Өлең: Қадыр Мырза Али (Шофер) » ZHARAR

0

Өлең: Қадыр Мырза Али (Шофер) казакша Өлең: Қадыр Мырза Али (Шофер) на казахском языке

Шофер жездем Ғаниды
Барлық бала таниды.
Сол көшіріп әкелген
Тың совхозға бар үйді.
Май-май болып білегі,
Бізбен ойнап күледі.
Машинаның тетігін
Бес саусақтай біледі.
Іссіз қарап тұрмайды,
Машинасын бұрайды.
— Балақай, сен қай жаққа
Бармақ ең?—деп сұрайды.
Сен мұндайда жасыма,
«Мен қырманның басына
Барам!»— десең болғаны,
— Отыр,— дейді,— қасыма!
Ешкімнен ол қалмайды,
Ешкімді алға салмайды.
Қара жолдың үстімен
Құйындатып самғайды.
Асықпайды, саспайды,
Әңгімесін бастайды.
Жол бермесе үйрек-қаз,
«Пе-пе-еп!»— дейді,
Баспайды.
Шалшықтан да өтеді,
Балшықтан да өтеді.
Алыстағы қырманға
Ә дегенше жетеді.
— Мотор жақсы істейді,—
Деп шылымын тістейді.—
Ағызып-ақ кеп қалдық,
Ал, балақай, түс!— дейді.
Менің жездем Ғаниды
Барлық бала таниды

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Дереккөз: zharar.com