Home Білім Өлең: Қадыр Мырза Али (Тамаша)

Өлең: Қадыр Мырза Али (Тамаша)

0
106

Өлең: Қадыр Мырза Али (Тамаша) казакша Өлең: Қадыр Мырза Али (Тамаша) на казахском языке

Тамаша той-думанмен таң атырса
Сол кезде жаныңда әсем жан отырса
Тамаша жексенбі күн көл басында
Тұнықтан балық аулап бала отырса
Тамаша жексенбі күн көл басында
Тұнықтан балық аулап бала отырса

Тамаша тойлы ауылдың түнін көрсе
Түнде сол айдай сұлу теңін берсе
Тамаша достарыңмен дала кезіп
Торқалы туған жердің гүлін терсе
Тамаша достарыңмен дала кезіп
Торқалы туған жердің гүлін терсе

Тамаша қырдан қызыл түлкі ауласа
Түлкіге құмай қосып қиқулатса
Тамаша қаншығаңды қандап қайтса
Тамаша соның бәрі мүмкін болса
Тамаша қаншығаңды қандап қайтса
Тамаша соның бәрі мүмкін болса

Тамаша жүрегіңді қыстамаса
Таршылық жан-жағыңнан қыстамаса
Тамаша, тамаша емес бірақ та ол
Бір мезгіл кетпен-күрек ұстамаса
Тамаша, тамаша емес бірақ та ол
Бір мезгіл кетпен-күрек ұстамаса

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!