Өлең: Қадыр Мырза Али («Сүйікті» пән) » ZHARAR


Түртіп қалдым Майқанды,
Майқан маған қарады.
— Әй, сен осы қай пәнді
Сүйесің?— деп сұрадым.
— Білгендерге пән-мәннің
Барлығы да тәуір-ау!—
Деді Майқан,— Ал менің
Сүйер «пәнім»— қоңырау!
Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!
Дереккөз: zharar.com