Өлең: Қадыр Мырза Али (Одағай) » ZHARAR

0
9
Advertisement

Өлең: Қадыр Мырза Али (Одағай) казакша Өлең: Қадыр Мырза Али (Одағай) на казахском языке

Мана сен трамвай ішінде
Бола қап ойланған пішінде,
Таяқты әжейді көрмедің,
Түрегеп орныңды бермедің,
Ұят-ай!
Тентек деп айтпайды ел текке,
Оқымай бардың да мектепке,
Есепті біреуден көшірдің,
«Екіні» дәптерден өшірдің,
Ұят-ай!
Сабақтан қайтарда тағы да
Кірісіп ойынның қамына,
Бұрымын жұлқылап көп қыздың,
Бостан-бос уақытты өткіздің,
Ұят-ай!
Ұятың қайда еді, бәтір-ай!
Бір күннің ішінде, япыр-ай,
Геройы боларлық мысқылдың
Қаншама одағай іс қылдың,
Ай-ай-ай!

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Дереккөз: zharar.com

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз