандардың бірі едім,
Садағымды шіреудейін шіредім.
Бала кезден қалған әдет:
Әлі де
Бір нәрсені көздеймін де жүремін.
Қазір, міне,
Жер ортасы жастамын.
Енді сөзден жебе жона бастадым.
Сезімімді иіп-иіп, жүйкенің
Тамырымен тартып байлап тастадым.
Қай заманда әділеттің үні өшті?!
Қиянатқа баяғыдай әлі өшпін!
Менің жағым Одиссейдің жағындай —
Менен басқа тарта алмайды оны ешкім!
Қағып түсер қиядағы құсыңды
Сөздің күшін жаңа ғана түсіндім.
Оқырманым, өлеңімді бір жинақ
Бір қорамсақ жебе қылып ұсындым!

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Дереккөз: zharar.com