Өлең: Қадыр Мырза Али (Қос балапан бір күшік) » ZHARAR

0
187

Өлең: Қадыр Мырза Али (Қос балапан бір күшік) казакша Өлең: Қадыр Мырза Али (Қос балапан бір күшік) на казахском языке

— Әрі момын, әрі үркек
Балапандар сары үрпек,
Менен босқа саспаңдар,
Қорықпаңдар,
Қашпаңдар!
Иттікті мен сүймеймін,
Әлсіздерге тимеймін!
Келіңіздер, ойналық,
Жаз қызығын тойлалық!
Аф! Аф!— деді Саққұлақ,
Келеді өзі шапқылап.
— Сенсек те біз сөзіңе,
Сене алмаймыз өзіңе!
Сенде айла да, күш те бар,
Тырнақ та бар, тіс те бар.
Төрт аяғың тағы бар,
Маңдайыңның бағы бар!—
Деп екеуі қашады,
Ауыздарын ашады.—
Көп тиіспе сен бізге,
Біздер саған теңбіз бе?!
Өзің мықты күшік пе ең,
Ойна одан да Мысықпен!

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Дереккөз: zharar.com