Өлең: Қадыр Мырза Али (Шаштараз) » ZHARAR

0
14
Advertisement

Өлең: Қадыр Мырза Али (Шаштараз) казакша Өлең: Қадыр Мырза Али (Шаштараз) на казахском языке

Қап-қара боп кезінде
Шаш шықпайтын бастар аз.
Тазалықтың өзіндей
Керек бізге шаштараз.
Жабағы боп кетсе бас,
Онымен ол әсте араз.
Үй алдынан өтсе нас,
Шыдамайды шаштараз.
Алады да шашыңды,
Мұртың болса басады,
Шалқайта ұстап басыңды,
Иіс суын шашады.
Әрекетін ақырғы
Айнадан сен қарап ал.
Шашып болып әтірді,
Желпиді ақ орамал.
— Жақсы болсын әмәнда!—
Дейді ол,— Сыртың, ішің де!
Жақсы адамды жаман деп
Ойламасын ешкім де!

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Дереккөз: zharar.com

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз