Өлең: Қадыр Мырза Али (Мен жасаған машина) » ZHARAR
Біле-білсең, өнерім
Басқалардан асады.
Жоқ демесең номері,
Жүк машина жасадым.
Тормоз, руль — бәрі бар,
Түп-түгел төрт дөңгелек.
Балдырған бар, кәрі бар
Көрді оны ентелеп.
Көп көз маған тесіліп,
Кірпіктерін қақпайды.
Өнерімді көпшілік
Керемет деп мақтайды.
Бірақ олар абайлап,
Кемшілігін көрмейді.
Ал машинам жіп байлап
Сүйремесе, жүрмейді!
Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!
Дереккөз: zharar.com